Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


ЖАНУАРЛАРДЫ АЙДАП ЖЕТКІЗУ КЕЗІНДЕ



бет91/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172
Байланысты:
index

ЖАНУАРЛАРДЫ АЙДАП ЖЕТКІЗУ КЕЗІНДЕ


ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Малдарды жайылымға айдау барысында оларды шаруашылықтың ветеринарлық қызметкерлері немесе арнайы ветеринарлық мекеме мамандары бақылайды.
Малдарды айдау барысында ветеринарлық құжаттар арнайы бағыттағы облыс немесе республикалық шекараларында ветеринарлыққарау бекеттерінде құрылады. Олардың штатында ветеринар дәрігер немесе фельдшерлер жұмыс істейді. Оның міндеті-жануарларды қарау, ауру немесе жұқпалы ауруларға күмән туатын малдарды анықтау, шара қолдану. Ветеринарлық құжаттар болмаған жағдайда бекет айдап жеткізу ұстап қалуға құқылы, бұл жөнінде ауданның бас ветеринарлық дәрігеріне хабар береді. Ветеринарлық-қарау бекеттерінде көп жануар санын болдырмау үшін маршрут пен графикті ұстанған жөн. Бір күнде жануарлардың жол жүру қашықтығы: жылқылар үшін 40 км, қойлар 20 км, оларды кезенді түрде дем алдыру керек (3 сағаттан кейін, 1-1,5 сағат демін алдыру, 1 тәуліктен кейін 10-12 сағат және әрбір 10-15 күні 2-3 күн дем алғызады) ірі қара малды тасымалдау жылдамдығы тәулігіне 15-18 км, шошқалар үшін -8 км.
Малдарды арнайы маршрут, грунт жолдарымен айдап жеткізеді. Жолда қалып қойған малдарға көмек көрсетіліп, белгіленген орынға автокөлікпен жеткізеді.
Аялдамаларға тоқтаған кезде азық, су, шөп қоры болып, жолда шығармаған малдарды концентраттармен азықтандырып отыру керек. Дем алу бекетінде қызып түрған малдарды 1-2 сағат дейін суармайды, жазда кем дегенде 3 рет, көктем кезінде кем дегенде тәулігіне 2 рет суарады.
Малдарды қатты, тасты жолдармен айдауға болмайды. Малдарды қатты жаңбыр, дауылды күндері, бұршақ жауған күні, сонымен қатар ыстық күндері жаюға және айдауға болмайды. Малдарды қызып кету, күн сәулесі өтуінен сақтап, шамадан көп жасыл азық бермеу керек.
Айдау барысында малдарды жергілікті шаруашылық малдарымен қатынаста болдырмау керек. Жолда өзге табындарға қосуға, ауру мал жүрген жолдармен айдауға болмайды.
Ауру немесе өлген мал анықталған жағдайда табын бастығы оны ауру немесе өлген малдан 0,5-1км қашықтықта айдап, малдарды тоқтатып, жедел түрде ветеринарлық бекетке хабар беріп, кейін ветеринар маманының нұсқауымен жұмыс жүргізеді.
Жолда өлген мал болса, онда міндетті түрде акт ресімделеді. Жұқпалы аурумен ауырған малды жолда союға тыйым салынады. Егер малды лажсыз сою керек болса, онда ветеринарлық дәрігер тексеруден өткізген соң және рұқсат берген соң ғана союға болады. Малды жолдан 100м қашықтықта сояды. Сойыс өнімдерін, еттерді ветеринарлық бекетке әкеліп тексереді, акт ресімдейді және актіде етті қалай қолдану керектігі көрсетіледі.
Жайылымға немесе ет комбинатына малдарды айдап әкелген кезде, табынның бастығы жолдамалық құжаттарды (ветеринарлық куәлік, жол журналы, табын ведомость, өлгені жөніндегі және жолда лажсыздан сою акт т.б.) көрсетеді, қабылдаушы табын ведомосына малды әкелген уақытын белгілейді, бір данасын табын бастығына тапсырады. Құжаттарды тексерегеннен кейін малды қарап, өлшейді, оларды тірі салмағы және қоңдылығы бойынша қабылдайды. Малды өткізу барысында арнайы белгіленген акт формасы толтырылады.
Табын бастығы шаруашылығына акт, табын ведомосі, жол журналын, өлген және лажсыздан сойылған малға қатысты толтырылған акт, етті, тері, мүлікті тапсыру үстемелік құжатын тапсыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет