Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет158/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   172
Байланысты:
index

Қиды өрттеу. Қиды өртеу 3 категорияда жүргізіледі. Өйткені сібір жарасының қоздырғышы немесе спора түзетін микробтар биотермиялық әдіспен жойылмайды. Өте жұқпалы тез тарайтын ауру жануарлардың қиын өртейді. ДЖС қиды арнайы қи өртейтін пештерде өртейді, ал, әуе не теңіздерде арнайы қоқыстарды порттарда өртейді. Арнайы өртейтін пештер болмаған жағдайда жылу бергіш қарапайым пештерді қолдануға болады. Тіпті болмаған жағдайда ашық жерден шұңқыр қазып өртеп жібереді. Бұл әдіс қидың толық өтелдеуіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан жанармайды көп қолданады, ең бастысы инфекцияның таралуынан сақтайды. Өртеуге жіберілген қиды арнайы металдан жасалынған контейнерлермен көліктерге артады. Қиды контейнермен пештің аузына апарып, ішіне салады, қи пештің кептірілетін (решеткасына) торына түседі. Қи өртейтін пештер ғимараттың санитарлы зонасында бөлек тұрады. ДЖС 3 категорияда вагондарда дезинфекциялауға депосымен орын бөліп береді. Қидың жолда тоқтамай белгілі орынға жеткізілуін, инфекциялық аурулардың таралмауын қатаң түрде қадағалайды.

Жануарларды ұстаған жерлерді, аумағын және көліктегі жолдарды дезинфекциялау


Алдын ала дезинфекция – мекемені, жер телімдерін, территорияларын, малдардың платформасын, жануарлардың жүріп өткен орнын, жолды және басқа жерлерді қайта-қайта қоқыстан, қидан, тағы басқа ластану түрлерінен тазалайды. Ал дезинфекция үшін 2% ысты натр күйдіргіш ерітіндісін не хлор құрамды препаратты 2% белсенді хлорды қолданады.
Лажсыз дезинфекция-топырақ беткейін зарарсыздандыру үшін спорасыз микрофлораларды 20% жаңа сөндірілген әкті, құрамында 2% белсенді хлоры бар 70-800С қыздырылған хлорлы әкті, 5,2% күйдіргіш натр ерітіндісін пайдаланады. Спора түзбейтін микрофлораның қара топырақты жерді дезинфекциялағанда құрғақ хлорлы әкпен, топырақты, 12 л суды есеппен 1м2 3 тәулікте экспозициясында суландырып дезинфекциялайды. Егер топырақтың үстіңгі қабаты құмды болса, онда зарарсыздандыруға 20% хлорлы әк ерітіндісін немесе 3% формальдегид ерітіндісін қолданады. Споралы микрофлорамен зақымдалған топырақты құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісімен залалсыздандырады.
Қара топырақты жерде сібір жарасының қоздырғышы пайда болған кезде немесе сібір жарасымен ауырған мал өлексесі табылған кезде, орынды термиялық әдіспен зарарсыздандырады: шөпті, сабанды өртейді, жердің бетін күйдіретін лампа алауымен күйдіреді. Топырақты өлексенің сұйықтығы аққан, сіңген жерге дейін қазады, құрғақ хлорлы әкпен араластырады (топырақтың 3 бөлігін әктің 1 бөлігімен араластырады).
Вирусты ауруларда құмды топырақты 4% ыстық күйдіргіш натр ерітіндісімен дезинфекциялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет