Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Ұшақ (тік ұшақ) 3-ші категориялы дезинфекциясы



бет164/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172
Байланысты:
index

Ұшақ (тік ұшақ) 3-ші категориялы дезинфекциясы


Ұшақтардың 3-ші категориялы дезинфекциясын тасымалданған жануарлардың ішінде қоздырғышы споралы микробтар болатын жұқпалы ауру анықталғанда немесе жануар өнімі немесе шикізатында осы қоздырғыштар табылған кезде жүргізіледі.
Дезинфекцияға дайындық шараларын аса жауапкершілікпен, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтап, инфекцияның қоршаған ортаға таралмауын қадағалай отырып жасайды. Дезинфекциялау үшін аэрозольдық қалыпта формальдегид қолданылады. Дезинфекцияның 3 сағат экспозициясына формалиннің 55 мл/м3 жұмсалады. Дезинфекциядан кейін ұшақтың жүктік бөлмелерін жуып, жылы ауаны үрлеу арқылы желдетеді. Егер бұл шара деззаттар қалдықтарын жою үшін жеткіліксіз болса, 25% аммиак ерітіндісімен формалиннің бейтараптауын жүргізеді. Жануарларды, өнім және шикізаттарды тасымалдаудың қалдықтарын контейнерлерде жинап, әуежай аумағындағы пештерге жағуға жібереді, ағынды суларды залалсыздандырады.
Әуежайдағы артып-түсіру алаңдарын, жануарларға арналған бөлмелерді, жануартекті өнімдер мен шикізаттарға арналған қоймаларды дезинфециялау
Ветеринарлық-санитарлық жағынан қарағанда қолайсыз артыптүсіру алаңдары, жануарларға арналған қоршаулар, оңашалау бөлмелері жануар және жануартекті өнімдері, шикізаттарды сақтайтын қоймалары, арнайы автокөліктері және т.б. дезинфекциялауға жатады.
Осы аталған нысандарды қидан, қоқыстан және т.б. заттардан таза су ағынымен су мөлдір болғанша шайып жуады. Қиды, азық қалдыратын және қоқыстарды әуежайдағы арнайы пеште өртейді, ал ағынды суда залалсыздандырады.
Алаңдардың және басқа нысандарының дезинфекциясын жүктің санитарлық жағдайына байланысты 2 және 3 категория режимдері бойынша өткізеді.
2-категория режимі бойынша дезинфекциялау үшін формальдегидтің 4% ерітіндісін және 5% сірке үсті қышқылын қолданады, арасы 30-60 минут. Залалсыздандыру экспозициясы 3 сағат.
3-категория ерітінді бойынша дезинфекциялау үшін гипохлор, хлорамин, ағартылған хлорлы әк ерітінділері қолданылады. Ерітінділер арасы 1 сағат екі рет пайдаланылады – 0,25л/м2 . Экспозияциясы 3 сағат. Дезинфекциядан кейін нысандарды сумен шаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет