Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Бірінші санаттағы контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу



бет148/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   172
Байланысты:
index

Бірінші санаттағы контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу


1-категориялы ветеринарлық-санитарлық өңдеуді механикалық тазалау, жуу, ал керек жағдайларда профилактикалық дезинфекция шараларын жүргізіп өткізеді.
Механикалық тазалау кезінде қоқыстарды және тағы басқа заттарды ылғандандырып, ылғал өткізбейтін ыдыстарға салып, қоқыс өртейтін пешке, оларды өрттеу үшін апарады.
Контейнерлерді жууды ыстық сумен жүргізеді, оның температурасы 60-700С болуы керек. Алдымен еденді, кейіннен қабырғалары мен төбесін, есіктердің ішкі беткейін жуады. Жуылмаған бөліктерін арнайы щеткамен жуады. Кейін 2-ші рет, шайған су таза болғанша дейін жуады. Соңынан контейнерлердің сыртқы жақтарын жуады.
1-категориялы өңденген контейнерлерді ет және жануартекті шикізат өнімдерін экспортқа шығару үшін қолданылса, оларды дүниежүзілік талаптарға сай профилактика ретінде: құрамында 6%, формальдегид немесе 5% сірке үсті қышқылын (Пирс бойынша), немесе 6% хлорамин (активирленген ерітінді), 10% пергидроль дез препараты тәрізді дезинфекциялық заттар қолданылады. Ерітіндіні залалсызданған беткейлерде 0,5 л/м мөлшерінде қолданады. Залалсыздандыру экспозициясы 1 сағат.
Жұмыс дезинфекциялаушы ерітінділер үстіне, олардың жақсы нәтиже беру үшін 0,1-0,2% беткейлі-белсенді заттар қосады.

Екінші санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау


2-дәрежелі контейнерлерді механикалық өңдеу және жуу жоғарыдағыдай жасалынады.
Дезинфекция жабық алаңда ылғалды және аэрозольді әдістермен, техникалық дәрежесіне және жыл мезгіліне қарай жүргізіледі.
Дезинфекцияның ылғалды әдісі. Ветеринарлық дәрігердің (фельдшер) басшылығымен арнайы дезинфекциялау үшін бригада әкелінеді. Контейнерлердің іші мен сыртын тазалағаннан кейін арнайы 4% формальдегид ерітіндісімен немесе 3%-ды хлораминнің белсенді ерітіндісімен, немесе 6% қышқылды сүт қышқылымен, (0,2%-0,3%) сутегінің асқын тотығымен өңдейді.
Ерітінділердің температурасы 250С төмен болмауы керек. Залалсыздандыру аймағына ерітінділерді 0,25 л/м мөлшерінде 2 қайтара шашу керек. 2 рет қайтара өңдегеннен кейін 1 сағаттан соң контейнерлерді залалсызданған деп есептеуге болады.
Егер контейнерлерді желдеткеннен кейін дезинфектанттың өткір иісі кетпеген болса, олардың ішкі бөлшектерін жуып, иісті кетіру үшін 1% бейтараптау ерітіндісін қолданылады (аммиак ерітіндісі, формальдегид және гипосульфит үшін құрамында хлор бар препараттар және сілтілер үшін қышқылдар).
Контейнерлерді аэрозольды әдіспен дезинфекциялау. Оны арнайы жылытылатын камераларда, ал жаз уақытында температурасы 120С төмен емес, арнайы алаңдарда жүргізеді.
Ашық алаңда дезинфекциялау үшін контейнерлердің сол жақ есігінен енгізіп, оны тура бағыттайды, ал оң жақ есік толығымен жабық, ал сол жақ есік шлангылары қысылып қалмауы үшін кішкене ашық болуы қажет.Контейнерлердің сыртын ылғалды дезинфекциялау үшін қолданылған ерітіндімен өңдейді.
Аэрозольді дезинфекция үшін 40мл/м3, 38-40% формальдегид ерітіндісін, 60мл-м3, 20% сутегінің асқын тотығын, құрамында 3,5% әсер етуші зат бар, 30 мл/м3 нормасында экспозиция 1 сағат етіп пайдаланады.
Экспозицияның аяқталу барысында формальдегидті бейтараптау үшін контейнерлер ішіне жартылай мөлшерде аммиак ерітіндісін енгізеді.
Бейтараптаушы заттарды енгізгеннен кейін контейнерлер есіктерін тығыздап жауып, 30 минуттан кейін табиғи желдету үшін ашады. Сірке үсті қышқылының буын 20-30 минут табиғи желдету бойынша кетіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет