АЛЫНҒАН ӨНІМДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жануартекті өнімдер тез бұзылатын өнімдерге жатқызылады. Сондықтан тез бұзылатын жүктердi темiр жолмен тасымалдау кезiнде сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасынан қорғалуы керек. Тез бұзылатын жүктердi тасымалдауға тек қана тасымалдау жағдайына, сапасына, орамада жазылған стандартқа және техникалық шарттарға сәйкес болса ғана, орамасы бүтін, мықты, таза, ақауы жоқ жiберiледi. Жануарлардан алынған өнiмдер темiр жолмен, темiр жол көлiктерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тасымалданады. Жануарлардан алынған өнімдерге жүк жiберушi стансаға әрбiр вагонға немесе кiшiгiрiм жүкке №2 үлгідегі ветеринарлық сертификатын немесе ветеринарлық анықтаманы мiндеттi түрде көрсетедi. Ветеринарлық сертификат болмаса, жүк тасымалдауға жiберiлмейдi. Станса бастығы мемветқадағалауының ветинспекторына, жүктер артылатын болса, 24 сағат бұрын хабар бередi.
Жiберуге дайындалған бақылаудағы жүктердiң барлығын қараудан өткізетін болса, ветинспектор жүк жiберушiнiң кез келген тарасынан (10%) тексере алады. Егер жүк ветеринарлық талапқа сәйкес болмаса, ветеринарлық сертификат алынып, жүк тасымалдауға жiберiлмейдi. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға түсетiн жүктердiң ветеринарлық сертификаты болмаса немесе жүктер жұқпалы ауру малдан және құстан алынғаны анықталса, жүктер бөлектенiп оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар жүргiзуге нұсқау бередi. Ветеринарлық сертификат жол бойында жоғалса, ветеринарлық инспектор темiр жол стансасының өкiлiнiң, мүмкiндiк болса жүк иесi немесе оның өкiлiнiң қатысуымен акт жасап, оны тасымалдау құжаттарына қосады, ал жүк бара жатқан жерiне жiберiледi. Бұл жағдайда жүк алушыға жүктердi түсiру және беру мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау ветинспекторының келiсуiмен жүргiзiледi.
Егер жол бойында мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудағы жүктер тоқтатылса, мұндай шешiм қабылдаған ветеринарлық инспектор, бұл туралы станса бастығына немесе оның орнындағы тұлғаға хабарлайды. Стансада жүк тоқтатылса мемлекеттiк қадағалауының ветеринарлық инспекторының қатысуымен және жүк алушының осы стансада қызметкерi болса, бiрге акт ресімделеді. Актiде тоқтату себебi және тоқтатылған жүкке қандай шаралар қолданылатыны көрсетiледi. Акт түбiртегi тасымалдау құжаттарына қосылып, бұл туралы құжатқа белгi қойылады.