Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Катаралды пневмония, бронхопневмония



бет114/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172
Байланысты:
index

Катаралды пневмония, бронхопневмония. Ауру өкпенің жеке бөліктерімен қоса бронхтардың катаралды қабынуымен сипатталады. Көбінесе жас малдар ауырады. Бронхопневмонияның себептері бронхит ауыруындағыдай. Көбінесе өкпеге азық және дәрі қалдықтарының өтіп кетпеуінен бронхтағы қабыну үрдістері өкпеге ауысуынан болады. Бронхопневмония гиповитаминоз кезінде малды дұрыс бағып күтпеуден де болады.
Ауру малды тыныш, желдетілетін қорада ұстайды, ас қорыту жолдарын жақсартатын заттар береді: қыша, карловар тұзы, аз мөлшерде әлсіздендірілген заттар береді, ал бір камералы малдарға қосымша тұз қышқылы мен пепсин тағайындайды. Ауруды емдей бастағанда, кең аралықта әсер ететін антибиотиктер қолданады, тыныс алу жолдарының микрофлорасының сезімталдығына қарай таңдап алады. Антибиотиктермен қоса 1кг тірі салмағы есебінде 0,02-0,05г сульфаниламидтті де қолданады. Норсульфазолдың әсер ету мерзімін ұзарту үшін балық майымен эмульсия жасап енгізеді. Бұзауларға бұл препаратты 1 кг тірі салмағына 1 мл есебімен тері астына енгізеді. Сонымен қатар, коньюнктивитке 2-3 рет арасына 2-3 күн салып 50% новарсенол ерітіндісін 3-5 тамшыдан тамызып отыру керек және 5 күн бойы күніне 2-3 рет 1 кг тірі салмағына 1 мл есебімен сау жылқы канын 10% натрий цитрат ерітіндісімен енгізу керек. Торайларға тері астына 2 күн бойы 1 кг тірі салмағына 0,5 мл мөлшерде жылқы қан сарысуын антибиотиктермен араластырып, 1 кг тірі салмағына 0,2 мл мөлшерде 10 күн салып енгізу керек. Жүрек жұмысы әлсізденген кезде камфора майын, кофеин, глюкоза қолданады.
Жүйке жүйесінің аурулары
Күн сәулесінің соғуы. Гиперемия, бас миына қан құйылу кезінде, бас миы қабыршығымен жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің бұзылуыменен сипатталатын ауру. Ауру ыстық, желсіз күндері малды айдау, тасымалдау, жұмысқа салған кезде басқа күн сәулесі тікелей тиюдің салдарынан болады. Ауру бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылады. Жеңіл түрінде және дер кезінде көмек көрсетсек, ем тиімдірек, ал ауыр және күмәнді жағдайда ем тиімсіз болып келеді.
Ауруды анықтаған кезде малды дереу қараңғы жерде, көлеңкеде ұстау керек, басына суық су құйған дұрыс және бас миының гиперемиясын емдеу сияқты жолдарын жүргізу керек.
Аурудың алдын алу шарасы ретінде малдарды жайылымға шығарған кезде тікелей күн көзінің түспеуін қадағалау және малды көлеңкелі жерлерде жаю керек. Жұмыс жылқыларына арнайы шөптерден басына қалқан жасау керек.
Жылу соғу. Ағза қызуының көтерілуімен, бұзылуымен сипатталатын, орталық жүйке жүйесінің қызметі ауру.
Ауру себептері: жануардың сыртқы қызуы көтерілуі және ауа райының ылғалдығының жоғарылауы. Көбінесе ыстық күндері жұмыс аттары, күнің ыстығында малды айдау, тасымалдау және ыстық вагондарда малдарды тығыз ұстау кезінде ауру туындайды.
Ауру жіті түрінде өтеді. Емдеу. Жануарды желдетілген қорада ұстайды және суық сумен қамтамасыз етеді. Басына, жүрек тұсына суық компресс қояды, басына және кеуде тұсына суық су шашады, суық клизмалар да пайдалы. Өкпенің ісінуі байқалған кезде аздап тамырдан қан ағызады, тамыр ішіне гипертониялық ерітінділер глюкоза кофеинмен бірге енгізеді және жүрек әлсіздігі кезінде, жүрек жұмыстарын жақсартатын заттар қолданады.
Ыстық күнде малдарды, әсіресе шошқаларды, айдауға болмайды. Темір жолмен, су көлігімен малдарды тасымалдаған кезде вагондарда малдардың тығыз орналаспауын, вагондардың желдетілуін қадағалап отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет