Ағынды суларды өңдегендегі бақылау. ДЖС, дезблоктарда, дезкамераларда, дезкешендерде және ветеринарлық-санитарлық өңдеу орындарында, жануарларды, жануартекті өнімдерді тасымалдағаннан кейінгі, жуғаннан кейінгі ағынды суларды залалсыздандыруға қатаң бақылау жүргізіледі. ДЖС ветеринарлық зертханаларда жүйелі түрде ағынды суларға ветеринарлық-химиялық және санитарлық-
бактериологиялық талдаулар жүргізілуі керек. Мысалы, ДЖС күн сайын су тозандарына 45 мың/м3 ластанған су, теміржол көлігінде 230 млн/м3 су жіберіледі.
Санитарлық-химиялық бақылау кезінде хлорлы әк сапасын анықтау керек, оның құрамындағы белсенді хлорды, ағынды суларды хлорлау алдында рН анықтау, лайлану дәрежесін анықтау, су температурасын анықтау қажет. Сонымен қатар ағынды суларды хлорлау белгілі нұсқаулық бойынша жүргізіледі.
Ағынды суларды тазалаған құрылғыларды жіберер алдында бақылайды. Хлорды енгізгеннен кейін 1-2 сағаттан соң хлор мөлшері 0,51 мг/л болуы керек. Егер бұндай мөлшерге жетпесе, жіберілмейді.
Бактериологиялық бақылау хлорлау алдында және одан кейін жүргізіледі, микроб мөлшері 1мл, ішек таяқшалары, патогенді микрофлора мөлшері. Микрофлора мөлшері 95% төмендеуі, патогенді микробтардың жоғалуы, коли-титр 10мл-ден асапауы керек.
Жануар қиы – ол құнды тыңайтқыштар, сонымен қатар олар адам және жануар ағзасына зиян тигізетін микроорганизмдер сақталатын орта. Инфекциялық аурулармен ауыратын малдар қиында сібір жарасы, туберкулез, сақау, шошқа тілмесі, бруцеллез, сальмонеллез, колибактериоз, аусыл, инфекциялық анемия және т.б. қоздырғыштар болады.
Инфекциялық қоздырғыштар қида тіршілігін ұзақ уақыт сақтайды, сондықтан сыртқы ортаны ластайтын фактор көзі болып есептелінді.
Л.Э.Фиха көрсеткіштері бойынша, вагондардан 0,5 тон қи түсеріледі. Көліктерден түсірілген қиларды залалсыздандырудың ең тиімдісі биотермикалық әдіс, спора түзуші микробтармен залалдалған қиларды жағады. Қиларды көмуге болмайды, өйткені қоздырғыштардың сыртқа шығуы мүмкін.
Сібір жарасымен залалданған қиларды химиялық өңдеу тиімсіз, өйткені нәтиже бермейді. Бірақ химиялық әдісті аса қауіпті қоздырғыштарды залалсыздандыруға болады. Сұйық қиды өңдеу ұсынылған. Сұйық, жартылай сұйық, тұнбаларды туберкулез кезінде 30 кг аммиак қосып, 1м3 5 тәулік бойы экспозициялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |