Вагондарды аэрозольді дезинфекциялаудың аспапсыз әдісі. Аэрозоль алудың аспапсыз әдісі екі немесе одан да көп химиялық заттарды араластырған кезде пайда болатын тотығу – тотықсыздану раекциясына негізделген. Реакция жүру барысында температураның жоғарылауы дезинфицирлеуші заттың тез бөлінуіне және булануына әкеледі. Сол кезде ауаға дезинфицирлеуші заттармен бірге оның тотығу тотықсызданудың өнімдері мен су булары түседі. Әсер етуші компоненттерді дұрыс эмальденген немесе металл (түтікте) ыдыстарда (сыйымдылығы 20-40л) араластыру керек. Аэрозольді алу үшін формалин мен хлорлы әкті араластырады. Күшті реакция нәтижесінде аэрозоль бөлінеді. Төрт діңгекті вагонды дезинфекциялау кезінде буға айналу үрдісі 5-10 мин жүреді. Вагондарды екінші дәрежелі өңдеу кезінде аэрозольді алу және залаласыздандыру үшін хлорлы әктің 40г, құрамында кемінде 25% белсенді хлоры бар және 40мл формалин (38-40% формальдегид) қажет.
Вагондарға препараттарды шашырату алдында, оларды жуып алу қажет. Егер вагондар жуылмаған болса, құрғақ және ыстық күні дезинфекциялау алдында вагандарды ылғандандырып алу үшін (6090%), оған сол суды шашыратады. Бұл әдіс қарапайым, ерітінділерді жасау үшін суды көп мөлшерде шығаруды және вагон ішінде үнемі адамның болуын қажет етпейді.
Вагондарды екінші дәрежелі, ысытылған темірлі қабаттарды аэрозольді әдістермен дезинфекциялау үшін үшхлорцианурлі қышқылын қолданады.
Темірлі беткейге үшхлорлыцианурлі қышқылды ұнтақты сеуіп, кейін оны плиткада келесі басқа қыздыратын құрамда қыздырады. Одан бөлінген хлор, беткей ылғалымен араласып, микроорганизмдермен қарама-қатынысқа түсіп, оларды 3 сағат ішінде өлтіреді. Препараттың шығыны 8г/м3. Дезинфекция жасар алдында вагон беткейлерін 1л/м2 шығыны бойынша, ол сумен ылғандандырады.
Дезинфекцияның электроаэрозольді әдісі.Дезинфекцияға аэрозольді препараттарды қолданған кезде, нысанның беткейлері толық өңделмейді.
Аэрозольді бұлттар ауа әсерінен, бөлшектердің ауырлық күшінің әсерінен олардың коагуляциясы мен булануы есебінен өңдейтін нысанның еденіне және көлденең беткейлеріне түседі.
Оны жоюға аэрозольді бөлшектердің заряды мүмкіндік береді. Аэрозольді бөлшектер заряд алғаннан кейін ыдырап, дезинфекциялаушы нысан беткейіне интенсивті және бірқалыпты түседі.
Бүкіл ресейлік ветеринарлық-санитарлық, гигеналық және экологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, рефрижераторлық вагондарды дезинфекциялау технологиясын және оны жүзеге асыру үшін қолданылатын арнайы аппараттарды ойлап тапқан.
Изометриялық вагондарда электроаэрозольді дезинфекция жасау үшін:АП-ТАН аэрозольді құрылым, УЭ-1 электрозарядты құрал; 30м3 өндіретін компрессор; дезинфекциялаушы ерітінді үшін герметикалық ыдыс; аспалы және сұйықтықты шлангалар; аэрозольді құрылғыны бекітетін штатив; есіктерді тығыздайтын материалдар қолданады.
Дезинфекциялау алдында вагондарды жүн қалдықтарынан тазартады. Әсіресе толық емес торшалар тазалығына үлкен көңіл бөлінеді.
