Натрий және калий гипохлориті (NaOCl) – мөлдір ашық-жасыл хлор иісті сұйықтық, оны күйдіргіш натрдың сулы ерітіндісімен немесе қальцинирленген соданы, хлормен қанықтыру арқылы, я болмаса осы ерітінділерді түссіздендірілген хлор әгіне 1:3 қатынасымен қосу арқылы алады. Осы кезде алдын ала хлорлы әк пен кальцинирленген соданың салмағы анықталады. Хлорлы әкпен салыстырғанда, натрий гипохлориді дезинфекциялауымен қатар жуу әсерінде де болады.
Хлорлы әктің 100г 3 литр суда ерітіп, оған 200г кальцинирленген соданы қосады. Бұл қосылыс күшті дезинфекциялаушы қасиеттерге ие, бірақ тұрақты емес.
Калий гипохлоритті хлордың сілтісімен әрекеттескенде алады. Бұл ерітіндіні жавельді су деп аталады. Кальций гипохлориті сияқты қолданылады.
Тексанит - жуғыш-дезинфекциялық зат, препарат жасыл-сарғыш түсті, хлор иісті болады. Бұл препарат гипохлорит тобына кіреді, құрамында 14% белсенді хлоры бар. Судағы тексанит ерітінділері металды коррозияға ұшыртпайды. Тексанит жоғары бактерицидтті және вирулицидтті әсерге ие, нормаға сай концентрацияға токсикалық емес тұрақтылығы жоғары: 80С температурада белсенділігі 1 жылға дейін сақталады. Оны жануар және жануартекті өнімдерді тасымалдағаннан кейін көліктерді жуу үшін қолданады.
Үшхлоризоцианур қышқылы (C3O3N3Cl3) - ашық-сары хлор иісті ұнтақ, құрамында 86-91% хлор бар, суда нашар ериді. 92% дейін құрамында белсенді хлор бар. Суда нашар ериді – 0,5% дейін. Ерітінділер бактерицидтті және спороцидтті белсенділігімен ерекшеленеді.
Үшхлоризоцианур қышқылының 0,05-0,07% хлоры бар ерітінділер технологиялық қондырғыларды (цех, тоңазыту қондырғыларды, камераларды) алдын алу дезинфекциялаушы үшін қолдану ұсынылған.
Гипохлор – мөлдір, түссіз немесе ашық-жасыл сұйықтық. Оны сұйық, қатты күйдіргіш натрды, сулы ерітінділерін немесе кальцинирленген соданы газ тәріздес хлормен 2-10% концентрацияға дейін қанықтырып, кейіннен 1,5-2% дейін сұйық шыны (натрий метасиликаты, силикат желімі) қосу арқылы алады, соңғысының коррозиялық қасиетті 10-15 есеге азайту үшін қосады.
Гипохлор бактерицидтті, спороцидтті, фунгицидтті, вирулицидтті әсер етеді, сонымен қатар ағартқыш, дезодорациялық қабілетті бар. Дезинфекциялық белсенділігі бойынша гипохлор формалин, күйдіргіш натр, хлорлы әктен жоғары және белсенділігі асып түседі.
Ол аз уытты, ылғалды және аэрозольді дезинфекциялау үшін қолданылады. Сонымен қатар жақсы дезодорант. Оны мал, құс қораларын, ет-сүтөнеркәсіпті, кәсіпорындарын тасымалдау көліктерін дезинфекциялау үшін ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |