Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет96/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172
Байланысты:
index

Жұмыртқаларды тасымалдау. Балауса жұмыртқаларды тез бүлінетін өнім сияқты тасымалдайды. Балауса жұмыртқалар 20С-та төмен емес температурасында, мерзімі 30 тәуліктен артық емес сақталады. Тоңазытылған жұмыртқаларға 30 тәуліктен артық сақтағандар жатады. Жұмыртқа бүлінуін көбіне қабығы астында өсетін зеңгі саңырауқұлақтары тудырады. Сондықтан сақтау камерасының ылғалдылығына аса назар аудару керек. Бір айдан астам сақтағанда аударып отыру керек. Көктемде басылған жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді.



Сурет-20. Жұмыртқаны тасымалдау түрлері, тарылары
Тағамдық тауық жұмыртқаларын (суытылмаған) орталарына ағаш үгiндiсiн немесе картон қағаз қойып жәшiкте тасымалдайды. Жұмыртқа өнiмдерi (меланж, жұмыртқаның ағы және сарысы) саңылаусыз ақ қаңылтырдан жасалатын ыдыста, қатты жәшiкке салып тасымалданады. Жұмыртқа өнiмдерi артылар алдында, олардың температурасы 6°С-тан жоғары болмауы керек.
22-Кесте. Изотермиялық вагондарда өнімдерді тасымалдау мерзімі

Жүк атауы

Жазғы мерзімі

Ауыспалы мерзімі

Қысқы
мерзімі

Қабырға бойындағы қалталармен



Қабырға бойындағы
қалталарме
н











ІҚМ, қой, шошқа, жылқы еті, блоктағы ет және кит бауыры

5

15

20

10

15

20

шектеусіз

Қоян, құс,
жабайы құс еті

-

10

15

5

12

15

шектеусіз

Ет комбинатының тоңазытқыштары
нан жіберілген
өнім

5

10

15

10

15

20

шектеусіз

Сойылған құс еті

-

5

7

-

8

10

шектеусіз

Өнеркәсіптік өңдемелеуге жіберілетін ет

3

10

12

8

15

15

шектеусіз

Салқындатылған ірі қара, қой, шошқа, жылқы
және т.б. еттері

8

10

10

10

12

12

шектеусіз

Сойылған құс еті

2

2

2

4

4

4

шектеусіз

Өнеркәсіптен
артылған жануар
еті

3

7

7

8

10

10

шектеусіз

Суыған ет

-

-

-

3

5

5

шектеусіз

Мұздатылған ет өнімдері мен
субөнімдері

5

8

10

5

10

14

шектеусіз

Эндокриндік шикізат

-

-

12

-

-

15

шектеусіз

Ет ыстандылары
(сан еті, төс еті, корейка)

10

20

20

20


шект
еусіз

Суытусыз және шектеусіз

Жартылай
ысталған шұжықтар және
майлы
ыстандылар,
бекон, шошқа
майы, қорытылған тағамдық жануар майлары, тұздақ, тұздалған тіл

10

20

20

-

-



Консервіленген қан






шект
еусіз


Балауса сүт

-

3

-

-

-

-

3 тәулікке дейін (вагонды жылыту)

Сары май, майлар



шектеу сіз





Ірімшік, сүзбе



шектеу сіз





Салқындатылған тауық жұмыртқалары

-

20

-

-

25

-

20 тәулікке дейін
(бөлмені жылыту)

Салқындатылмағ
ан жұмыртқа
өнімі

-
-

20
15

-
-

-
-

18
20

-
-

шектеусіз

СУ КӨЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНҒАН


ӨНІМДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Жануартекті өнімдерді (ет, ет өнімдері, сүт, жұмыртқа және т.б.) теңіз, өзен көліктерімен тасымалдайды. Бұл мақсатта арнайы төмен температурамен қамтамасыз етілген, жүкке арналған рефрижераторлы бөлімдері бар кеме және баржаларды қолданады. Рефрижераторлы кемелерден басқа, механикалық желдеткіштері бар су көліктерін де қолдануға болады. Мұндай кемелерде консервілерді, ысталған өнім, май және т.б. өнімдерді тасымалдайды, соңғы кезде тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған изотермиялық және рефрижераторлы контейнерлер қолданады.
Кемені дайындау. Трюмдерге өнімдерді артар алдында, жуып, кептіреді, егер ет тасымалданатын жағдайда, тазалаудан кейін трюмдерді ыстық сумен жуып, желдетеді. Трюм палубасына тор орнатады. Қажет болса дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізеді.
Трюмдердің жылу изоляциясын тексереді изоляцияның бұзылғаны анықталса, жөндейді. Трюмдердің герметизациясына да көңіл бөлінеді. Трюм түбіне ағаш бөлшектерін жақсы желдетілу үшін салады. Барлық төселетін материалдарды трюмге алдын ала салады, олар қажетті температурада болу керек.
Суытылған және мұздатылған тез бұзылатын өнімдерді артуға арналған рефрижератор кемелерінің жүк бөлімдерінің ауа температурасы 2-3С төмен болмаған жөн.
Жүктің сапалық жағдайын келесі тәртіпте жүргізеді: жүкті қараудан өткізеді; жүктің тасымалдау мүмкіндігін бағалайды; құжаттарды тексереді; герметикалық жабдықталған ыдысқораптардың сыртқы түрін қарайды, тоңазытқыш камералардың жағдайын тексереді.
Етті тасымалдау. Тез бұзылатын жүктерге ет өнімдері жатады, оларды тасымалдауға жіберер алдында келесі жағдайлар орындалады: жөнелтуші етті мұздатылған, суытылған немесе салқындатылған күйнде, тұтас ұша немесе бөлшектенген түрде тасымалдайды. Ірі қара мал ұшасын төрт бөлікке бөліп, шошқа жартылай ұша немесе тұтас бассыз тасымалдайды.
Мұздатылған ұшалар жақсы қатырылған жағдайда, соғып көргенде дыбыс шығу керек, ұшаларда қан ұйындылары, зең, кілегей, шіріген ақаулар жіберілмейді. Ет блоктарын тұздатылған күйде, пергамент қағазына оралған немесе целлофан және басқа да синтетикалық пленкаға орап, картон жәшіктерге, арнайы пакет немесе контейнерлерге салынған күйде тапсырады. Шошқа етін тасымалдау барысында трихинелоскопия, ал жылқы етін – маллеинизация нәтижелері ескеріледі.
Барлық ет және ет өнімдерін рефрижераторлы трюмдерде тасымалдайды. Бір трюмге суытылған немесе салқындатылған етті мұздатылған етпен қоса, суытылған етті салқындатылған етпен тасымалдауға болмайды. Етті кемеге артар алдында әрбір жүкті мұқият байқаудан өткізу керек. Еттің, ет өнімдердің тауарлық, дәмдік сапасын сақтау мерзімі ұзақ болғанда және ет өніміне қатысты оптималды температуралық режим сақталмаған жағдайда өзгереді. Етті ұзақ сақтаған кезде еттің жоғарғы беткейі қараяды, құрамы өзгереді және зеңдену процестері байқалады. Түсінің өзгеруі құрсақ бұлшықетінде, мойын және жанбастың ішкі жағында байқалады. Омыртқа бөлігінің ұлпасын түсі қызғылт түстен қоңыр түске дейін, ал соңында қоңырқай түске өзгереді.
Трюмдегі салыстырмалы ауа ылғалдылығы мұздатылған етті тасымалдаған кезде 95%, ал салқындатылған ет үшін шамамен 90% болуы шарт. Трюмдегі күшті қолданатын күшті желдету құралдары, етті және ет өнімдерін құрғатуға соқтырады. Етті кеуіп кетуден сақтау үшін штабель түрінде қатты тараға салады, полиэтиленді пленка етті кептіруден сақтайды.
Әртүрлі ет өнімдерін келесі ереже бойынша тасымалдайды: трюмдерде – мұздатылған етті, твиндектерде – салқындатылған ет. Салмағы ауыр ет жүктері жүк бөлімдерінің төменгі бөлігінде орналасады.
Рефрижераторлық трюмге келіп түскен мұздатылған еттің температурасы -6°С жоғары болмағаны жөн. Мұздатылған жағдайда басқа да жануарлар ет өнімдерін, қоян, шошқа және құс етін, сонымен қатар субөнімдерді де тасымалдайды. Мұздатылған ет өнімдерін, субөнімдерін және эндокрин шикізатын жәшік, бөшке және картон жәшіктерге салып, араларын бөліп орналастырады.
Салқындатылған еттің сүйектегі бұлшықет қалыңдығының температурасы 0-4°С дейін, бұл ет балауса, жақсы қансызданған, құрғақ беткейлі, кебу қабығымен жабылған, ал бұлшықет ұлпасы серпімді болған жөн. Салқындатылған етті шынжырға ілген жағдайда жеткізеді. Ілінген ұшалар трюмнің палубасына, бортына, сонымен қатар батареяларға жанаспауы керек.
Суытылған етті тек жөнелтуші пунктінде тоңазытқыштар болмаған жағдайда ғана қабылдайды, сойғаннан кейін ет 2 тәуліктен артық сақталмайды. Тасымалдау кезінде суытылған еттің бұлшықет қалыңдығындағы температурасы 4-12°С болады. Мұндай еттің беткейі кебу қабығымен жабылған.
Жамбас, төс етін және басқа да ысталған ет өнімдерін тұздап, суық немесе ыстық түтінмен ыстап жәшіктерге немесе корзинаға 50кг немесе бөшкелерге 200кг салмақта салады. Ысталған ет өнімдерін жәшік, қораптарға орамай салады, желденуін қамтамасыз етеді. Жәшіктің бүйір қабырғасында және түбінде әрбірі 10мм екі қуыс қалдырады. Бөшкелердегі ысталмаған өнімдер үстіне тағамдық қорытылған май құяды.
Ысталған ет өнімдерін трюмдегі ауа температурасы 15°С жоғары болмауы керек. Жолда сақталу мерзімі 10 тәулік. Ысталған ет өнімдерін, шұжық (шикі ысталған және жартылай ысталған) тесіктері бар жәшіктерде тасымалдайды, ысталған ет пен шұжықтарды азықтық майлармен бірге тасымалдауға болмайды.
Шикі және жартылай ысталған шұжық өнімдерін 8°С температурадан жоғары емес жағдайда, мықты, құрғақ, зеңсіз және бөтен иіссіз, тара көлемі 50кг болған жағдайда тасымалдайды. Ерекше ұзақ тасымалдануға негізделген жартылай ысталған шұжықтарды мөлшері 200кг ағаш бөшкелерде шошқа майын құйып тасымалдайды.
Консервіленген өнімдер бөшкеде, сонымен қатар герметикалық, қаңылтыр немесе шыны банкаларда ағаш, фанерге немесе картоннан жасалған жәшіктерге салып арнайы контейнерлерде тасымалданады, банкаларды дұрыс орналастырған жөн.
Барлық қорытылған жануар майларын (сиыр, қой, шошқа) көлемі 200кг ағаш бөшкелерде немесе 10-40кг фанерден жасалған жәшіктерде -4°С температурада тасымалдау керек. Сары майды ағаш немесе фанерден жасалған жәшіктерде және ағаш бөшкелерде тасымалдайды. Сары және қорытылған майды (шамшат (бук), шыршалы (еловый), көк терек, қайың) ағаштардан жасалған бөшкелерде тасымалдайды. Барлық салонин түрлерін, сонымен қатар тұздалған тілдерді мықты бөлшектер түрінде тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет