Ет қорап-тыстарын дезинфекциялау. Темір, ағаш, пластмасс материалдарынан жасалған қорап-тыстарды өнімнің қалдықтарынан тазартады, ыстық сумен жуып, үлкен ыдысқа қүйылған дезинфекциялаушы ерітінділерде өңдейді. Ол үшін құрамында 0,5% белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісін немесе 0,25% гипохлорит натрий ерітіндісін және т.б. қолданылады (Поляков, 1964).
Сонымен қатар құс ұшаларын тасымалданған қорап-тыстар ыстық кальцинирленген (0,5%) ерітіндімен немесе қаустикалық содамен (0,15%), 0,8-1% хлорамин ерітіндісімен немесе ыстық бумен өңделіп, екі рет қайтара сумен жуылып, кептіру арқылы өңделеді. Ыстық бумен дезинфекциялағаннан кейін сумен шаймайды.
Құс өңдеу шаруашылығындағы ет қорап-тыстарын 1 сағат бойы 5% Демп ерітіндісінде өңдейді. Оларды осы және басқа да препараттармен шлангымен шашырату арқылы, механикалық түрде дезинфекциялауға болады (Закомырдин, 1976ж).
Бүкіл Ресейлік ветеринарлық-санитарлық, гигиеналық және экологиялық ғылыми-зерттеу институтында ет қорап-тыстарын формальдегидті аэрозолмен немесе хлор-формалинді аэрозолдермен арнайы көлемі 100 ден 500м3 герметикалық камераларда санына қарай өңдеу әдісі енгізілген (Закомырдин, Березнев, Репин, 1976ж).
Темір және ағаш жәшіктерді дезинфекциялау алдында қағаз қалдықтарынан тазартып ыстық сумен жуып, араларына, біріншіден, орын қалдырып сәкі үстіне тігінен қояды. Камераны толтырғаннан кейін форсунка (ТАН), автомакс немесе А2-УД-2 38-40% формальдегид ерітіндісімен 30 минут бойы 30 мл/м3 мөлшерде шашырату арқылы дезинфекциялайды.
Аппаратсыз жағдайда дезинфекциялаған кезде 38-40% формальдегид ерітіндісін және 30г хлорлы әкті қосу арқылы өткізеді. Экспозицисы 30 минут. Хлор-формалинді аэрозольді аппаратсыз түрде алу үшін, құрамында 20% белсенді хлоры бар хлормен формалинді әр қатынаста қосу арқылы, 10-15 литр темір ыдыстарда дайындайды. Экзотермиялық реакциялар әсерінен камерадағы ауа хлор және формалин булары, конденсірленіп аэрозольді белсенді әсер етуші зат түзеледі.
Дезинфекция аяқталғаннан кейін камераларды желдетеді немесе 25% аммиак ерітіндісімен, 1-2 тәулік бойы 30 минут бойы бейтараптайды.