Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


ТАН-қондырғысы көмегімен вагондарға аэрозольді дезинфекция жүргізу



бет141/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   172
Байланысты:
index

ТАН-қондырғысы көмегімен вагондарға аэрозольді дезинфекция жүргізу. Дезерітіндіні шашу үшін 6 атм төмен емес қысым жасайтын, 8 атм кем емес қысымды көтеретін ерітіндіге арналған 10 л артық сыйымдылық және аэрозольді қоңдырғы, компрессор мен сыйымдылық қосатын оттегі шлангілері бар компрессор қажет. Қысылған ауаны алу үшін қолданылатын компрессорлардың (СО-7А және т.б.) өндіргіштігі 3060 м (куб) сағаттан кем болмау керек. Екі үш және одан да көп қондырғылардың бірдей жұмыс істеуін өндіргіштігі 60 м куб/сағ астам компрессорлар қамтамасыз етеді. Ол үшін қуатты стационарлық компрессорлық станциялар пайдаланылады, мысалы ПКС-5 (ішкі жану двигателімен) немесе ПКС-3,5 (элекродвигательмен). Аэрозольді дезинфекцияны екі әдіспен жүргізуге болады.

  1. Аппаратураны дайындағаннан кейін ыдысына дезинфицирлеуші ертінді құйып, вагонның есіктері мен люктерін тығыз жауып қояды. Қондырғыны орналастыру үшін платформа жағынан есік аралық кеңістікте кішкентай саңылау қалдырады, содан соң қондырғыны орнатып есікпен қысып, компрессорды қосады. Жұмыс ыдысында қысым 4-5 атм жеткенде аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықтық жүйесін ашады.

  2. Вагонға ТАН қондырғысы бекітілген ұстағыш-штатив қойылады, ол вагонның қарама-қарсы бүйірлік қабырғалар жағына аэрозольдің бірқалыпты таралу үшін ұстағыштың механикалық айналуын қамтамасыз етеді. Вагоннан есіктен сыртқа шығарылған ұстағыш тұтқасы көмегімен 6-8 айналым жасап, аэрозольді аламыз.

Изотермиялы вагон есігінің гермитизациясы вагон есігінің периметрі бойынша салынатын тығыздағыш арқылы жүзеге асырылады, (полимерлі қаптар, поролон, мақта, құрғақ шөп т.б. Осыдан кейін вагон есігін қатты қысып, аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықты жүйесін қосады.
Екі жағдайда (қысымы 4-5 атм және) аэрозольді қондырғының қысымы 4-5 атм және өндіргіштігі 500 м/мин болған кезде аэрозольді бөлшектерінің салмақтық медиальді диаметрі 35±15 мкм жетеді.
Жабылған вагондарға екінші дәрежелі дезинфекция жүргізгенде мынадай аэрозольдер қолданылады: формальдегид ерітіндісінің 38-40% экспозициясы 1 сағат кемінде шығыны 40 мл/м3 болатын немесе құрамында кемінде 5% белсенді хлоры бар шығыны 100 мл/м3 пен экспозициясы 6 гипохлорит пен ДТСГК ерітінділері.
Изотермиялы вагондардың шығыны 50 мл/м3 және экспозиясы 1 сағат сірке үсті қышқылы (5%) көлемді аэрозолімен немесе шығыны 65 мм/м3 және экспозициясы 2 сағат глутар альдегидінің (25%) көлемді аэрозольдерімен дезинфекциялайды.
Вагондардың үшінші дәрежелі дезинфекциясы үшін шығыны 60 мл/м3 және экспозициясы 3 сағат формальдегидтің 38-40% ерітіндісін аэрозольдерді пайдаланады.
Екінші дәрежелі вагондардың сыртқы беткейін ылғалды әдіспен не болмаса бағытталатын аэрозольдер шығыны 60 мл/м2 8% формальдегид ерітіндісімен немесе 150 мл/м3 мөлшерінде (4%) глутар альдегидімен және экспозициялары 1 сағат дезинфекциялайды, ал дәрежелі вагондарды 8% формальдегид ерітіндісіне бағытталған аэрозоль мен арасына 1 сағат салып екі рет өңдейді, оның шығыны 60 мл/м3 .
Вагонды формольдегидті бейтараптандыру үшін залалсыздырудың экспозициясы аяқталысымен шашылған формальдегид ерітіндісінің жарты мөлшеріндей болатын аммиактың 25% ерітіндісінің аэрозолін қосып 30 минут ұстайды, содан кейін жуып шаяды.
Вагонның өзі дезинфекциядан кейін арту орнына дейін 12 сағат жолда болады, ол уақыт ішінде есіктер мен люктер арқылы табиғи желдетіліп немесе экспозициясы өткеннен соң сумен шайылып және желдетілу арқылы формальдегидтің иісі жоғалады. Басқа дезинфекциялаушы заттарды қолданған кезде экспозиция аяқталғаннан соң вагондарды ыстық сумен жуып кептіреді. Аэрозольді қоңдырғыларды аптасына кемінде 2-3 рет бөлшектеп тазалайды, ал жұмыс біткенде жылы сумен шайып кептіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет