Қышқылдар
Қышқылдар – органикалық және бейорганикалық қышқылдар патогенді микробтардың вегетативті түрінде, кейде спораларға қарсы қолданылады. Қышқылдың дезинфекциялық негізінде электролиттік диссоциация жатыр: дезинфекциялық әсері ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясына байланысты.
Қышқылдар микроорганизмдерге әсер ету күші сулы қышқыл ерітінділер концентрациясына байланысты. Қышқылдар әсері негізінен ортаның рН жоғарылатады, бактериалды жасушаларды дегидратациялап, альбуминаттар құрайды да микроорганизмдерді жояды.
Бейорганикалық қышқылдарда органикалық қышқылдарға қарағанда дезинфекциялық қасиеті күштірек болады. Фторлы-сутектік, азоттық және үшхлорсірке қышқылдар – күшті бактерицидтті заттар, ал құмырсқа, фосфор, сірке және синил қышқылдар оған қарағанда әлсіздеу болады. Тұз және күкірт қышқылдары орташа бактерицидттік қасиеттерге ие. Ерітінділердің дезинфекциялық әсерінің күші ерітінді концентрациясына, оның температурасына, ортаның болуына байланысты қышқылдарды таза түрінде сирек қолданады, көбінесе оларды басқа залалсыздандырғыш заттармен бірге пайдаланады.
Қышқылдарды мал шаруашылық нысандарда да аз қолданады, себебі қымбат және құрал-жабдықтарды коррозияға ұшыратады. Көбінесе дезинфекциялаушы ретінде сүт және сірке үстіндегі қышқылдарды қолданады. Қышқылдарды сілтілермен бейтараптайды. Еске сақтау керек қағида қышқылды суға қосады, яғни араласу барысында жылу пайда болады. Тұз қышқылын тері-былғары шикізатын өндеуде және консерві зауыттарында қолданады.
Күкірт қышқылы - Түссіз майлы ерітінді, суда жақсы ериді. 5% ерітіндіні едендерді, азықоттықтарын, науаларды дезинфекциялауға қолданады. Ал күкірт қышқылмен бірге тазартылмаған карбол қышқылын (крезолды) жерді, еденді, су ағатын науаларды жануарларды тасымалдау нысандарын дезинфекциялау барысында қолданады. Сақтандыру шаралары: Егер ағаш немесе тканді материалдарға қышқыл тисе өрт шығуы мүмкін. Өртті тек құммен сөндіру керек. Қышқылдарды қоңырлау шынылы ыдыстарда сақтаған жөн.
Сірке үсті қышқылы (ацетон гидрототығы) - түссіз, сүйықтық, өткір иісі бар ерітінді, суда және органикалық ерітіндіде жақсы ериді. Жарылуы мүмкін, таза күйінде пайдаланбайды, тек судағы әр түрлі концентрацияда пайдаланады. Бұл препарат әлсіз және қышқыл әсерге ие. 10С дейін суытқанда ол кристалға (мұзды сірке қышқылына) айналады. Молекулярлық массасы 76,05; балқу температурасы 0,10С, қайнау температурасы 1050С. 30% сірке қышқылы теріні күйдіреді. 0,08% ерітіндіні ішек және тері шикізатын «аусыл ауруында» дезинфекциялаушы ретінде қолданады. Кеме, контейнерлерді, вагондарды және т.б. көліктік мемлекеттік ветеринарлық қадағалау нысандарын дезинфекциялау үшін пайдаланады.
Сүт қышқылы – оксиқышқылдарға жатады сироп тәрізді, түссіз сұйықтық, суда, спирте, эфирде жақсы ериді. Қайнау температурасы 1220С, балқу -180С, үлес салмағы 180С болғанда-1,2 бактериялардың көпшілігінің әсері әлсіретеді, жояды. Ветеринарлық тәжірибеде ауаны залалсыздандыру үшін құс ларинготрахеитінде қолданады. Сүт қышқылды аэрозольдер 10мг/1м3 бөлме ауасында ақ стафилакоккты жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |