Тірі құстарды тасымалдауға арналған автоконтейнерлерді дезинфекциялау. Металдан жасалған контейнерлер әр екінші құс тасымалынан кейін механикалық және дезинфекциялық тексерістен өткізілуі тиіс. Контейнерлерге санитарлық өңдеуді өткізгенде арнайы жабдықталған бөлмелерде келесі әдіс бойынша жасалады: механикалық тазалаудан кейін контейнерлерді ыстық сумен жуады; профилактикалық дезинфекцияны күйдіргіш натрдың ыстық 2% ерітіндісімен, ағартылған хлорлы әк ерітіндісімен, 1-2% формальдегид ерітіндісімен және т.б. ерітінділермен жүргізеді; дезинфекциядан кейін контейнерлердің сыртын сумен жуады.
Тірі құсқа арналған ағаш жәшіктерді келесі әдіспен өңдейді:
механикалық тазалау, жуу және аэрозольмен, бумен, демп ерітінділерімен дезинфекциялау, экспозициясы 4-5 мин.
Ет және ет өнімдерін тасымалдағаннан кейін автокөлікті дезинфекциялау
Тексанит немесе хлорлы әк ерітіндісін 2% күйдіргіш сілті ерітіндісін, 4% хлорамин ерітіндісімен, 2% демп ерітіндісін, дезмол, ДПМ-2 препаратын – 0,5л/м2 қолданады.
Автокөлікті және азыққа арналған жәшіктерді жамылған хлорлы препараттарды қолданып дезинфекциялауға болмайды, себебі ол коррозияға ұшыратады.
Автокөлікті жуу және профилактикалық өңдеу үшін, оларды алдымен тазалап, төмендегі ерітінділердің біреуімен өңдейді.
Синтамид қосылған натрий дихлоризоцианонурат – 5 қолданар алдында дайындайды. 500С судағы ерітіндіні дайындау үшін ДХЦН араластырып ерітеді, одан кейін синтамид -5 қосылады. 100 л суға – 2 кг синтамид 5 және 0,5 кг ДХЦН. Ерітінді металдан, ағаштан және бетоннан жасалған ыдыстарда жасалады:
Витамол, Триас композициясының 2% ыстық ерітіндісі. Құрамы: синтамид -5%, кальцинирленген сода 45%, натрий тринолифосфат -10%, натрий меатлсиликат – 10, натрий сульфат – 10, цианурат -10. Өңделетін нысандарды жоғарыдағы ерітінділермен 1л/ м2 өңдейді 10 мин бойы шлангыдағы сумен шаяды, экспозияциясы 30-40 минут.
Автокөліктің лажсыз дезинфекциясы Жануарлардың инфекциялық аурулары болғанда автокөлікті дезинфекциялау режимдері.
Тасымалдаған кезде инфекциялық ауру табылса, автокөлікті тазалау және дезинфекциялау белгілі бір инфекциялық аурулар кезіндегі нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Мысалы, туберкулез табылса, жануарлар туберкулезін жою үшін қолданылатын шарттар инструкциясы бойынша ағартылған хлорлы әк ерітіндісі, 1% глутар альдегид ерітіндісі, 2% метафорерітіндісі, 3% формальдегид ерітіндісі т.б. қолданылады.
Бөлмелерді аэрозольді дезинфекциядан өткізгенде 38-40% формальдегид ерітіндісі қолданылады – (40 мл/ м3, экспозияциясы 48 сағат).
Жануарларды туберкулезден сау емес бекеттерден тасымалдау барысында, автокөліктерді дезинфекциялау үшін ағартылған хлорлы әк ерітіндісін немесе формальдегид ерітіндісін қолданады.
Автокөліктің аэрозольді дезинфекциясы. Ауру жануарларды тасымалдайтын автокөліктерде вегетативті және споралы микроорганизмдер кездесуі мүмкін. Егер автокөлік толығымен инфицирлеген болса, онда аэрозольді дезинфекция 100% кепілдік береді.
Аэрозольді дезинфекцияның алдында автокөлікті механикалық өңдеуден өткізіп, оны арнайы бөлмеге орналастырады немесе каркасты пленкамен жабады.Дезинфекцияны 38-40% формальдегид ерітіндісін пайдаланып жасалған аэрозольмен өткізеді – 60мл/ м3, экспозициясы – 20 минут. Ғимарат ішіндегі температура 100С төмен болмауы тиіс және ылғалдылығы 50-95%. Егер ылғалдылық 50% төмен болса, онда алдынала 10-20 мл/ м3 есебінде суды себеді, экспозиция біткеннен кейін 12,5% мүсәтір спирттің ерітіндісімен бейтараптауды 10-15 мин өткізеді. Бейтараптаудан кейін 10-30 минут автокөлікті желдетеді.
Марек ауруы болғанда арнайы құс тасымалдайтын және құс өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді аэрозольді дезинфекциялау үшін ацетилсалицил қышқылы негізіндегі препаратты қолданады.
Препаратты құстарды орналастырған бөлмелерде қолдануға болады. Ол дезинфекциялық қасиеттерге ие, инфекцияның таралуына жол бермейді. Препараттың қолдану уақыты – 12 ай, сақтау температурасы +5-200С дейін. Дезинфекция алдында бөлмелерді механикалық тазалаудан өткізіп, 60-700С ыстық сумен жуады.
Өңдеуді өткізу үшін баллоннан тығынды ашып, факельді бөлме ауасына қаратып, аэрозольді шашады. Құс және құс өнімдерін тасымалдайтын көлікті 40 мл/ м3 есебінде дезинфекциялайды, экспозициясы 1 сағат, бір рет қолданады. Қысқы уақытта дезинфекциялау температурасы 10-150С төмен емес бөлмеде өткізіледі.