Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет101/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   172
Байланысты:
index

Құс еті:
мұздатылған

Суық

0,01

0,02

0,03

0,05

0,01


Жылы

0,02

0,02

0,03

0,04

0,01

салқындатылған

Суық

0,02

0,02

0,03

0,05

0,02

суытылған

Жылы

0,02

0,02

0,03

0,05

0,02

Субөнімдері: суытылған

Суық

0,18

0,18

0,24

0,30

0,09


Жылы

0,24

0,24

0,13

0,36

0,12

мұздатылған

Суық

0,02

0,02

0,03

0,06

0,02


Жылы

0,02

0,02

0,03

0,05

0,02

Қорытылған шошқа майы

Суық

0,01

0,01

0,02

0,04

0,02


Жылы

0,02

0,02

0,03

0,04

0,02

Балық: суытылған

Суық

0,09

0,09

0,12

0,15

0,04


Жылы

0,12

0,12

0,15

0,18

0,06

мұздатылған

Суық

0,05

0,05

0,06

0,07

0,03


Жылы

0,06

0,06

0,09

0,12

0,05

ысталған

Суық

0,05

0,05

0,06

0,09

0,03


Жылы

0,05

0,05

0,06

0,09

0,03

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктер тізімін атаңыз?

  2. Жануартекті жүктердің тасымалдау кезіндегі үйлесімділігі неде?

  3. Жұқпалы аурумен ауырған жануалар анықталған уақытта және олардың әрі қарай жүруіне рұқсат етілген болса, қандай шарттарды орындаулары қажет?

  4. Жануартекті өнімдерді, тасымалдауға дайындау орнына қойылатын жалпы талаптар?

  5. Жануар текті өнімдер мемлекеттік ветеринарлық қадағалау?

  6. Конвекциялық тыйым салу деген не?

  7. Тауарлы балық пен балық өнімдерін тасымалдау тәртібі.

  8. Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ережелері.

  9. Тез бұзылатын жүктердi тасымалдау тәртібі?

10.Автокөлік арқылы өнімдерді тасымалдағанда қандай жолдамалық құжаттар ресімделеді?
11. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған жүк ұшағы ішіндегі температуралық режим?
8 Тарау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІ ЗАТТАРЫН


ТАСЫМАЛДАУ (ОРНЫ АУЫСТЫРУ) КЕЗІНДЕ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІ


ЗАТТАРЫН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жануартекті шикізаты-бұл әрдайым өңдеу, өндіру, тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринарлық бақылауында болатын нысанның бірі. Жануартекті шикізаттарын тасымалдау кезінде жіберуші шаруашылықтың инфекциялық аурулардан сау екендігіне назар аудару керек, егер ауру кездесетін болса, зарарсыздандырады. Жануарлардан алынған шикiзаттар шетелге жiберiлетiн болса, жүк артылатын стансада, жүктiң көлемiне қарамастан шекара және көлiктегi мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторы мiндеттi түрде зерттеу жүргiзедi. Сырттан келетiн жануарлардан алынған шикiзат аз мөлшерде қатты немесе жұмсақ ыдысқа салынбаса тыйым салынады. Шекарадағы станса бастығы мiндеттi түрде жүктердiң келетiнi туралы хабар берген соң, аумақтық басқарманың шекарадағы ветеринарлық бекетiнiң инспекторы келген жүктерге зерттеу жүргiзедi. Жануарлардан алынатын шикiзаттардың салмағын тарту үшiн стансаларда бөлек таразы, бөлек арба болуы керек. Жануарлардан алынған шикiзаттың қабылдау және сақтау орнына, таразыларға, төсенiштерге, арбаларға әрқашан дезинфекция жасалынып тұруы керек. Жүк артушылар, малдан өндiрiлген шикiзатты тиеу, түсiру және сұрыптау кезінде, арнайы киiмдермен (қатты матадан жасалған костюм немесе комбинизон, қолғап, резенкелі етік, алжапқыш және бас киiм) қамтылады. Арнайы киiмдердi басқа жүк артуға киюге тыйым салынады. Жануардан өндiрiлген шикiзаттар тасымалданған соң, вагондар мiндеттi түрде жуылып, тазаланып, дезинфекцияланады (жүк иесінің қаражатынан).
Сойыс тері, жүн шикізатын, қоян, қара түлкі, суыр, тиін, түлкі, ит, мысық, аюдың т.б. терілерін сібір жарасына зерттейді. Сойыс терілермен жүн шикізаттарын сібір жарасына тексеріп, теріс нәтиже бергенде, оларға таңба қойылады. Ірі терілерді 2 жерден таңбалайдытүбінде және жауырын арасында, ұсақ малдар терісін құйрық түбінде, таңбасыз терілерді тасымалдауға тыйым салынады. Ветеринарлық сертификатта терiлерге сiбiр жарасына терiс нәтиже бергендiгi туралы көрсетiледi, зерттеу жүргiзген зертхананың таңбасы қойылуы керек.
Тері, былғары шикізаттарын ылғал-тұздалған, құрғақ-тұздалған және кептірілген күйінде тасымалдайды. Түйенің, бұғының, ірі құрғақ терілері тұрба тәрізді 2-ге бүктелген түрінде, немесе жiппен байланбай орап тасымалданады, ірі қара малдың терілері қатты жiппен көлденең айқастырып байланған түрінде, ал ылғалды тұздалған терілерді су ағып кетпейтіндей бөшкелерде тасымалдайды


