Жүнді тасымалдау Тасымалдауға жуылған және жуылмаған жүн жіберіледі. Аталған екі жүн түрін бірге тасымалдауға болмайды. Жүнді әдетте престелген қатпарлар түрінде тасымалдайды, салмағы 120-400кг, ылғалды және сулы жүнді тасымалдауға қабылдауға болмайды. Жүнді сулы, майлы немесе ылғал бөлетін жүктердің үстіне артуға болмайды. Рейс барысында жүк бөлімдері жақсы желдетілуі керек. Жүн және қыл өте гигроскопиялық жүктер. Масса бойынша конденсаттық ылғалдылық жуан жүн үшін 15%, жіңішке жүн үшін 17%. Қылды кәдімгі жәшіктерде (1,25-2,23м/т) бөшкелерде (2,80-3,11 м/т) және қаптарда (3,03-3,20м/т) тасымалдайды. Жануар түктерін престелген күйде немесе қаптарда тасымалдайды. Түктерді тасымалдау кезінде белгіленген нысан бойынша ветеринарлық сертификат немесе ветеринарлық анықтама міндетті түрде болу керек.
Бағалы аңтерісі шикізатын тасымалдау. Бағалы аң терісі – ерекше бағалы жүк, сондықтан оларды арнайы тараға жабдықтап, тасымалдау барысында сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Бағалы аң терісі бұйымдарын үй жануарларының терілерінен, теңіз аңдарының терілерінен дайындайды, алдымен құрғақ әдіспен химиялық және механикалық өңдеуден кейін ұзақ сақтайды.Бағалы аң терілерін, яғни, құндыз, қәмшат, түлкі, сусар терілерін арнайы қаңылтырдан жасалған, ішіне шамалы нафталин себілген қораптарда тасымалдайды.
Ерекше бағалы аң терілерін, мәселен, тиын, борсық, жанат, аю және қоян терілерін қабаттап салып, кейін тығыз қаптарға тігіп, пломбылайды. Арзан терілерді тюкке орап, тығыз матамен тігеді. Арнайы метал қораптардағы терілерге, арнайы жылу – ылғалдылық қажет емес. Бүктелген терілер ылғал ортаға сезімтал. Оларды баппен артып, ылғалды жүктерден бөлек орналастырған жоқ. Үлкен зиянды кеміргіштер тигізеді. Егер трюмдерде егеуқұйрықтардың барына күмән туса және көптен дератизация жүргізілмесе, теріні артуға тиым салынады.
Сүйек, тұяқ, мүйізді тасымалдау.Айтылған шикізат түрлерін ұнтақталған күйде, бөшке, жәшік, корзина, немесе мықты қаптарда тасымалдайды. Ветеринарлық сертификатта бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсетілу керек. Теңіз көлігімен тасымалдау барысында фумигация сертификаты жазылып, оның жасалу үрдісі көрсетіледі. Сүйекті ұнтақталған күйде тасымалдайды, 3/8 дюйма және 5/8 ірі ұнтақталған сүйек, 3/16 дюйма ұсақталған жануар сүйегі түрінде. Ірі және ұсақ ұнтақталған сүйектерді бірге артуға болмайды. Жануар шикізаттарын өзен кемелеріне арту барысында қоршап, брезентпен жабады. Сүйектерді, тері және ішек шикізатымен, сүйектерін азықпен бірге тасымалдауға болмайды. Егер жануар шикізаттарын белгіленген порт бойынша тасымалдаса, онда шикізаттарды сақтауға арналған қойма бөлінеді.