АЖА (ААУ) аппараты көмегімен вагондардың аэрозольді дезинфекциясы (аэрозольді жиілікті аспап (аппарат). Вагондардың дезинфекциясы үшін Бүкілресейлік ветеринарлық санитария, гигиена және экологияның ғылыми-зерттеу институтының ЭКБ-мен аэрозольді жиілікті аспап жасалып шығарылды. (Бутко және басқалары 1982). Аппараттың жұмыс аппараты - жылдамдығы 24 мың айналым/минутта айналатын көлемді көп каналды (диск) табақша.
АЖА-ны арбаға бекітіп салынған бөшкенің дезерітіндіні шығару СКН-2 клапандары арқылы жүзеге асырылады вагонға кіргізетіндей көлемі болуы керек. Аспап жұмыс алдын алу жасалған берілген алгаритімі бойынша дистанциондық басқарылады пультімен. АЖА мынадай артықшылықтыры бар, оған компрессор қажет емес, өндіргіштігі 1,140 л/мин, вагондардың аэрозольмен толу уақыты 7-8 мин, аэрозольді бөлшектердің массалық медианді диаметрі 21-40 мкм. Дезинфекция алдында вагондарды механикалық тазалайды, содан соң белгіленген тәртіпте оларды ыстық сумен жуып шаяды. Жуудан кейін бүйірлік және үстіңгі люктерді және қарсы платформа жағындағы бір есікті жауып қояды. Аспапты вагонға әкеп оны орталық бөлімге орналастырады және есікті жауып, кез келген материалмен бітейді. Аспапты басқару қалқанында орналасқан тетікті басу арқылы қосады.
Екінші дәрежелі өңдеу үшін вагондарға глутар альдегидін (20%) шығыны 80мл/м3 және экспозициясы 1 сағат, формалинмен (38-40%) шығыны 40 мл/м3 және экспозициясы 1 сағат, аэрозольдерді қолданады.
Вагондарды үшінші дәрежелі дезинфекциясы үшін шығыны 60 мл/м3 және экспозициясы 3 сағат формалин (38-40%) пайдаланылады. Дезинфекцияны температурасы 15ºС және ылғалдылығы кемінде 60% жағдайында өткезеді. Залалсыздандыру экспозициясы аяқталған соң вагонды ашпай бейтараптандырғышты шашады, ол үшін қашықтықтан басқару тетігін қосады немесе раптандырғыш ыдысына қосады не вагонды ыстық сумен жуып кептіреді. Формальдегидті бейтараптандыру үшін шығыны 50мл/м3 және экспозициясы 10-15 минут болатын аммиак қолданылады, ал глутар альдегидін бейтараптауға су қолданылады.
АЖА-ның жұмысы кезінде оператор вагоннан тыс болмау керек. Жұмыс алдында міндетті түрде қоңдырғы беріктігін тексереді. Дезинфекция жүргізу кезінде вагон алдына «Кіруге болмайды» деген жазу іліп қояды.