АВТОКӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН
БАҚЫЛАУ
Жануарлардың барлық түрін автокөлікпен тасымалдау ветеринарлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады Автокөлік түрлері келесі суреттерде қөрсетілген. (4,5,6,7,8 сурет).
Жануарларды тек белгіленген автокөліктік жолдармен тасымалдаған жөн. Автокөліктік жолмен инфекциялық аурумен ауырған жануарларды тасымалдаса, жол маршруттары тексеріледі де, бақылануға алынады.
Сурет-9. Ірі қара малды тасымалдауға арналған арнайы
автокөлік ЗИЛ-164
Сурет-10. Жартылай тіркемелі мал таситын ОдАЗ-857Б көлігі.
Сурет-11. Малды артуға арналған арнайы автокөлік.
Сурет-12. Мал тасымалдайтын автомашиналар:
1-ЛАЗ-164; 2-ГАЗ-63И
Сурет -13. Жануарларды тасымалдайтын заманауи автокөліктер
Сурет-14. Қазіргі кезде қолданылатын автокөлік түрлері
Сурет-15. Жылқыларды тасымалдайтын автофургондар
Жүкті бір облыстан басқа облысқа немесе республиканың басқа аумағына тасымалдау кезінде ветеринарлық сертификатта тек қана қаланың немесе аймақтың бас ветеринарлық инспекторы қол қояды.
Жөнелтуші ветеринарлық сертификатты немесе ветеринарлық анықтаманы автокөліктің жүргізушісіне береді. Ал егер де бірнеше автокөлікпен жіберілсе, онда ветеринарлық сертификатты немесе анықтаманы сол жүргізушілердің ішіндегі бас басқарушысына береді. Жолдама әрбір жүргізушіде болады және онда ветеринарлық куәліктің нөмірі мен күні жазылады. Ол міндетті түрде мөрмен расталады.
Жүргізуші немесе жүргізушілердің басқарушысы ветеринарлық сертификатты немесе анықтаманы тексеру орындарында көрсетеді. Сонымен қатар жол полициясына көрсетуге міндетті. Жануарларды тасымалдау кезінде жүргізушіде өнімдерге ветеринарлық сертификаты немесе анықтамасы болмаса, рейсқа шыға алмайды. Бұл заңдылықты бұзса, жөнелтушімен бірге тасымалдаушы да жауапқа тартылады.
Жүкті тасымалдау кезінде белгіленген жерде алдымен ветеринарлық құжаттарды ветеринарлық мамандарына беріп, олардың тексерілуінен және сұранысынан өткеннен кейін, жүкті күтіп алушыға береді.
Тасымалдау кезінде жүргізушіден басқа міндетті түрде жолсерік болу керек. Жолсерік тасымалданатын малдың аз-көптігіне қарамайды. Керек болған жағдайда жолсерік мал арасында болады, яғни оларға қарайды. Мұндай жағдайда жолсерікке арнайы орын бөлініп, оны ірі жануарлардан бөлек орналастырады.
Қойды, бұзауды, ұсақ малдарды тасымалдау кезінде көліктің кузовы үлкен болса, бұндай жағдайда (тоқтаған кезде тұяқтарын соқпау үшін) 2-3 бөлікке бөліп қояды. Тасымалдау кезінде жануарлар алысқа жіберілсе (5 сағаттан көп болса) азықтың мол болуын қамтамасыз ету керек.
Ұзақ жүретін болса, әрбір 10-12 сағат аралығында малдарды далаға шығарып, азықтандырып, демалдыру керек. Далаға шығару мүмкіндігі болмаса, көлікті тоқтатып, көліктің үстінде демалдырып, төсенішін ауыстыру керек.
Ірі қара малдарға әр 100кг салмаққа тәулігіне 4-5 кг шөп, қойға5,5кг концентрленген азық, шошқаларға-2,5л сумен араласқан, жылқыға -2кг сұлы және 8-10кг шөп береді.
Тасымалдау кезіндегі демалу орны мен көлікті жуу үшін жөнелтуші ертерек ветеринарлық ұйымдарымен немесе тасымалдау жолындағы ветеринарлық мамандарымен келіседі. Әрдайым жануарларды тасымалдайтын көліктер жануарларға сай құрал-саймандармен қамтамасыз етілген және тасымалдау кезінде жануарлар үшін тез тоқтау мен соққы болмауы керек.
Жануарларды тасымалдағанда асфальталынған жолмен көліктің жүру жылдамдығы 60км/сағат, щебенка, грейдер басқа да жолдың сапасы төмен болған кезде көліктің жүру жылдамдылығы 25 км/сағат. Жануарлардың тірі салмағы түспеу үшін, жануарлардың өлімге ұшырауын, стрестік жағдайын болдырмау үшін тасымалдау уақыты 24 сағаттан көп болмау керек. Автокөлікпен тасымалдағанда тірі салмақтың түсу (шектік) нормасы 15-кестеде көрсетілген.
16-Кесте. Автокөлікпен тасымалдағанда жануарлардың тірі салмағының шектік жіберілетін нормасы
Қашықтық, км
|
Арнайы жабдықталған
автокөліктер
|
Әр түрлі автокөліктер
|
шошқалар
|
ірі қара
|
шошқалар
|
ірі қара
|
25-50
|
1,4
|
2,4
|
1,3
|
2,4
|
60-100
|
2,3-3,0
|
2,5-2,6
|
2,4-3,1
|
2,5-3,0
|
110-170
|
3,1-4,1
|
2,6-2,9
|
3,2-3,6
|
3,1-3,9
|
180-250
|
4,2-4,3
|
4,2
|
3,7-3,8
|
4,0-4,2
|
Спорттық жылқыларды транспорттық стрестен сақтау үшін 48 сағатқа дейін тасымалдап, әрі қарай жүру үшін, далаға 16-24 сағат аралығында демалдырып, шығарып жүргізу керек.
Егерде тасымалдау кезінде жануарлардың арасында ауру байқалса немесе күдік болса, онда жолсерік тез арада жақын жердегі ветеринарлық мекемеге хабарлайды. Әрі қарай малдарды тасымалдауды тек қана ветеринарлық малдәрігердің қарауымен және ветеринарлық сертификатта көрсетілген, рұқсатымен өткізеді. Ет комбинатына малдарды тасымалдау кезінде, егер мына ауруларға оң реакция берсе: бруцеллез, туберкулез, хламидиозда, түсік, лептоспироз, листериоз, ринотрахеит, вирусты гастроэнторит бұлардың клиникалық белгілері білінбейді, бірақ та ветеринарлық-санитарлық талаптарына сай болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |