Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Балық және балық өнімдерін тасымалдауды бақылау



бет97/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172
Байланысты:
index

Балық және балық өнімдерін тасымалдауды бақылау. Балық және балық өнімдерін жылдың барлық мерзімінде рефрижераторлы кемелерде тасымалдайды. Балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, қақталған, кепкен немесе маринадталған өнім түрінде тасымалдануға жіберіледі. Мұздатылған, салқындатылған балық өнімдері тығыз, серпінді, желбезектері таза ашық-қызыл түсті немесе қызыл түсті болу керек.
Рефрижераторлы трюмдарда мұздатылған балықтың тұтастығын сақтау үшін үнемі төмен температура (шамамен -20°С) және өте жоғарғы салыстырмалы ауа ылғалдылығы (95-100%) сақталу керек. Сәл тұздалған балық өнімі үшін температура 0-3°С және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 90-95%, ысталған балық, температурасы 0-4°С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75-80% болуы керек.
Балықты тасымалдау қорабы түрі – жартылай мықты картон. Жәшік, қораптарының негізгі су өткізбейтін материалы екі қабатты гофринденген картон. Қораптың үстіңгі жағына сым, шпагат байланады.
Картон жәшіктерін әдеттегі тәртіппен таңбалайды. Әрбір балық өніміне тән тауар белгісін трафарет арқылы бояу салып, қағаздан жасалған белгі жабыстырады. Жәшіктегі таңба ашық көріну керек. Пішіні сурет, түс және шрифт бойынша ерекшеленетін белгілер бірдей тараға салынған балық өнімдерін ажыратуға мүмкіндік береді. Картон қорабы жүкті, әсіресе ашық теңізде арту операциясы кезінде астына төселетін материал болмаған жағдайда зақымдалуы мүмкін. Жүкті әртүрлі зақымданудан сақтау үшін үстіне тақтай немесе брезент төсейді.
Балық сапасына температура тербелісі көп әсер етеді, өнімдер босап, ұлпалардың бұзылуына соқтырады. Және де температуралық режимнің бұзылуы өнімнің бұзылуына немесе тауарлық сапасының төмендеуіне әкеледі. Әсіресе жазда температураны, ылғалдылықты мұқият қадағалап отыру керек. Балықтың жібу кезінде микроорганизмдердің өмір сүруі дамиды; майлар тотығады, ақуыздың денатуарациясы күшейеді, аутолиз және басқа да үрдістердің болуымен күшейеді. Балықтың майының тотығуы оның тотықсыздануынан және кейбір бактерия түрлерінің өміршеңдігінің күшеюіменен сипатталады, ыдыраған балық майы ұшпалы май қышқылдарын қалыптастырады.
Кебу нәтижесінде балық салмағы төмендеп сапасы өзгереді. Кебу көлемінің ұлғаюына жабдықтау, салу үрдісі, трюмдерде балықтарды орналастыру, суыту жүйесі және тасымалдау ұзақтығы да әсер етеді.
Тұздалған балықты ағаш бөшкелерге және тығыз, ағаштан жасалған жәшіктерде, ал кептірілген балықты жәшікте немесе қаптарда тасымалдауға болады. Суық әдіспен ысталған балықты, қақталған және балық өнімдерін мықты жәшіктерде, қабырғаларындағы қуыс тесігінің диаметрі 2-3см болған жағдайда тасымалдайды. Ыстық ысталған балықты су көлігімен тасымалдауға болмайды. Суық ысталған балықтарды ағаш бөшкелерде тасымалдайды, мұнда 30 және 100кг дейін ысталған балық сыяды және жылдық мерзіміне қарамастан, жолда 15 тәуліктен артық болмау керек.
Балық ұнын құрғақ кемелерде тасымалдайды. Трюмдер ағаш брустарымен қапталу керек, жүк және кеме арасында 20см кеңістік қалу керек, жүктің жоғарғы бөлігі -0,5 – 1м, жақсы желдетілуге мүмкіндік туғызады.
Рефрижераторлық емес әдеттегі кемелерде балық өнімдерін жыл мерзіміне қарай және рейстің ұзақтығын ескере отыра тасымалдайды. Мұндай кемелерде жылдың барлық мерзімінде кептірілген, қақталған, қатты тұздалған балықты, сонымен қатар сельд, металл тарадағы балық консервелерін, балықтардың техникалық майларын және теңіз жануарларын тасымалдайды. Қатты тұздалған, оның ішінде сельдь балықтарды көлемі 250л бөшкелерде және массасы 70кг жәшіктерде тасымалдайды. Қатты тұздалған балық құрамындағы тұз мөлшері 14%н аспау керек. Жәшіктердің темір рента немесе сымдармен бекітеді.
Жылдың суық мерзімінде тұрақты минусты температурада әдеттегі кемелерде тұздалған және суық ысталған балықтарды тасымалдайды.
Кептірілген және қақталған балықтарды желдеткіштері бар ағаш жәшіктерде, сонымен қатар тоқылған корзинада, салмағы 50кг-қ қатарда тасымалдайды. Бұл өнімдер салмағы 150кг дейін болады, ыдыс-қорап таза бөгде иіссіз, қаптар мықты шпагатпен тігіледі.
Қақталған 40-70кг жәшіктерде тасымалдайды. Жәшіктер екі жағынан тегіс тақтаймен, металл лента немесе сыммен тартылған күйде дайындалады. Жәшік ішіне пергамент төселеді, жәшік қабырғаларында 3-4 дөңгелек кеңістіктер болады. Тұздалған балық өнімдерінің өзіндік иісін ескерген жөн, себебі басқа өнімдерге сіңіп кетуі әбден мүмкін. Қақталып – тұздалған балық өнімдерін 15 тәуліктен артық тасымалдауға болмайды.
Тірі балық және теңіз жануарларын көлемі 350л металл бөшкелерде немесе 250л мықты ағаш бөшкелерде немесе арнайы сауыттарда тасымалдайды, іш жақтары су өткізбейтін құрылыммен жабылған, сонымен қатар герметикалық ыдыс-қораптарда тасымалдауға болады.
Әртүрлі балық уылдырықтарын бөшкелерде, банкаларда, жәшіктерде тасымалдайды. Жәшіктер металл лентамен тартылған, құлыптары бар түрде болады, оларды жөнелтуші пломбылайды. Жөнелтуші бөшкелерді үстінен және төмен жағынан пломбалайды. Мысалы, бекіре балықтарының түйіршікті уылдырығын 50л емен бөшкелерінде, ішкі жағы парафин, ал сыртын алиф қабатымен жабылған күйде тасымалдайды. Албырт (лосось) түйіршікті уылдырықты 100л бөшкелерде, ішінен парафинделген жағдайда тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет