Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Қытай бұршақ, бұршақ тұқымдас күнжарамен улану



бет118/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172
Байланысты:
index

Қытай бұршақ, бұршақ тұқымдас күнжарамен улану. Шошқалар мен бұзаулар сезімтал. Қытай бұршақ, бұршақ тұқымдас күнжараның құрамында мыс бар, ол бауырда, талақта, бүйректе жиналып токсикалық әсерін тигізеді.
Емдеу. Ішке тұз әлсіздеткіштерді, сүт кілегейлі қайнатпалар танин береді, тері астына кофеин, коразол егеді, ал тамыр ішіне глюкоза енгізеді.
Бұл күнжарамен азықтандырғанда, үзіліс жасап отыру керек, мыстың жиналуына жол бермеу керек.
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралары
Малдарды арту, түсіру, транзит кезінде жануарлардың ауырғаны туралы, жұқпалы аурулар таралуы туралы күдік болса, бұл малдарды мемветинспектор жедел түрде сау мал партиясынан оқшаулауы керек, ауру шыққан жөнінде аудандық мемветинспекторға шұғыл түрде хабарлайды. Егер аурудың түріне байланысты белгілі бір жануарларды, көліктегі барлық партия жануарларды оқшаулау керек болса, алдын алу шараларды жүргізу, емдеу қажет болған жағдайда мемветинспектор ауданның, облыстың, республикалық бас меминспекторының бақылауымен емдеу, алдын алу, оқшаулау шараларының барлық түрін жүргізеді. Аурудың түріне байланысты малды сою керек болса, мемветинспектордың бақылауымен жақын арадағы санитарлық мал сою комбинаттарына жібереді. Ауру малдарды оқшаулап ұстау жерлеріне, барлық санитарлық талаптарды ұстана отырып сойып, белгілі бір қолданысқа пайдалануға жібереді, мұнда арнайы акт толтырылады да, облыстық ветеринария бөлімшелері бақылауға алады. Ауру малдар шыққан вагондар, ұшақтар, автокөліктер, ауру шыққан аудан, платформалар, коражайлар, қоралар сонымен қатар ауру мал болған жерден құрал жабдықтар, ауру малды баққан малшылардың киім-кешектері, аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекцияланып, дезинфекция туралы акт толтырылып оны бас мемлекеттік облыстық инспекторы қадағалауға алу керек. Транзитпен өткен автокөлік, вагондарда, су көліктерінде жұқпалы ауру анықталса, басмеминспектор тоқтатады да, бір вагонды барлық көліктегі малдарды ветеринарлықсанитарлық, эпизоотияға қарсы шаралар жүргізеді, ветеринарлық ережелерге сай акт толтырады. Аурумен, жұқпалы аурумен ауырған малдарды жолшыбай тоқтатқан кезде азық қалдықтарын, төсеніштерді сыртқа тастауға тыйым салынады. Жұқпалы малдарды тасымалдаған көліктер малдарды белгілі орынға әкелгеннен кейін қи, төсеніштермен қоса өңдеуден өткізеді, ветеринарлық ережелерге сай акт толтырылады. Жұқпалы аурумен ауырған малдар жергілікті бір стансаларға жеткізу, арту арнайы жергілікті ветеринарлық мекеменің қадағалауында болады.
Әр жағдайда жұқпалы ауруларға күдікті деп танылған малдарды арту, түсіру кезінде, туберкулез, бруцеллез, маңқа ауруларына мал оң реакция берген кезде автокөлікке, темір жол көліктеріне артуға, түсіру үшін міндетті түрде мемветинспектор акт толтырады, мұнда жолсерігі, мал иесі қатысуы міндет. Актыда аурудың анықталғаны, шектеуін қою керектігі туралы, ветеринарлық-санитарлық эпизоотиаға қарсы шаралар жүргізілгені туралы толық жазылу керек. Акті толтырғаннан кейін, бірнеше көшірмесін жасайды. бірінші акт толтырылған аймақтық ветеринарлық мекемесінің құжатында тіркеледі, ал екіншісі тауар жіберген тауар алатын мекемелерге, тауар құжаттарына тіркейді. Үшіншісі қалалық облыстық бас мемветинспекторға береді. төртіншісі әуежайдың, стансаның бастығына тапсырылады.
Әрбір ауырған малды, ауру, жұқпалы ауруларға күдікті малдар кездескен жағдайда, жұқпалы ауру шыққан кезде мемветинспектор міндетті түрде аталған мекемелерге мыналар жайында жедел хабарлайды:

  • ауру шыққан жердің (аудандық, қалалық) бас мемветинспекторына хабар беру;

  • ауру мал әкелінген (шыққан) елді мекенге хабарлау;

Зооантропонозды ауру анықталған кезде жергілікті санитарлықэпидемиологиялық қадағалау мекемелеріне хабар беру қажет. Тасымалдау барысында ауруға күмәнді малдарды толық тексеруден кейін тасымалдауға рұқсат берсе, мемветинспектор қатаң ветқадағалау жүргізіп отыру қажет және көлік өтетін барлық стансаларға, бекеттерге хабарлау керек, шекара көліктегі аймақтық ветеринарлық қадағалау бекеттеріне хабарлау шарт. Ауруға күдікті малдарды, ауырып жазылған малдарды тасымалдағанда келесі ережелерді сақтау керек:

  • вагондармен, ұшақтармен, автокөліктермен, су жолымен тасымалдаған кезде, малды тасымалдайтын көліктер арнайы

жабдықталған, дезтөсеніштер, кілемшелер, дез заттар болу керек;

  • жануарларды тасымалдау кезінде жануарларды артқан кісі қажетті-құрал саймандармен жабдықталуы қажет. Су беретін арнайы шелек болу керек, бекеттен алған шелектермен суаруға болмайды;

  • мал қарайтын жолсеріктерінде арнайы жұмыс киім, орамал, сабын, қол жууға арналған деззаттар міндетті түрде болу керек.

Малдарды көліктен түсіру, арту тек қана мемветинспектордың қатысуымен өтуі керек. Шекарадағы көліктегі аймақтық қадағалау мекемелері, жергілікті аймаққа қарасты бас мемветинспектор егер көлікпен тасымалдау барысында, сібір жарасы, қарасан, ірі қара малдың обасы, өкпе қабыну аурулары, қой обасы, шошқа обасы, тілмесі, жылқы маңқасы, түбітті аңдар обасы, вирустық энтерит, құс обасы, пастереллез т.б. аса қауіпті аурулар туралы күдік туған жағдайда бір дерек болса, малдар қай облыстан әкелініп жатыр сол аймаққа, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне міндетті түрде хабар беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет