Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Айлақтарды және порт сепарацияларын дезинфекциялау



бет162/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172
Байланысты:
index

Айлақтарды және порт сепарацияларын дезинфекциялау


Карантинді порттың тұрағын (причалды) дезинфекциялауды тұрақ территориясынан, сепарациясынан, түсірілетін – артылатын жабдықтардан, эстакададан және т.б. өткізеді.
Тұрақ алаңына дезинфекция жүргізу барлық арту–түсіру жұмыстарын өткізіліп, механикалық тазалауды, кемелерді өңдегендегі дез ерітіндінің 1 түрімен жүргізілгеннен соң жасалынады. Ағартылған ақ хлорлы ерітіндісін 5% белсенді хлормен 1л/м2 шамасында шығындайды.
Сепарацияларды дезинфекциялауды таза не алдын ала залалсыздандырылған алаңында кемелерді өңдеу режимінде өткізеді. Сепарацияны дезинфекциялауда ашық алаңға жайып арасына 1 сағат салып, дезинфекциялаушы ерітіндіні шашыратады, аударып қайта 2 рет шашады. 3 сағат өткеннен кейін дезинфекцияланған сепарацияны қатырады.
Түсіріп-артылатын құрал жабдықтарды портқа кіргізер кезінде дезбарьер орнатып дезинфекциялайды.

Әуе көліктерін ветеринарлық-санитарлық өңдеу


Әуе жолын ветеринарлық-санитарлық өңдеу кешенді түрде күрес шараларымен ветеринарлық тасымалдау жолдарының таза болуын қамтамасыз етеді.
П.В.Житенко (1981) ұшақ салонының ішін әрбір жануарларды, жүк өнімдерін түсіргенде дезинфекциялау керек дейді. Тек бір жануар және бір құсты, инкубаторлық балапандарды дезинфекциялау шарт емес. Әрбір орындалған рейстен кейін ұшақтың жүк жайлайтын бөлімін (жануарлар артылған) тазалап жинайды, тек керек жағдайда ғана ветеринарлық жұмысшылардың нұсқауы бойынша дезинфекциялайды. Дезинфецияға өткір иісті коррозиялайтын заттарды пайдалануға мүлдем болмайды. Ұшақ бөлмелері дезинфекция жасағаннан кейін желдетіліп, кептірілуі ке рек. Ветеринарлық-санитарлық жағдайға байланысты жануарларды, азықтарды, жануарлар өнімдерін тасымалдағаннан кейін әуе көлігін және әуе жолының басқа да нысандарын 1-ші, 2-ші, 3-ші категорияда өңдейді.

1-категория режимінде ұшақтарды, тік ұшақтарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу


Ұшақтар, тік ұшақтар жүк бөлімдерін жануарларды түсіру алаңдарының қоршаулардың, жануарлардың уақытша ұстау жануар текті өнімдер мен шикізаттардың бөлмелерінің механикалық тазалау көзделген. Механикалық тазалауды арнайы бөлінген әуежайдың жүк бөлімінің жұмыскерлері өткізеді. Тазалауды, қи, төсеніш, қоқыстар мен т.б алдын ала ылғандандырудан бастайды. Содан кейін бұл ластанымдарды мұқият жинап, бөлмеден арнайы герметикалық контейнерлерге тастайды. Жануарларды топтық секционды бөліп тасымалдағанда секционды бөлгіштерді бөлшектейді, еден мен қабырғалардың пленкалы немесе басқа жабындыларын алады, ластанған беткейлерді ветош немесе паролонмен тазалайды-20% хлор ерітіндісінде немесе суланған жуғыш заттар қолданады.
Егер де беткей қатты ластанған болса, онда ыстық сумен шашып, ал содан кейін калорифер мен жылы ауа жібереді. Бір мезгілде алаңдар, бөлмелер, вагондар мен т.б. механикалық тазалануын өткізеді, содан соң ыстық су ағынымен шаяды. Қи, төсеніш, қоқыстар мен басқа қалдықтарды арнайы көлікпен жағуға арналған пештерге жеткізеді. Ал ағынды суды ұстағыштар (отстойники) арқылы қалалық, канализациялық жүйеге өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет