Ветеринариялық сертификат
|
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республиканың шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге беретін, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын құжат;
|
Ветеринариялық анықтама
|
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган бөлімшесі) ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері тиісті жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы құжат
|
Ветеринариялық паспорт
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
|
Ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық)
|
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық,
|
қағидалар
|
зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондайақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын
нормативтік құқықтық акті;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |