Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Көлікті ветеринарлық санитарлық өңдеуден кейінгі ағынды суларды тазалау және дезинфекциялау



бет154/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   172
Байланысты:
index

Көлікті ветеринарлық санитарлық өңдеуден кейінгі ағынды суларды тазалау және дезинфекциялау


Ағынды сулар – ол тұрғындардың тастаған сұйық қалдықтары, өнеркәсіптерден, ауруханалардан, ветеринарлық стансалардан, биофабрикалардан, дезинфекциялық-жуғыш стансалардан (ДЖС), биік атмосфералық сулар және басқа ағынды сулар. Ағынды суға адам мен жануарлардан бөлінетін заттар, өнеркәсіп қалдықтары құрамында органикалық және бейорганикалық қосылыстары бар микрофлора түседі. Санитарлық тұрғыдан ең қауіпті, құрамында патогенді микрофлорасы және көп мөлшерде азотты қосылыстары бар, ағын су табылады. Осындай сулар тез арада шіріп, жағымсыз иістер шығарады. Ағынды суларда патогенді микробтардың болып, олар осы жерде тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтайды.
В.А. Краснощекованың (1961) айтуы бойынша, шошқа тілмесінің қоздырғышы қида 25-28 күн тіршілігін сақтайды. А.А.Аннагиев (1954) тері зауытының ағынды суын зерттеген кезде 750 сынаманың 79-нан сібір жарасының қоздырғышын тапқан.
Аусыл вирусы ағынды суларда 21 күн, қыста суық ағынды суларда 103 күн бойы сақталады (Поляков, 1969).
Л.Э.Фих (1982) айтуы бойынша, (ДЖС) ағынды суларды, ет комбинаты мен қилы-шаруашылық ағынды суларымен салыстырмайды.
Олар физико-химиялық зерттеулерді керек етеді.
Кемелерді, ұшақтарды, контейнерлерді, автокөліктерді өңдегендей ағынды сулар мінездемелері де болмайды. Ағынды сулардың санитарлық бағасын зерттеулерді бірнеше ғалымдар жүргізді (Рудаков, 1951; Нетылкин, 1964; Овчинкин, Гапонова, 1968; Прохоров, Суворов, Грибанов, 1981). М.П.Овчинкина мен В.А. Гопанов ДЖС ағынды суларын зерттеген кезде олардың химиялық заттармен ластанғанын, майлығын, сарғыш-қоңыр немесе сарғыш-сүр түсті, қидың иісін анықтаған.
Осы себептен дезинфекцияланбаған ағынды сулар қоршаған ортаның ластануының және адамдар мен жануарларға инфекция тарату көзі болып саналады.
Ағынды суларға санитарлық баға беру. Ағынды сулар көліктерді жуып, дезинфекциялағаннан кейін (вагондар, кемелер, ұшақтар, автокөліктер) олардың санитарлық жағдайына байланысты 3 категорияға бөледі:

  • 1 категориялы режим бойынша көліктерді жуғаннан кейінгі ағынды су, жануарларды тасымалдағаннан кейінгі, ауру емес малдардың шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейінгі қи қалдықтары, төсеніш және басқа механикалық қалдықтар. Бұндай ағынды суларды патогенді

микрофлорадан таза деп, оны дезинфекцияламайды;

  • 2 категориялы режим бойынша көліктерді жуғаннан кейінгі ағынды суларды құрамында вирус қоздырғыштары бар деп есептеліп, міндетті түрде дезинфекциялауға жіберіледі;

  • 3 категориялы режиммен көліктерді жуғандағы ағынды сулар құрамында аса қауіпті вирустары болуы мүмкін, көбінесе сібір жарасы, эмфизематозды карбункул, сіреспе т.б. Бұндай ағынды сулар ДЖС алаңында дезинфекцияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет