Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет109/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172
Байланысты:
index

Сіңірдің қабынуы. Көбінесе жылқыларда кездеседі, ал ірі қара мал сирек кездеседі. Аурудың ағымы бойынша жіті және созылмалы деп бөледі, ал эксудаттың жиналуы бойынша асептикалық және іріңді деп бөледі. Жылқыларды көбінесе саусақтардың терен бұлшықет сіңірі, сүйекарасы бұлшықеттері зақымдалса, ірі қара малда ахиллес сіңірлері, үшінші терең бұлшықет, жұмылмайтын саусақтары зақымдалады.
Қабыну себептері: сіңірді созып алу, жарақаттану, сіңір қысылып қалуы, ауыр жүк түсу, байқаусыз қозғалыстар қимылдар жатады.
Емі: Асептикалық тенденит басында суық қолдану керек, ал 2-3 күннен бастап ылғалды спиртті-ихтиолды (10%-ды), камфорлы орауын қолданған жөн және уқалап, яғни массаж жасап отыру, керек. Ал созылмалы түрінде қыздырады және тітіркендіргіш майлар жағады.
Қынап сіңірінің қабынуы. Ағымы бойынша жіті және созылмалы тендовагинит болып бөлінеді, ал эксудат жиналуы бойынша асептикалық, іріңді деп бөледі. Ауру малды тыныш жерде бөлек ұстайды. Аурудың 1-2 күнінде суық қолданады. Қынапқа 0,5% антибиотикпен қоса новокаин ерітіндісін енгізеді, ал зақымдалған сіңірлерін қаттылап орайды. Қынаптық сіңірден эксудатты сорып алғаннан кейін, гидрокортизон және фибролизинді енгізеді, 5-7 күн бойы инъекцияны қайталау керек.
Бұл шаралар жіті түріне қатысты, ал созылмалы түрінде жылу қолданады. Тітіркендіргіш майлар мен парафин емін және сазды қолданған жөн.
Кілегей қалташықтардың қабынуы. Ағымына қарай жіті және созылмалы болып бөлінеді, ал эксудат жиналуына орай асептикалық және іріңді болып бөлінеді. Көбінесе ірі қара малдардың бүгілетін буындарында қабыну үрдісі байқалады. Жылқыда жіліншік, өкше маңында, тілерсегінде болатын қабынулар.
Қалташықтардың қабынуы механикалық жарақаттан, жараның жан-жағының микробпен ластануынан және туберкулез, бруцеллез, маңқа аурулары кезінде болатын қабыну жарақаттар. Бурситті емдеу тендовагинит кезіндегіге ұқсас, бұл кезде де жан-жағындағы ұлпалар зақымдалады, кілегей қалташықтарын алып тазалайды, содан кейін тігеді.
Кілегей қалташықтарды 5% йод ерітіндісімен 10% күміс, сульфат мыс нитратымен өңдейді. 3-4 күннен кейін жараны алып өлі ұлпалардан тазартып, ашық жара сияқты емдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет