Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Буынның асептикалық эксудативті қабынуы



бет108/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   172
Байланысты:
index

Буынның асептикалық эксудативті қабынуы. Асептикалық қабыну ағымына қарай жіті және созылмалы болады, ал эксудаттың түріне қарай серозды-фибринозды және фибринозды болып бөлінеді. Асептикалық синовит көбінесе әр түрлі жануарлардың аяқ, тізе капилярлы буындарында жиі кездеседі. Оның себебі әр түрлі жарақаттан, ұрып соғудан, буып созылуынан болуы мүмкін. Сонымен қатар асептикалық синовит инфекцияның және токсико-аллергияның салдарынан да болуы мүмкін. Сиырда бұл ауру туудан кейінгі инфекция кезінде және желінсау кезінде анық көрінеді, ал жылқыда инфекциялық анемия, бруцеллез кезінде, шошқада тілме кезінде байқалады ревматизм кезінде де асептикалық синовит байқалады. Аурудың бірінші тәулігінде суық затпен орап, таңған тиімді, ал токсико-аллергиялық және синовиттің этиологиясы анықталмаған кезде суық затпен орап таңуға тыйым салынады.
Аурудың екінші күнінен бастап жылу компресстерін қолдана беруге болады, ол үшін буындарды жылы орап, соллюкс лампасымен, парафинтерапияны және массаж жасап аздап жетектеп жүргізу керек.
Сонымен қатар 5% йодвазоген, ихтиол және камфора майы мен т.б. тітіркендіргіш майларды сылап жағу керек. Осыдан кейін новокаин гидрокортизон және антибиотиктермен циркуляциялық блокада жасау керек. Ірі малдарға 125мг гидрокортизонды, 5000 бірлікпен пеницилинді, стрептомицинді буын ішіне енгізеді, гидрокортизонды инъекциялауды қажет жағдайда 5-6 күннен кейін қайталайды.
Сіңірдің жыртылуы. Ірі қара малда ахилес сіңірінің жыртылуы кездеседі және сан буынының ет сіңірі мен саусақтың терең сіңірлерінде жыртылуы кездеседі.
Жылқыда саусақтардың терең бұлшықет сіңірі, буын бұлшықет арасы сіңірлері, сүйек сіңірлері мен үшінші бұлшықет сіңірлері жыртылады.
Ауру себебі: ауыр жұмыс кезінде буынның еттерінің қатты жыртылуы, аяқтардың жарақаттануы, секіріп қатты жүгірген кезде сіңірлердің жарақат алады.
Жараланған жердің іріңге айналуы, некротикалық тендинит және тендовагинит, зат алмасудың бұзылуы, тұяқтарының деформациясы байқалады. Емі: Жануарларды тыныш жерге орналастыру керек. Жарақат алған жерге 1,5-2 айға дейін сықпамай жағу қажет. Қажет болса, жіп салып тігіп тастайды. Антибиотик ерітінділерімен жараны жуып отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет