Ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын тасымалдау. Малдың ұрығы мұздатылған түрде (іші сұйық азотқа толы, температурасы 1960С) Дьюар ыдысында тасымалданады. Ауыл шаруашылық ұрықтарын келесі Дьюар ыдыстарында СД-20, СДС-20, СДС-5, АТ-6, сонымен қатар көлемі 20л дейін болатын ыдыстарда сақталады, сақтау барысында нұсқамаларды ұстанған жөн.
Тасымалдау үшін ұрыққа қатысты ветеринарлық куәлік, сонымен қоса ыдыстардың бүтіндігі және сақталу мерзімі жарамдылығы жөнінде анықтама қажет. Анықтамада жүк жөнелтушінің қолы және мекеме мөрі басылу керек. Тасымалдауға жөнді Дьюар ыдыстары жіберіледі, АТ-4, АТ-6 типтерінен басқасы, бұл ыдыстарды биіктігі 75 см дейін болатын тормен қаптау керек.
Дьюар ыдыстарын сыртқы қарау кезінде ваккумның жоқтығы анықталса, мұндай ыдыстармен ұрық тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Ауыл шаруашылық ұрықтарын келесі ұшақ және тік ұшақтарда тасымалдауға рұқсат етіледі: жүк ұшақтарында Ил-14, Ил-18 екі ыдыстан: АН-2 бір ыдыстан. Ан-12 герметизирленбеген бөлімдерде ыдыстар саны шектелмейді; жолаушылар ұшақтарында ГДР АН-24 және ТУ-134 бір ыдыстан; ИЛ-62 екі ыдыс және ТУ -154 ұшағында бір ыдыс, МИ-2 бір ыдыс, МИ-6 және МИ-8 екі ыдыс тасымалданады. ЯК40 жүк ұшағында бір Дьюара ыдысы тасымалданады.
Сұйық азотқа толы Дьюар ыдыстары ішкі және халықаралық әуежолдарымен жолсеріксіз, жүк ұшақтарымен тікелей рейстермен, сонымен қатар АН-12 және жолаушылар ұшағында, жол серігімен барлық ұшақ типтерінде және транзит әуежайлары арқылы тасымалданады.
Тасымалдау үрдісін жақсарту және тасымалдау мақсатына қарай, су көліктері 3 категорияға бөлінеді: генералды, массалы және ерекше режимдегі көліктер категориялары.
Ерекше режимдегі категорияға тез бұзылатын: жануартекті өнімдер мен шикізаттар жатады.
Тез бұзылатын жүктерді (ет, ет өнімдері, құс, шұжық, май, балық, жұмыртқа және т.б) рефрижераторлы контейнерлерде тасымалдайды. Жануарларды арнайы теңіз кемелерінде тасымалдайды. Су көлігімен жануарлардың ірі партияларын арнайы жабдықталған кемелерде тасымалдайды. Ұсақ жануарлар партияларын жүк және жануарлар судаларында көліктегі ветеринарлық санитарлық қадағалаудың мүшелерінің қатысуымен тасымалдайды. Олардың тізімі бұйрық бойынша жарияланады. Жануарларды тез жүретін көліктерде тасымалдауға болмайды.