Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет125/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   172
Байланысты:
index

Хлорлы әк - тұз қышқылының және хлорат қышқылы тұздарының қоспасы, ол гипохлориттан, хлоридтан және кальций гидрототығынан тұрады. Ақ түсті ұнтақ зат, өткір иісті, тығыздығы 0,65-0,9 г/м3. Зауыттан шыққан кездегі хлордың құрамы 30-38% болса, ұзақ уақыт немесе дұрыс сақталмағанда, ол 25% одан төменге дейін кемиді. Хлорлы әкті-жаңа сөндірілген әкті хлормен қанықтыру арқылы зауыттарда алады. Ауа, күн сәулесі, жылу мен ылғал, органикалық қоспалар (ағаш ұгінділері, көмір шаңы, майлар), каталитикалық әсердегі металдар болғанда жарылуы мүмкін.
27-Кесте. Хлорлы әк үшін МемСТ 1692-58 бойынша қойылатын талаптар.

Құрамы,%




Маркалар




А

Б

В

Белсенді хлор

35

35

32

Жалпы және
белсенді хлордың арасындағы айырмашылығы

2

2

4

Ылғалдылық, %

2

10

Нормасы жоқ

Сақтау

2

Нормасы жоқ

Нормасы жоқ

Осы аталған белсенді хлордың хлорлы әктегі мөлшері оны дайындағаннан кейін сол уақытта болады. Сақтау және тасымалдау процестерінде, көбінесе ережелерді бұзғанда, хлорлы әк тез ыдырайды. Ветеринарлық тәжірибеде дезинфекция үшін құрамында белсенді хлоры бар 25% хлорлы әк қолданады.
Хлорлы әкті сақтайтын бөлмелер жақсы желдетілуі тиіс, құрғақ, салқын болуы керек. Әрбір ыдыста сертификат, жасалған күйі, белсенді хлордың мөлшері жазылуы тиіс. Жанармаймен, өртқауіпті заттармен және жарылатын заттармен бірге тасымалдауға болмайды.
Хлорлы әк тек қана таза микроб культурасында емес, органикалық ортаға да өзін белсенді дезинфектант ретінде танытты. Микрооргнизмдердің көбі алғашқы 30-60 минут ішінде өледі. Құрғақ хлорлы әк әлсіз белсенді болады. Микробтарға қарсы әсері көбінесе ерітінді түрінде қолданғанда жақсы көрінеді, ол белсенді хлор концентрациясына байланысты. Вегетативті микроорганизмдер үшін спораларға қарағанда концентрациясы 2-3 есе аз болу керек.
Хлорлы әктің ерітіндіге әсер ету механизмі ортаның химиялық құрамына байланысты: қышқылды ортада HCL O+HCL=H2O+CL2; орташа және сілтілі ортада HCL O=HCL+O. Белсенді хлор және оттегі микроб жасушамен қосылғанда, оның функциялары бұзылады.
Тәжірибеде көлікті дезинфекциялық жұмыстардан өткізгенде хлорлы әкті ұнтақ және әлсіз ерітінді түрінде қолданылады.
Хлорлы әк ұнтағы әлсіз белсенді, бірақ ылғал болғанда белсенділігі жоғарылайды. 25% белсенді хлоры бар препарат түрінде қолданылады.
Құрамында әртүрлі белсенді хлоры бар ағарған хлорлы әк ерітіндісі жануар және жануартекті өнімдерді тасымалдағаннан кейін көліктерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Бұл ерітінділер қабырғаға жабысқан әртүрлі вирустар мен спораларды жояды. Хлорлы әктің ағарған ерітіндісін дезинфекция үшін пайдаланғанда, оның температурасы 250С-тан жоғары болмауы шарт.
Ағарған хлорлы әктің ерітіндісін дайындау үшін ағаштан жасалған ыдысқа суды ½-1/3 бөлікке дейін құйып қажет мөлшерде әкті қосып, жақсылап араластырып, суды белгілі көлемге дейін толтырады. Оны бір тәулікке дейін тұндырады, үстіңгі мөлдір сұйығын басқа ыдысқа құйып алады. Ерітінді қолдануға дайын. Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін, хлорлы әктің қажетті салмағын келесі өрнек арқылы есептейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет