Дезинфекцияның аэрозолды әдісі. Ылғалды әдіс вагон – рефрижераторларды, ұшақтарды және т.б. өңдеу үшін жарамды (Ярных,1972). Сол себептен дезинфекциялау тәжірибесінде аэрозолды әдіс кең етек алуда, оның енгізілуі қызметшілер жұмыстың гигиеналық жағдайын айқын жақсартып, дезинфекция үрдісін жеңілдетіп және оның өткізілуіне кететін шығындарды азайтады. Аэродисперстік күйге келтірілген дезинфицирлеуші ерітінділер, бұрынғы агрегатталмаған бірлікпен салыстырғанда бірліктің беткейін көп есе ұлғайтады, содан олардың шығыны он және жүз есе азаюымен орнын толтыра алады. Заттың физико-химиялық белсенділігі күрт жоғарылайды. Аэродисперсті күйге ауысқан дезинфицирлеуші ерітінділер ылғалды дезинфекция кезіндегі препарат жете алмайтын барлық саңылау мен жерлерге жетеді.
Сонымен қатар аэрозольдар бөлмелер мен құрылғылар беткейлерін ылғалдандырмайды және металдардың коррозиясын тудырмайды. Аэрозольдерді пайдаланғанда дезинфицирлеуші заттардың шығындалуы 3-5 есе қысқарады және өңдеу көлемі азаяды.
Вагондарды дезинфекциялаудың аэрозолды әдісі аз шығын кетіреді (3 есе) және ылғалды әдіспен салыстырғанда, анағұрлым пайдалы
(Винокуров, Любаков,1974).
Аэрозольді дезинфекцияны өткізуге дайындау
Вагондардың аэрозольді дезинфекциясы кезінде міндетті түрде алдын ала дайындау (тазалау, жуу және вагондардың герметизациялау тәртібін сақтау қажет.
Дезинфекция кезіндегі вагондарға ауа температурасы 12°C кем емес, оптималдысы 17-22°C және одан жоғары, ал ауаның ылғалдылығы 60% төмен емес болуы керек.
Егер ауа ылғалдылығы төмен болса, вагондардың ішіне аэрозольді қондырғы арқылы 10 л/м³ мөлшерінде су жіберуге ұсынылды. Беткейдің қатты ылғалдануы кезінде оның үстінде қонған аэрозольді бөлшектердің концентрациясы төмендейді, ол болса дезинфекция тиімділігіне теріс әсер етеді. Бұндай жағдайда шаятын су вагон бетінен ағылып, содан соң олар құрғатылуы керек. Дезинфекцияның эффективтілігіне аэрозольдің дисперстілігі де әсер етеді. Вагондар дезинфекциясы үшін ең тиімді салмақтық медианды диаметрі 25-30 мм болатын формальдегид пен құрамында хлоры бар аэрозольдер.
Ерітінділердің қабырғалар беткейінен ағуының ұзақтығын кеміту үшін және дезинфектант тамшыларының жылдам ағуы үшін, дезинфектант құрамына 1% -ды беткелі белсенді заттар қосады.
ББЗ-ы дезинфектанттрмен қосып қыздырғанда, олардың бактериоцидтік қасиеті жоғарылайды және ол аэрозольді дезинфекция жасау үшін қолданылады, ол қосылыстар қабырғалар бекетінде бактириоцидтілігі жаңа қабық түзеді және оның шығынын аз айтады.
Аэрозольді дезинфекция үшін қолданылатын ерітінділердің тұмбалары және жуылмайтын, ерімейтін қасиеттері болмауы керек. Формалинде полимеризация көріністері болмауы керек, керек жағдайда ерітінділерді мақта, дәке сүзгілерінен өткізеді.
Вагондарды нәжістен, қоқыстардан тазартып, ыстық су мен лайлылығы кеткенше жуады.