Сурет-26. Тері-былғарыны тасымалдау
Жүн, қыл, шаш, түбiт және қауырсын вагон арқылы жiберiлгенде, тасымалдауға арнайы өатты немесе жұмсақ жәшiкке, ыдыстарға немесе қатты матадан жасалған қапшықтарға тюктелініп тасымалданады. 3 үлгідегі ветеринарлық сертификатта немесе ветеринарлық анықтамада жүннiң жуылғанын және жуылмағанын, жуылса қай түрiмен жуылғаны көрсетіледі. Жүннiң әрбiр теңiнде, жүн жуылған жердiң фабрикалық таңбасы болуы керек.
Сүйектер, мұйіз және тұяқтарды тасымалдау барысында хлорлы әк ерітіндісімен ағартып кептіреді және ветеринарлық сертификатта осы жайлы мәлімет жазылады. Негізгі назарды мына сүйектерге аудару қажет: ірі қара мал - буын түтікті, төс омыртқа және жая, шошқаларда және қойларда – омыртқа, төс, жамбас, түтікті және жая сүйектері.Әрбір сүйек партиясын таза пергамент, целлофан, полиэтилен пленкасына салады.
Азықтық сүйектер (фасонды, фасонсыз) таза санитарлық талаптарына сәйкес көп қабатты фанер жәшіктерге салынуы тиіс, жәшіктердің іші және сырты пергаментпен қапталуы керек. Фасонсыз сүйектер қағаз қаптарға да салынуы мүмкін.Сүйектердің нетто салмағы 1 тарада 20 кг-нан аспау керек. Азықтық сүйектер тез бүлінетін өнімдерге жатқызылады, сондықтан санитарлық ережелерді, сақтау мерзімін орындай отыра, жабық арнайы жабдықталған, ылғалдылығы және температурасы қалыпты көліктермен тасымалдайды. Азықтық сүйектерді технологиялық үрдістер біткеннен кейін 800С, 24 сағат уақытында сатылу керек (сату мерзіміне тасымалдауға кеткен уақыты да кіреді). Егер сүйектерге емпературалық жағдай қамтамасыз етілмесе, онда оларды тасымалдауға тыйым салынады.
Бас, тіл, ми, ерін, аяқтар, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, құлақ, құйрық, ішек-қарын тек мұздатылған күйінде, қатпарлардағы температурасы -60С-қа жоғары емес күйде тасымалданады. Бас, аяқ, құлақтарды булатылған, үйтілген күйінде, түк жамылғысыз тасымалданады.
Әр түрлі ауылшаруашылық жануарлардың ішектері құрғақ, ылғалды-тұздалған күйінде тасымалданады. Құрғақ iшектер және қуық қапшықтары жәшiкте, себетте, бөшкеде немесе мықты жұмсақ ыдысқа салынып тасымалданады. Тасымалдауға жiберiлетiн iшектер сұрыпталады, алдын ала қараудан өтеді, iшiндегi қалдықтардан жақсылап тазаланады.
Эндокриндiк шикiзаттар (қарындық, қалқанша, қалканша маңы және басқа бездер) қатырылған түрiнде мұздақ вагондарда тасымалданады.
Терiнiң шелi күн жылы уақытында, құрғақ түрiнде қапшықта, ал консервiленген iзбестi сүтте түбi бүтiн бөшкеде тасымалданады. Күн суық уақытында ауаның температурасы 00С-тан төмен болса, терiнiң шелi жақын орналасқан желiм зауытына бөлшектеп қатырылған түрiнде, тек қана жабық вагонда түбі бүтін бөшкелерде тасымалдауға жiберiледi. Егер терiнiң шелi ыдыссыз тасымалданса, жүк жiберушi вагонның еденiне әк салады.
Азықтық жануартекті ұнды тексеріске және тасымалдауға жіберер алдында келесі талаптар қарастырылу тиіс: етті сүйек ұнын ауылшаруашылық малдарына жалпы бактериологиялық жағдайы 1г-да 500 мың микроб денешіктерінен көп емес және сальмонеллез ішек таяқшалардың энтеропатогендік типтері және протей, токсин түзетін анаэробтар болмауына зерттеулер жүргізілгеннен кейін қолданады; азықтық ұнды 3-4 қабатты қағаз қаптарында және дезинфекцияланған таза мата қапшықтарға салып тасымалдайды (1 қапшық салмағы 50 кг- аспауы қажет). Азықтық ұнды транспорттық көліктердің барлық түрімен тасымалдайды. Сонымен қатар, ыдыс-қорап болмаған жағдайда, табиғи жағдайда және ветеринарлық-санитарлық талаптары сақталған темір жол вагондармен автокөліктермен, кемелермен тасымалдауға болады. Азықтық ұн жабық, жерде сақталуы тиіс, сақтау мерзімі 6 айдан аспау керек.
Ара балауызын және вакцинаны тасымалдау кезінде жәшікке және қапшыққа салады да, сыртында этикеткасы жабыстырылады, онда өнім атауы, партия көлемі, нөмері, нетто, брутто салмағы, сандық орналасуы жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет