Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Күнжара үлпектерімен улану



бет116/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   172
Байланысты:
index

Күнжара үлпектерімен улану. Күнжара үлпегінің құрамында госиппол деген улы зат бар. Күнжараны азық ретінде көп мөлшерде ұзақ уақыт қолданғанда мал уланады.
Рационда кальций тұзы, дәрумендердің жетіспеуі улануды тездетеді. Күнжараға барлық мал, әсіресе жас малдар сезімтал. Жас төлдер анасын емгенде, сүтпен де улануы мүмкін. Күнжарамен азықтандырғаннан 10-30 күннен кейін де малдар улануы мүмкін.
Рационнан күнжара үлпектерін алып тастау керек. Асқазанды 3-5% калий перманганат ерітіндісімен, натрий бикарбонаты ерітіндісімен жуады, ішке түз әлсіздеткіштерін қолданады, 5-10% бикарбонат ерітіндісімен клизма қояды, тамыр ішіне глюкоза енгізеді ал тері астына кофеин, камфара егеді. 10-20 күн күнжарамен азықтандырғаннан кейін арасына 2 апта үзіліс жасап отыру қажет, ойткені госиполдың кумуляция қасиеті бар.
Майкене (үпілмәлік) күнжарасымен улану. Бұл азықтық 30-50г жылқы, 350-450г ірі қара мал, 30г қой, 60 г шошқа үшін аса улы болып табылып, өлім тудыра алады.
Алдын алу ретінде майкене қүнжарасымен азықтандыруды тоқтатады. Асқазанды 0,5-1% танин ерітіндісімен жуады; ішке гексаметилентетрамин, ал тері астына кофеин енгізеді.
Малға күнжараны азық ретінде қолданар алдында 6-8 сағат бойы 10% натрий хлориді ерітіндісімен жуу керек, 2 сағат бойы 1000С пісірген жөн; күнжараны белгілі мөлшерде ғана қолданған дұрыс.
Крест тәрізді (крестоцветных) өсімдіктер күнжарасымен улану. Бұл өсімдіктерде қыша майының жиналуы әсерінен уланулар болады. Асқазанды танин ерітіндісімен жуады; ішке кілегейлі крахмал қайнатпасын береді; тері ішіне кофеин нитрат, стрихнин нитрат енгізеді, тамыр ішіне кальций хлорид глюкозаны енгізеді. Крес тәрізді күнжарамен құрғақ түрде малды азықтандыру керек. Ірі қара малға тәулігіне 2-2,5 кг ал шошқаға 0,5кг рапс, суреп күнжарасын береді.
Крест тәрізді өсімдіктері сабақтарының күнжарасымен улану. Көп мөлшерде жылы сумен қоса азықтандырғанда мал уланады, ал құрғақ күнжарамен азықтандырғанда мал уланбайды. Өсімдік сабағының құрамында цианглюкозид линамарин бар, ол липаза ферменттің қатысуымен суда ыдырай бастайды да, синил қышқылы туындайды; синилқышқылының құрамы 0,03-0,065% аралығында ауытқиды.
1кг тірі салмаққа синил қышқылы бар 20 мг күнжара өте қауіпті. Күнжараны ыстық сумен булау линамарин құрамын ыдыратпайды, бірақ гидролизге тез ұшырайды, нәтижесінде синил қышқылы түзеледі. Ыстық сумен өңделген күнжара бір тәулік бойы тұру керек, өйткені бір тәулік ішінде синил қышқылы ыдырап кетеді. Тыныс алу тарылған кезде лобелин, цититонды тамыр ішіне енгізеді, жасанды тыныс алу жасайды. Улылық қасиетін төмендету үшін натрий тиосульфат, натрий нитрит, метилен көгін тамыр ішіне енгізеді, ал тері астына кофеин, коразол егеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет