Тірі балықты, уылдырықты, шаяндарды және басқа да су организмдерін автокөлікпен тасымалдау кезінде ветеринарлық бақылау. Тірі балықты, уылдырықты және тірі шаяндарды автокөлікпен тасымалдайды. Сонымен қатар тасымалдау кезінде техникалық жағдайларын қатаң сақтайды және тірі балықты тасымалдаудың ветеринарлық қадағалауының құрылымын қатаң сақтау керек.
Тірі балықты, уылдырықты, тірі шаяндарды және су организмдерін автокөлікпен тасымалдау кезінде арнайы ыдыстарға салады. Мысалы: арнайы контейнерлер, ағаштан жасалған бөшкелер, бәктер, полиэтиленді пакеттер. Олар міндетті түрде жуылған, дезинфекция жасалған және екінші рет жуылған, ешбір иіссіз болу керек.
Тірі балықты тасымалдау үшін арнайы ГАЗ-53А, автокөліктегі цистерна орнатылады. Бұл цистерна 1,5 т тірі балықты тасу үшін 300-
350 км қашықтыққа есептелінген.
Сурет- 16. Тірі балықты тасымалдайтын цистерналар мен автокөліктер түрлері Цистернадағы балық үшін 1кг/салмақ 60 мг/л оттегі, судың температурасы 10оС болу керек. Балықты тасымалдау үшін балық қандай суда мекендесе, сол суда тасымалдайды. Жаз айларында су температурасы 10-14оС, ал көктем мен жазда 4-6 оС, қыста -1-2оС болу керек. Жаз айларында суды мұздату үшін мұзды пайдаланады, су температурасын 1оС көтеру үшін 2м3-қа 30кг мұз керек. Міндетті түрде балықты тиеу кезінде оның салмағына мән береді:1450кг балық үшін су температурасы 0-2оС, 1300кг - 2,5; 1200-5-10; 950 кг-10-15;600кг-1520оС болу керек. Тасымалдау кезінде балықтың түріне назар аудару керек, мысалы 100кг тұқы балықты (карп), немесе 125 кг табан, 90-95 кг жыланбалық (угорь), 70кг сом, шортан, 57 кг көксерке, 15 кг бекіре балығын артуға болады.
Тасымалдау кезінде әсіресе жолда цистернадағы судың температурасын және ауаның болуын қадағалайды. Әрбір 2-2,5 сағаттан кейін балықтың жағдайын тексереді және өлген балықты алып тастайды. Белгіленген жерге тірі балықты түсіру ешбір кедергісіз өту керек.