Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Вагондарды дезодорациялау



бет145/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   172
Байланысты:
index

Вагондарды дезодорациялау
Дезодорация – ветеринарлық санитариядағы негізгі тәжірибелік шара. Көлікпен түрлі жүктерді тасымалдағанда, бірнеше рет жуғанда, дезинфекциялағанда және желдеткеннен кейін де өзіндік жағымсыз иістер қалады.
Дезодорацияның мақсаты – көліктерде, жануарлар алаңында жағымсыз иістерді жою каталикалық тотықтыру, адсорбциялау.
Дезодароция күрделі және көп құрамды ұшпалы заттармен байланысты әрекет.
Азықтық өнімдерде физико-химиялық анализ жасаған кезде, олардың құрамында түрлі ұшпалы қосылыстардың бар екені анықталады.
Сүт, ет, балық өнімдерінде, цитрусты жемістерде және т.б. өнімдердің әрбіреуінде 200 астам ұшпалы қосылыстар бар.
Осылардың барлығы рефрижераторлы вагондарда түрлі иістердің таралу себебінен болады.
Жануарларды тасымалдағаннан кейін де вагон ішінде түрлі иістер болады, олар: күкірт сутек, меркаптан, петрусцин, кадаверин, индол, скатол, аммиак.
С.М.Горжковскаяның (1963) айтуы бойынша, хлорит әк ерітінділері, аммиак қосылысымен, жақсы дезодораушы зат болып есептелінеді. Дезодорациялау үшін құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорит әк ерітіндісін алады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, дезодарлаушы ерітінді ретінде күкірт қышқылды мысты қолдануға болады. Бұл препараты қолданғаннан кейін, шіру процесі азайып, жағымсыз иіс кетіп, микроорганизмдердің өсуі тежеледі.
Изотермиялық вагондарды дезодорациялау үшін, авторлардың мәліметтері бойынша, темір купоросын (күкірт қышқылды темірді), күкіртсутегімен және аммиакпен байланысқа түсетін препараттарды қолдануға болады.
П.Г.Песков; П.М. Малуша; Л.Э.Фих (1982) ұсыныстары бойынша вагондар ішіндегі жануарларды, тұздалған балықтарды, тері шикізатын, сүйектерді және т.б. жануартекті шикізаттарды тасымалдағаннан кейінгі жағымсыз иістерді-хлорлы әкпен, формалинмен, калцийлирленген содамен, калий перманганатымен дезодарациялауға болады.
Ең сенімді дезодарант калий перманганаты, оны келесі жағдайда қолданады: вагондарды механикалық тазалап, жуғаннан кейін, 20л шығын есебімен 1% көлемі перманганат ерітіндісін қолданады. 2 сағат экспозициядан кейін өңдеуді қайталайды, егер иіс кетпеген болса, оны үшінші рет 0,5%-ы калий перманганатымен өңдейді. Экспозиция 1-2 сағат, вагонды жуып, желдетеді. Вагондардан ерітінді ағып кетпеуі үшін, ағаш үгінділерін салады.
А.А. Поляков (1983) ұсынысы бойынша дезодорациялау үшін калий перманганаты және хлорлы препараттармен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.
Тасымалдағаннан кейін вагондарды қосымша ыстық сумен жуып, желдетеді.
Егер ет тасымалдауға арналған изотермиялық вагондарды дезинфекциялағаннан кейін, жағымсыз иіс сақталса, оларды дезодорациялайды.
П.Г.Песков (1969, Фих 1982) ондай вагондарды ыстық 1% күйдіргіш натрий ерітіндісін жуып, 30 мин сайын қайталап отырады немесе құрамында 0,5% активті хлор немесе 1,5-2% формальдегид бар хлорлы әкпен шашыратып, шаяды. Бейтараптау үшін 1,5-2% нашатыр спиртін қолданады 30 мин кейін вагонды ыстық сумен жуады. П.Г.Песков белсенді хлор әк ерітіндісін қолдануға болмаса, онда 2% оксидефенолят натрий ерітіндісін қолдануға болады, деп атайды Л.Ә. Фих бойынша, оны изотермиялық вагондарды дезодорациялау үшін қолдану тиімді.
М.П Бутко, Т.А.Тарасенко (1985) сияқты ғалымдар изотермиялық вагондарды, өңдегеннен кейін, балық және басқа бөтен иістерді қосымша өңдеуден өткізуді ұсынды:
1,5% кальцийрилденген сода немесе басқа жуғыш заттар қосылған ыстық сумен, щеткамен тазалап жуу керек.
Гипохлор немесе гипохлорит натрий ерітіндісімен, құрамында 5% активті хлоры бар шашырату шығымы 1 л/м алаңға, ерітіндіні 2 рет, 30 минут сайын қолданады.
Екінші рет дезерітіндіні енгізгеннен кейін, есіктерді нығыздап жауып (1 сағатқа), кейін өңделген беткейлерді ыстық сумен жуып, вагондарды кептіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет