Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


-категориялы кемелерді өңдеу



бет160/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   172
Байланысты:
index

2-категориялы кемелерді өңдеу
Өңдеудің алдында қи төсеніш азық қалдығы қоқыс, әр түрлі мал шаруашылық жүктерін (ет түйіршіктері, сүйек сынықтары, қылшығы және т.б.) дезинфециялайтын ерітіндімен алдын-ала дымқылдайды, сосын қи-нәжісті сұйық өткізбейтін қораптармен биотермиялық зарарсыздандыратын кеңістікке жеткізеді. Ал қоқысты азық қалдықтарын қоқыс өртейтін пештерде өртейді. Импортқа шығарылатын жұқпалы аурулармен ауырған жануарлардың қиын, төсенішін, астық қалдығын қолдануға жарамайтын (сепарацияны) сүзгішті, тағы сол сияқты заттарды өртейді. Содан соң трюмды, палубаны, ыстық сумен алдында айтылып кеткендей жуады. Қалған барлық қалдықтарды теңіз суына, су қоймаларына төгуге қатаң түрде тыйым салынады.
3-категориялы кемелерді өңдеу
Жануарларды тасымалдағаннан соң қиды, төсенішті азық қалдығын, қоқысты жинап теңіз жағасына түсіреді, оны алдын-ала дез ерітіндісімен себелейді және арнайы машинамен портта өртеу үшін шығарады.
Ылғалды дезинфекция әдісі. Кемелерді дезинфекциялау 1 немесе 3 категория режимдері бойынша карантиндік жағада немесе басқа жерде өткізіледі. Трюмдар мен палубтарды аэрозольды әдіспен дезинфециялайды.
Ылғалды дезинфекция әдісі. Дезинфекция өткізу үшін трюмдарда жарық жақсы жабдықталған болу керек. Ал температура сыртқы ауаның 00 немесе одан да жоғары кезінде кемелерді дезинфециялауды 2 категорияғыдай хлорлы әктің ағарған ерітіндісін, белсенді хлордың 2-3% құрамы, хлораминнің 5% ерітіндісі, 3-4% ыстық натр күйдіргішін, 2% формальдегид ерітіндісін пайдаланады.
Шығын нормасы дезерітіндісінің 0,5л/м2 кем емес, экспозициясы 30 мин. Дезинфекциядан соң трюмдар мен палуба ыстық сумен жуылады. Туберкулезбен ауру малды тасымалдағаннан соң кемені формальдегид сілтілі ерітіндімен немесе хлорлы әк ерітіндісімен, құрамы 5% белсенді хлоры бар деззатпен тазалайды (Е.П.Свиридов 1984).
Рефрижераторлы кемелерге арналған теңіз суынан дайындалған
100 пайыз зарарсыздандыратын дезинфекциялық препарат ұсынған. Ерітінді қысымы 20 атм. Интервалы 1 сағат. Дезерітінді шығыны норма бойынша 0,5 л/м2.
Трюм дезинфекциясынан кейін 3 сағаттан соң ыстық сумен шаяды, жауып, желдетеді. 3 категорияда кемелерді дезинфекциялағанда екінші реттік хлор ерітіндісін жағу немесе гипохлор 5% белсенді хлор 0,5 л/м2 есебінде, 4% формальдегид 2-есе пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет