Ветеринариялық қызметтiң бақылауындағы қол жүгін және поштамен жiберiлетiн жүктердi тасымалдау. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердi, жүк және пошталық тасымалдауға, ветеринария саласындағы тиiстi аумақтық мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар берген ветеринариялық құжаттары (ветеринариялық сертификаттар) көрсетiлгенде, жүктер тасымалдауға қабылданады.
Жануарлардан алынған өнiмдердi қол жүкпен және пошта арқылы жiберiп тасымалдау үшiн оларды дайындау және қаптау қажет, атап айтқанда:
шикi ет, құс етi, ысталған, жартылай қолдануға дайын ет өнiмдерi басқа жүктерден бөлек, мiндеттi түрде қатты немесе жұмсақ тығыз ылғал өтпейтiн орауға қапталады. Құс етi тасымалдауға тек қана iшкi құрылыс мүшелерi тазаланған немесе жартылай тазаланған түрiнде қабылданады;
шикi жұмыртқалар – қатты су өткiзбейтiн орауларда;
балық, уылдырық, асырауға арналған шаяндар – сәлемдеме және жүк салатын жай қораптарында;
терi, үлбiрлi терi, жүн, қауырсын, шаш, сүйек, iшек, қарын, қатты немесе жұмсақ су өткiзбейтiн орауда тасымалданады.
Қазақстан Республикасына келiп түскен халықаралық сәлемдемелер және қол жүктердi ветеринарлық қарау халықаралық ауыстыру орындарында атқарылады; пошта арқылы, әуежайларда, теңiз айлақтарында, темiр жол стансаларында, автотрассаларда мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау шекара және көлiк ветеринарлық бекетiнiң аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары, ал олар жоқ жерде аумақтық басқармалардың ветеринарлық инспекторлары жүргiзедi.
Кедендiк мекемелер ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктер шет елден қол жүгiмен, қатынаушының қол жүгiмен келсе, бұл туралы шекарадағы ветеринариялық бекеттiң қызметкерiне хабарлау керек, ал халықаралық пошталық жiберумен келсе, кедендiк декларацияның барлығына ―Ветеринариялық қадағалауға көрсету‖ деп белгi қояды.
СУ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІ ЗАТТАРЫН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |