Үшінші санаттағы контейнерлерді дезинфекциялау
Өнімдер мен жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін, контейнерлерді өңдеу ылғалды және аэрозольды түрде жүргізіледі. Әр жағдайда да оларды механикалық өңдеуден өткізеді: контейнерлердің ішкі бөлігін механикалық тазалау жасамас бұрын дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғадандырады.
Тасымалдауға қолданылған материалдарды ылғал өткізбейтін ыдысқа салып, арнайы алаңға қоқыс жағатын пешке шығарып тастайды. Контейнерлерді ветеринарлық дәрігердің нұсқауымен ластану дәрежесіне байланысты жуады. Аз мөлшерде ластануына байланысты, ылғалды жинайтын жөркемен (швабра), щеткамен, жүргізуге болады.
Дезинфекцияның ылғалды әдісі. Контейнерлердің ішкі және сыртқы бөліктерін дезинфекциялау үшін: 6% формальдегид немесе 7,5% сутегінің асқын тотығын, сонымен қатар құрамында 10% сірке үсті қышқылы бар ерітінді (0,35% әсер етуші затты), немесе 12% хлорамин немесе белсендірілген гипохлор ерітіндісін, дезинфектанттарды қолдануға болады.
Жұмыс ерітінділерін залалсыздандырылатын беткейіне бір сағат аралығында 0,250 л/м2 екі мәрте қолдану керек. Екінші рет ерітіндіні қолданғаннан кейін 3 сағаттан соң контейнерлер залалсыздандырылған болып саналады. Егер дезинфекцияланғаннан кейін өткір иіс байқалса, онда контейнерлердің ішкі жағын тағы да жуып өңдейді.
Дезинфекцияның аэрозольді әдісі. Аэрозольді дезинфекциялауды бірінші дәрежелі дезинфекциялау сияқты жүргізіледі. Аэррозольді дезинфекцияны арнайы алаңдарда өткізеді, ол үшін: 55 мл/м3 38-40% формальдегид ерітіндісін, 60мл/м3 20% сүтқышқылды ерітінді, құрамында 3,5% әсер етуші заты бар, 60 мл/м3 қолданылады.
Контейнерлерді босатқаннан кейін қолданған техникалық құралдарды міндетті түрде ылғалды әдіспен дезинфекциялау керек. Ағынды суларды да залалсыздандырған жөн.
Жануарлар өнімдерін тасымалдайтын ыдыс-қораптарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу
Тұтынушыға ет өнімдерін жеткізетін (үй жануарларының етінен дайындалған өнімдер, шикізат, ет жартылай өнімдері, әр түрлі үй құстары, жұмыртқа және т.б.) ыдыс-қораптар: темірден, ағаштан, капроннан, қатты қағаздан, матадан, импортты болуы мүмкін. Отандық немесе импорттық, жергілікті жұмыртқа салынатын қатты қағазды қорапты сауда орталықтарында жұмыртқамен бірге сатып алады.
Шетелден әкелінген жұмыртқаларды тасымалдағаннан кейін, біздің қорап жасайтын, жөндейтін зауыттарға жібереді, онда барлық жақтардан ыдыс-қораптар жөндеуге келеді, бірақ әр бір жерден жиналған ыдысқораптар құстың инфекциялық ауруларын таралуына мүмкіншілік береді. Сондықтан оларды жасайтын, жөндейтін зауыттарда мұқият түрде дезинфекциялау керек, тек содан кейін тарату қажет.
Қайтарылған ет қорап-тыстары, сауда орталығынан ет, құс комбинатына, құс фабрикаларына түскеннен кейін дезинфекциялануы қажет. Өндірістерді, өнеркәсіптерді ветеринарлық қадағалау кезінде ветинспекторлар осы аталған жұмыстарға назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |