Дезинфекциялық заттар. Дезинфекцияның мақсаты – тек патогенді микроорганизмдерді жою. Осымен дезинфекция залалсыздандырудан ажыратылады, стерилизация жүргізгенде, патогенді микроорганизмдермен бірге басқа да микроорганизмдер жойылады. Дезинфекциялық шараларды өткізгенде, инфекция қоздырғыштарының ерекшелігін, олардың тұрақтылығын білу қажет.
Заманауи химиялық дезинфектанттарға қойылатын негізгі критерийлері: бұл заттар жеткілікті дәрежеде бактерицидтті болу керек, кең спектрлі вирустарға, бактерийлерге, саңырауқұлақтарға, спора түзетін микробтарға тез әсер ету, өз белсенділігін ұзақ уақыт сақтау, залалсыздандырылатын беткейлерге кері әсерін тигізбеу, төменгі уытты, кумулятивтік әсерінің жоқтығы, жағымсыз иісі болмауы; суда жақсы еритіндігі, өзінің қасиеттерін кез-келген ортада жоғалтпауы тиіс, арзан болу керек.
Дезинфекциялық заттарды қолдану тиімділігі келесі факторларға байланысты: залалсыздандырылатын нысандардың ластану дәрежесіне, түріне; дезинфекциялық ерітінділердің концентрациясына, температурасына; дезпрепараттың шығынына; бактерицидттігіне және әсер ету уақытынпа; микробты жасушадағы липидттер мен балауыз тәріздес заттар мөлшеріне.
Көліктерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялағыш заттар химиялық және физикалық болып бөлінеді. Бүгінгі күні барлық дезинфекиялық заттар бірнеше негізгі әсер ететін заттарына сүйеніп шығарады, яғни бактерицидтті белсенділігі өте жоғары, мысалы, беткейлік белсенді заттар (соның ішінде төрт аммоний қосылысы, аминдер, амфолиттер), альдегидттер (глутарлы, янтарлы, формальдегид, ортофталы альдегид, глиоксаль немесе қымыздық альдегид), хлор өосылысы (хлораминдер, ди және үшхлорлы қышқыл, натрий гипохлориді) иод, бром, активті оттегі (тотық қосылысы, пероксилқышқылы, пербораттар, озон), гуанинді өнімдер (хлоргексидин биглюкеонаты, кокоспропилендиамингуанидин ацетаты, полигексаметиленгуанидин фосфаты немесе гидрохлориді), спирттер, сілтілер, қышқылдар, фенолды дериваттар (орто-фенилфенол, ортобензил-пара-хлорфенол, 2-фенилфенол, пара-тертамилфенол).
Достарыңызбен бөлісу: |