Мес қарынның толуы. Ауру себебі – бірқалыпты өніммен азықтандыру, сулы шөппен, бұтақты азықпен және сулы, жүгері концентраттармен және жем қалдықтарымен азықтандыру кезінде ауру пайда болады. Алдынғы қарындар гипотониясы малды дұрыс серуендетпеуден де болады. Мес қарынның толу ауруын уақытылы емдеу кезінде 2-4 күн арасында сауығып кетуі мүмкін, ал ешқандай көмек көрсетпесе бірнеше сағаттан кейін мал өліп кетеді.
Емдеу тәсілі алдынғы қарындар атониясы сияқты. Мес қарынды тазарту өте маңызды орын алады. Қарында газ өте көп жиналса мес қарынды троакармен теседі. Ауыр жағдайда руминотомия, мес қарындағы азық қалдықтарынан тазалау емдеудің бір түрі. Алдын алу шарасы ретінде азықтандыру тәртібін сақтау керек.
Мес қарын тимпаниясы. Карында шектен тыс газ жиналу. Аурудың жіті және созылмалы түрі және біріншілік, екіншілік тимпания болып бөлінеді.
Мес қарынның біріншілік жіті тимпаниясы тез қорытылатын азықтарды өте көп мөлшерде жеп қою кезінде пайда болады және беде, жүгері, тамыр, қырыққабат жапырақтары, көбінесе жаңбырдың астында көп уақыт азықты, бұзылған өнімді, зеңделген, шіріген және қатқан азықты, сонымен қатар тамыртүйнектілерді көп мөлшерде қабылдаған кезде пайда болады.
Мес қарынның екіншілік жіті тимпаниясы өңештің бітелуі кезінде қалыптасады. Созылмалы мес қарын тимпаниясы травматикалық ретикулит, өңештің қысылуында, бауыр ауруы кезінде ішектің жиырылуы кезінде пайда болатын ауру.
Бұзауларда мес қарын тимпониясы сүттік кезеңде, шөпті азық жейтін кезеңге ауысқанда жиі байқалады, ал қой мен ешкіде асқазанішек жолында безоарлар мен фитоконкременттердің пайда болуынан болады.
Жіті тимпания кезінде жануарға емдік дәрі қолданбаса, 1-2 сағаттан кейін және одан ұзақ уақытта мал өліп кетуі мүмкін. Ал тез арада емдік жәрдем көрсетсе, ауруды қайтаруға болады. Созылмалы тимпония кезінде ауру 1 апта немесе айлар бойы созылуы мүмкін, бұл жағдайда емдеу негізгі ауруға байланысты болып келеді.
Емдеуді кешіктіруге болмайды. Мес қарындағы ашыту үрдісін тоқтату үшін ірі қара малға ішке 10-20,0 ихтиол, 10-15 мл фармалин және 5-10 мл лизолды 1-2 л суда араластырып енгізу керек. Мес қарындағы көбікті бұзу үшін ішке 200 мл тимпанол және 50 мл сикаденді 2-5 л сумен араластырып енгізеді, сонымен қатар 150-300 мл өсімдік және вазелин майын енгізеді. Газды шығару үшін 2-3 мл жаңа сауылған сүт енгізеді және 20,0 күйдірілген магнезия тағайындайды. Малды кекірту үшін алдынғы денесі артқы денесіне қарағанда биіктеу орналасу керек және мес қарынның сыртынан жұдырықтап массаж жасау керек. Сонымен қатар малды кекірту үшін қолдың көмегімен тілді тарту арқылы және ақырындап биікке шығару, үстіне суық су құю, таңдайды тітіркендіру жасауға болады. Мес қарын тимпаниясының ауыр түрінде зонд салады және қарынды 1:10000 калий перманганат ерітіндісімен жуады, мес қарында троакармен тесіп, баяу түрде жиналған газды шығарады. Мал сауыққаннан кейін белгілі бір азықтық рацион құру керек. Мес қарынның моторлық қызметін қалпына келтіру үшін руминаторлық препараттар қолданған жөн. Көбікті тимпания кезінде мес қарынды тесу дұрыс нәтиже бермейді, өйткені троакармен көбік аз күйінде ғана шығады. Көбікті тимпания кезінде мес қарынды тазалау және кекірту әдістері ғана жақсы нәтиже береді. Қажет кезде руминотомия қолданады.
Алдын алу шарасы ретінде малды жайылымға шығарар алдында малға аздап азық берген жөн, малшыларға мес қарынның тимпаниясы туралы мәлімет берген жөн.