Еденді су лайлылығы кепкенге дейін жуып, кейін қабырғалар мен төбесін жуады. Жууды бүйірлік қабырғаларды жуумен аяқтайды.
Жуғаннан кейін вагондарды судан тазалайды. Вагон ішіндегі ауа температурасы 12ºС тан төмен ылғалдылығы 60%дан аспауы керек.
Вагон ішіне УЭ-1 электрозарядты құралы бар, АП-ТАН аэрозольді қондырғыны штативте бекітіп орналастырады.
Ұстағыш штатив тұрақты тірегіш стерженді және ұзын ұстағыштары бар, оларға қондырғыштар бекітіледі. Ұстағыштың екінші шетінде тұтқасы бар.
ДЖС жағдайларына байланысты, ұстағыш-штатив құрылысы басқа болуы мүмкін.
Штативті вагонға немесе платформаға орналастырады. Ұстағышштатив тұтқасы есік саңылауынан сыртқа шығып тұруы қажет. Вагон ішіне аэрозольдің бірқалыпты шашырауы үшін (вагонның алдыңғы есігіне қарай), ұстағыштың тұтқасымен 4-6 бұрылым жасайды.
Вагон есіктерін тығыздау материалдарымен герметизирлейді, олар есіктерінің периметіріне сәйкес келуі керек, содан кейін есіктерді тығыздап жабады. 2200х250 мл көлемдегі тығыздатқыш әр түрлі полимерлі қабықтан (полиамидинді ПК-4 ТУ-У ХП-17-58, полиэтиленді қабығы ГОСТ 10354 -63, поливинхлоридтті кабық В-108, ТУ МПХ М 786-57) сонымен қатар брезентті болуы мүмкін.
Дайындалған тығындарды тығыздайтын материалдармен толтырады (пролон, ескі зат, шүберек, сабан, мақта және т.б.). Тығындарды толтырғаннан кейін оларды тігеді немесе желімдейді, ыдысты дезинфекциялық ерітінділерімен толтырып 4-5 атм жеткенше дейін компрессорды және электрозарядты құралды қосады. Қысым (0,4-0,5 мп) шүмегін ашады (АП-ТАН ауалы немесе сұйықтықты жүйесі). Техникалық параметрлері мынандай: сұйықтың шығыны 400-500 мл/мин, қысымы 4-5атм; аэрозольді бөлшектерді медиальды диаметрі 20-25 мкм болу керек. Аэрозольді қондырғының өндірілімі кезінде 400-500 мл/мин вагон сыйымдылығы 100м куб болған кезде дезинфекцияны 1-10 мин бойы шашыратады; жүйе кернеуі 220 В, токқа айналу кернеуі 1000 В, ток ауыстырғышы 2 х 10-6 А.
Вагондарды электроаэрозольді дезинфекциялау үшін 4% глутар альдегид ерітіндісін 150 мл/м3шығыны есебінде қолданады, экспозициясы 1 сағат препараттарды енгізгеннен кейін вагондардан штативті алып шығып, есікті тығыздап жабады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін вагонды дезинфектанттардан тазарту үшін сумен шаяды, керек болған жағдайда желдетеді. Электроаэрозольмен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шараларын мықтап сақтау керек. Бұл жұмыспен айналысатын жұмысшылар арнайы киімдермен жабдықталуы қажет (халаттар, резеңке қолғаптар, етіктер, алжапқыштар). Дезинфекцияны А патронды РУ-46 респираторымен немесе қорапшаны «А» марканы противогазбен жүргізеді.
Рефрижераторлы вагондарды бұл әдіспен дезинфекциялау олардың толық өңделуін қамтамасыз етеді, ылғалды дезинфекцияға қарағанда ерітінділер аз мөлшерде кетеді, темірлі құрылыстың коррозияға ұшырауын төмендетеді, соның әсерінен вагондардың жарамдылығы көпке шыдайды.
Дезинфекцияның технологиялық үрдісі операторсыз жүзеге асырылады және химиялық заттардың қоршаған ортаға тасталуын болдырмайды.