Жұмыртқаны тасымалдауды бақылау. Құс жұмыртқаларын (суытылған, суытылмаған) ағаш үгінділері төселген жәшіктерде тасымалдаған жөн. Жұмыртқаларды тасымалдау мерзімі рефрижераторлық кемелерде 20 тәулік, температура 2-5 және ылғалдылық 80-85% болған жөн. Жолда жұмыртқаларды жоғарғы температура әсерінен қатып қалудан және ылғалдылық әсерінен сақтау керек.
Сүт және сүт өнімдері ыдыста немесе арнайы контейнерлерде болу керек. Балауса сүт және кілегейді фляк, бидон, ал қаймақты бидон және ағаш бөшкелерде тасымалдайды. Бидон және флягтар бетіне резеңке салынып тығыз жабылу керек, кейін жөнелтуші пломба салады. Ағаш бөшкелері қақпағының астына таза ақ қағаз немесе дәке салынады.
Тасымалдауға сүт және сүт өнімдерін, қаймақ, сары май және қорытылған май, ірімшік (тұздатылған, суытылған), сүзбе ірімшік, маргарин қабылданады. Айтылған жүктерді МемСТ сәйкес қабылдайды.
Сүтті әмбебап рефрижераторларда, сүт таситын көліктерде 8°С температурада, 3 тәулікке дейін тасымалдайды. Рефрижераторлық кемелерде 4 тәулік, 3°С температурада тасымалданады.
ӘУЕ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНҒАН
ӨНІМДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жануар өнімдерін және шикізаттарын тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық бақылау. Жануартекті өнімдерін тасымалдауға жабдықталған ұшақтар немесе тік ұшақтар қолданылады оларға жергілікті санитарлық қадағалау берген санитарлық паспорттары болу керек. Ұшақтар үнемі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда бақыланып, олардың санитарлық-гигиеналық жарамдылығы тексеріліп отырады. Жүкті арту алдында әуежайдың ветеринарлық-санитарлық қадағалау бөлімі ветеринарлық құжаттарды және жүк үстемелік құжатын тексереді.
Ет және ет өнімдерін тасымалдау: Температуралық және техникалық жағдай болса, өнімнің әрбір түрін тасымалдауға жібереді.
23-Кесте. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған жүк ұшақ ішіндегі температуралық режим
Жүк атауы
|
Тасымалдау температурасы
|
Өнімнің ішкі температурасы
|
Тоңазытылған ет:
Сиыр, қой, шошқа еті (ұша, жартыұша)
|
-12 жоғары емес
|
-6... -8
|
Тоңазытылған ет бөліктері
(блоктағы)
|
-12 жоғары емес
|
-3 жоғары емес
|
Экспортқа арналған сиыр еті мен тоңазытылған ет бөліктері
|
-15
|
-10 жоғары емес
|
Салқындатылған ет
|
0...-1
|
0...-1
|
Суытылған ет
|
0
|
4...-12
|
Оралған блоктарда тоңазытылған кит еті мен бауыры
|
-15
|
-10 жоғары емес
|
Тазаланып, тоңазытылған және
жартылай тазаланып
салқындатылған құс
|
|
-6 жоғары емес
0...-4
|
Тоңазытылған үй қоян ұшасы
|
-8 жоғары емес
|
-6 жоғары емес
|
Субөнімдер
|
-8
|
-6 жоғары емес
|
Эндокриндік шикізат
|
-12 жоғары емес
|
-12 жоғары емес
|
Шұжықтар мен ет ыстандылары
|
2 жоғары емес
|
4 жоғары емес
|
Тағамдық қорытылған жануар майы
|
2 жоғары емес
|
4 жоғары емес
|
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау өкілі экипаж мүшелерімен бірлесе отырып өнімді жүктеу, өнімнің термиялық жағдайын және ұшақ температурасына бақылау жұмыстарын жүргізеді. Өнім сапасы талаптарға сай келмеген жағдайда, термиялық өңдеуден өткізілмесе, дұрыс жабдықталмаған болса, жүктеуге рұқсат берілмейді. Зақымданған, сулы, зеңденген, еріген өнімдер де тасымалдауға жіберілмейді.
Суытылған және салқындатылған еттерді рефрижератор контейнерлерінде қысқа және ұзақ қашықтықтарға тасымалдайды. Суытылған және салқындатылған етті 2-3 қабат етіп, қысқа қашықтыққа 3 сағаттан кем емес уақытта тасымалдауға болады.
Құс, қоян ұшалары тесіктері бар қорапта немесе жәшіктерде тасымалданады.
Ет және ет өнімдерін әр түрлі термиялық жағдайда консервілердің түр-түрімен бірге тасымалдауға тыйым салады.
Достарыңызбен бөлісу: |