Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Жұмыртқа ыдыс-қоптарын дезинфекциялау



бет151/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   172
Байланысты:
index

Жұмыртқа ыдыс-қоптарын дезинфекциялау. Жұмыртқаны
тасымалдағаннан кейін жәшіктерін және жұмыртқа төсеніштерді 59-600С температуралы формалинді бу қамерасында (1м3 камерасына - 40г формалин шығын нормасы, 45 минут бойы экспозициясында) дезинфекциялайды. Бірақ камералардың көлемі (әсіресе үлкен шаруашылықтарда) (10-10м3) өңдейтін таралардың сандарымен сәйкес келмейді.
А.А.Закомырдин авторлар тары мен жәшіктер бірге (1976,1982) құс шаруашылығында, үлкен көлемді камераларды дезинфекциялауды (500м3 дейін) ұсынды. Ол үшін қағаз және ағаш жүктердің ішіне бұдырлы (бугорчатые) төсеніштерді (12 ден) камера стелажына салады, жәшіктер арасында 0,5-1 см орын қалдыру керек. Жәшік ішіндегі төсеніштерді тігінен араларына 0,5 см орын қалдырып салады.
Оралған жәшіктерді және бұдырлы төсеніштерді стелажға тігінен қойып, араларына 0,5 см орын қалдырып орналастырады. Камераларға орналастырғаннан кейін 30-40% формальдегид ерітіндісімен, 40мл/м3 мөлшерді 8 сағат бойы немесе 60 мл/м3 1 сағат бойы шашырату арқылы өңдейді.
Аппаратсыз дезинфекциялаған кезде 50 мл 38-40% формальдегид (формалин) ерітіндісін және 50г хлорлы әкті 1м3 камерада қолданады. Өңдеу экспозициясы 30 минут. Дезинфекция жұмыстары аяқталғаннан кейін, формальдегидтті бейтараптау жұмыстары жүргізіледі.
Ет және құс өнеркәсіптерінде (ВНИИМП,1985) ет өнеркәсібінің Бүкіл Ресейлік ғылыми-зерттеу институты ұсынған жұмыртқаларды тасымалдайтын ағаш қораптарды дезинфекциялау үшін келесі әдістерді қолданады:

  • пароформалинді камераларда 100 мл формалинмен 1м3 камераны, 45 минут экспозициясында, температурасы формалинді жіберу уақытынан бастап 59-600С немесе 2 сағат бойы 18-200С температурада дезинфекциялау;

  • 109-1100С камераларда, қысымы 0,4 атм, экспозициясы 45 минут;

  • 45 минут бойы 4% Демп ыстық ерітіндісімен бүрку.

Дезинфекциялағаннан кейін тараны кептіреді.
Жұмыртқаларды тасымалдағаннан кейінгі қағаз жәшіктер мен төсеніштерді келесі түрде өңдейді. Щетка арқылы тазалап, формалинді булы камераларда келесі жағдайларда өңдейді:

  • 100 мл аэрозолды формальдегид 36-40% ерітіндімен 1м3 камерада

2 сағат бойы 18-200С температурада;

  • булы формальдегидпен 1м3 камераларда 2 сағат бойы; - хлор-формалинді аэрозолмен 20 минут бойы.

Дезинфекция аяқталғаннан кейін 20% аммиакпен бейтараптайды немесе желдетеді. Полистеролды немесе полиэтиленді төсеніштерін механикалық тазалап, ыстық сумен жуады (67-700С) және булы формалинді камераларда дезинфекциялайды. Дезинфекциядан кейін төсеніштерді сумен шайып, кептіреді.
Жұмыртқа өнімін тасымалдайтын банкаларды ыстық сумен жуып, 1600С кептіру шкафтарында 30 минут бойы бумен өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет