Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Улану Улану кезіндегі терапияның жалпы принциптері



бет115/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   172
Байланысты:
index

Улану
Улану кезіндегі терапияның жалпы принциптері. Улану кезіндегі емдеудің негізгі принциптері: удың қанға сіңіп кетпеуін қадағалау; уды ыдырату, бейтараптау; удың жиналуын анықтау; уды химиялық түрмен залалсыздандыру және көрінетін кілегей қабықтардан уды сумен жуу. Сіңіп кеткен уды антидот (уды қайтаратын зат) арқылы ғана залалсыздандыруға болады. Антидоттық терапияны: цианидпен уланған кезде метгемаглобин түзуші заттармен, (күшәламен), сынаппен уланған кезде, унитиолмен, орталық жүйке жүйесі уланған кезде, орталық жүйке жүйесін белсендіретін заттар, холинэргиялық жүйке жүйесінің қоздырғыштарын қолданады; сіңіп уланған кезде миорелаксанттарды физиологиялық қызметін ынталандыру үшін және зат алмасуын жақсарту үшін қолданады.
Удың шығуын зәр шығару арқылы тездетуге болады, ішекқарынның жиырылуын, тыныс алуды жиілетіп, қан айналуды жақсартуға болады.
Ас тұзымен улану. Ас тұзы жіңішке ішекте сорылады. Организмде токсикалық мөлшерде ол бірвалентті, еківалентті катиондардың теңділігін, ұлпаларда осмостық қысымды, жасушалардың тыныс алу үрдісін бұзады, осы үрдістер салдарынан үлпаларда оттегі тапшылығы пайда болады.
Малдар көбінесе азық құрамында ас тұзының көп болу себебінен улануға ұшырайды, әсіресе шошқа улануға коп шалдығады. Азық құрамындағы 1,5% көп ас тұзы малдың улануына әкеп соғады.
Емдеу. Азық құрамын бақылайды; тамыр ішіне кальций хлорид, глюкоза, күйзеліс кезінде тері астына кофеин, коразол енгізеді. Азық, жем құрамындағы ас тұзын мұқият қадағалап отыру қажет.
Нитрат пен нитритпен улану. Нитрит және нитратпен улану көзі болып, азоттық тыңайтқыштар, оларға жататындар нитрит аммонийсі; натрий нитраты; калий нитраты және піскен қызылшаны баяу суыту.
Нитраттарда токсикалық қасиет көп емес, бірақ олар көптеп жиналған кезде жоғарғы токсинді нитритке айналып кетеді. Нитриттің токсикалық қасиеті бірден қан айналым орталығын салдандырады, осының салдарынан қан қысымы тез төмендеп кетіп, жануар өлімге ұшырайды. Осымен қатар нитриттер қандағы гемоглобиннің метгемаглобинге айналуына себеп болады және ұлпаларда оттегі төмендеуінің салдарынан ұлпа аноксияға ұшырайды.
Емдеу үшін тамыр ішіне 1% метилен көгін 5-10 мг/кг мөлшерде енгізеді, ішке сүт қышқылын, асқазанды сумен шаяды, тері астына кофеин, коразол егеді.
Малдарды минералды тыңайтқыштан қадағалау керек, су мен азықтың сапасын тексереді, өйткені жерді азот тыңайтқыштармен өңдегенде су мен азық улануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет