Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет129/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   172
Байланысты:
index

Кестеге түсінік беру: жоғарғы көлденең қатардағы 20-дан 32 дейінгі сандар құрғақ әктегі белсенді хлордың пайыздық мөлшерін көрсетеді. Сол жақтағы тізбегі 1-ден 27 дейін сандар 100л суға алынатын хлорлы әк мөлшері (г). Тігінен орналасқан қалған сандар белсенді хлордың керекті мөлшердегі пайызын көрсетеді.
Тотықтырғыштар
Сутегінің асқын тотығы - құрамында 33% пероксид сутек бар түссіз, мөлдір ерітінді. Иіссіз, су және атомарлы оттегіге бөлінеді. Олар микроб торшаларын химиялық заттарға тотықтырады да, олардың өлімін тудырады.
Препаратты бөлме температурасында сақтағанда оның кей бөлігі су және оттегіге ыдырайды – бір айдың ішінде сутегінің асқын тотығының концентрациясы 0,5-0,7% төмендейді. Пергидрольдің судағы ерітіндісі бактерицидтті (3%), вирулицидтті (3-4%) әсерін тигізеді. Бұл концентрациялар температура жоғарылаған сайын (40-500С) төмендейді. Сутегінің асқын тотығын көліктегі аэрозольді дезинфекциялау үшін қолданады. Алдын алу дезинфекциялау үшін 3-6% ерітінді керек. Сутегінің асқын тотығы барлық вегетативті түрдегі микроорганизмдерге (туберкулез таяқшасына ғана емес) бактерицидті әсерін көрсетеді.
Гидроперит-сутек асқын тотығымен (33%) мочевина қосындысы. Ақ кристалды ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Түймедақ түрінде 1 түймедақ 15 мл (1 ас қасық) 3% сутек асқын тотығына тең.
Бір хлорлы йодты алу үшін газ тәрізді хлорды кристалдағы йод арқылы өткізгенде алады.
Бір хлорлы йодты алдын ала дайындалған, механикалық тазартылған нысандарда дезинфекциялау үшін қолданады. Мұздатқыш камераларды зеңнен залалсыздандыру үшін 10% судағы препараттың ерітіндісін қолданады.
Калий перманганаты - қызыл күлгін түсті кристалды немесе металды жылтыр ұнтақ. Суда жақсы ериді және де спиртте, ацетонда 200С температурада күшті тотықтырғыш болып табылады.
Калий перманганаты күшті бактерицидті қасиетке ие. Сулы ерітінділерде органикалық заттармен қосылғанда бұзылып, оттегі шығарады және микробқа қарсы әсері жоғарыланады.
Препараттың 0,5-2% ерітінді концентрациясын ет сататын орындарын, ыдыстарды, үстелдерді залалсыздандыру үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет