Аэрозольді дезинфекциялау әдісі. Аэрозольді дезинфекция трюм іші температурасы 120С кезінде жүргізіледі, салыстырмалы ылғалдылығы 50% аз емес. Аэрозольді трюмның тез кірісуіне кемеге 2-ден кем емес ТАН қондырғыларын орнату керек. Палубадағы не машина бөліміндегі ауа қысылып компрестеледі. Қысылған ауаны палубадан әр саптамаға (насадкаға) бөліп жібереді. Берілген ауа қысымы әрбір саптамада 4-5 атм болуы керек. Аэрозольді саптамадан сұйық және ауалы шлангымен себелейді. Оған (факл) қарама-қарсы қабырғадан 45 градус бұрышта орнықтырады. Штативті орналастырғаннан кейін алғаш ауалы кранды, сұйық қондырғы құралын, сосын плаубаның ауамен қосатын бөлігін орнатады. Аэрозольді дезинфекция жасауды қолдануға болмайды.
Кемелердің трюмын аэрозольды дезинфекциялау 2 категория бойынша 38-40% формальдегид орташа шығынмен 40 0,5 л/м3 экспозияциясы 1 сағат деп ұсынылған. Л.Э.Фиханың айтуы бойынша құрамында 35-40% формальдегиді бар аэрозольді формалинді қалдығы бойынша 15-20 л/м3 экспозияциясы 3-6 сағат есебінде қолдану қажет.
Трюмдағы формальдегидті бейтараптауды залалсыздану экспозияциясынан кейін жүргізеді. Оған аэрозольдің саптамаларымен 25% аммиак ерітіндісін енгізеді және 30 минут бойы ұстайды. Содан кейін люкты ашып 15 минут желдетеді де, аэрозольдің саптамаларын шығарады. Желдетілу тезірек өтуі үшін, қосымша желдеткішті қосады. Жұмыс біткен соң, трюмдарды ыстық сумен шаяды.
Кемелерді төмен температурада дезинфециялауКемелерді төмен температурада дезинфекциялау өздігімен ерекшелінеді. Механикалық тазалаудан кейін бөлмені ыстық 70-800C сумен жуады. Сондықтан жоғары ауа температурасы 00С төмен болмауы керек. Осыдан кейін дезинфекция жасауды бастайды. Ерітінді температурасы жоғарғы жақта 50C0 төмен емес, ал шыға берісте шлангадан атқылаған су 70-800С болу керек. Антифриза орнына 10% ас тұзын қосады, ауаның сыртқы температурасы 5-10С0-дан және 15% болғанда ауа температурасы 10 градустан 200С немесе одан да төмен болады.
Сыртқы ауаның температурасы 5-100С болса, онда дезинфекцияны 2 категорияда 5% сутегінің асқын тотық ерітіндісіне 7,5% сірке суы қышқылын 0,75 л/м2 мөлшерінде қосып 3 сағат бойы экспозициялайды, 3% натрий тұзы ерітіндісін дихлоризоциан қышқылы немесе 5% глутар альдегиді ерітіндісін, 2 еселенген норма шығыны бойынша 0,25 л/м2 3 сағат бойы экспозициялайды.