Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Ет және ет өнімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ерекшелігі сапасын сақтай отыра, жылдам жеткізу керек. Ветеринарлық инспектор ветеринарлық сертификаттың дұрыс ресімделгенін, олардың берілген өнімге сәйкестігін тексереді, құжаттары дұрыс толтырылмаған жүк тасымалдауға жіберілмейді. Оларды жеткізу үшін арнайы тоңазытқышты көлік-машинамен суытылған және электрмен жылытылатын изотермиялық вагондар, сонымен қатар мұзды-тұзды суытылатын мұздақ вагондар, рефрижераторлы вагондар пайдаланылады. Рефрижераторлы вагондар мұздақ вагондарға қарағанда артықшылығы молырақ, онда 150С тен -180С дейінгі температуралық режимін ұстануға болады. Мұздатылған 30т дейінгі етті артып, түсіруге 3 сағаттан көп емес уақыт беріледі.
20-Кесте. Рефрижераторлы вагондарды тоңазытылған етпен тиеу нормасы
Қоңдылығы ортадан төменгі жануарлардан сойылған суытылған етке тасымалдау мерзімі 25% қысқартылады, оны үлкен жылдамдықпен жеткізуі шарт. Суытылған, тоңазытылған сиыр, шошқа, қой еттерін вагондарға ілмектерге іліп тасиды. Мұздатылған етті және субөнімдерді жазғы мерзімдерде тек рефрижераторлы вагондарда тасымалдайды. Тасымалдау барысында салмақ түсуі орын алады.
21-Кесте. Темір жол көлігімен тасымалдағанда өнімдердің табиғи салмақ түсу нормасы.
Ет пен өзге өнімдер тасымалдауға арналған изотермиялық вагондарда артар алдында техникалық және санитарлық сәйкестігі тексеріледі. Бөгде иісі бар вагондарды пайдалануға болмайды (балық, бояу, тыңайтқыштар т.б. иістері бар). Жөнелтерден 2-4 сағат бұрын мұздақ вагондарға мұз бен тұз салынуы керек (алдын-ала суынуы үшін). Жазда тасымалдағанда – мұздатылған етті мұз бен тұзға 4 сағат, ал суытылғанда 2 сағат бұрын салады.
Жолда мұздақ-вагондарды әрбір 24-48 сағат салып мұзбен толықтырады. Қыста вагондарды мұз, тұзбен қамтиды, сыртқы температурасы күндіз-100С төмен болғанда тоқтатады. Ет, ет өнімдерінің әр партиясын ветеринарлық инспектор қарау керек, ол бұлшық ет қабатындағы температурасын барлық орындардың кем дегенде 5% тексереді. Стандарт бойынша бұлшық ет қабатындағы температурасы еттің термиялық күйіне сәйкесуі керек. Қарау мен тасымалдауға ұсынылған өнімдер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
Мұздатылған ет. Жүк жiберушi мұздатылған еттердi тасымалдауға әкелгенде, олар мiндеттi түрде мынадай талаптарға сай болуы керек:
ірi қара мал және басқа да iрi малдардың ұшалары ұзын бойымен екiге немесе төрт бөлiкке бөлiнуi тиiс; шошқаның ұшалары ортасынан екiге немесе бассыз бүтiндей; қой етi немесе басқа да ұсақ малдардың етi тасымалдауға бассыз ұшалай көрсетiледi;
ұшаларда, жартылай бөлiнген, төртке бөлiнген еттерде, iшкi құрылыстың қалдықтары, қан, жалбыраған кiр ет, қар және мұз болмауы керек. Бөлiнбеген, екiге бөлiнген, төртке бөлiнген еттердiң үстi таза, қанталаған жерлер және т.б. болмауы керек;
тиеу кезiнде iш қабатында температурасы - 8°С-тан жоғары болмауы керек.
Мұздатылған еттер орамсыз тасымалданатын болса, алдын-ала еденге және қабырғаға торлар салып үйiлiп артылады да, орталарын қағаз салып тормен вагонның қабырғасының арасынан суық ауа жүретiн тесiк қалдырады. Қатырылған ет бөлiктерi температурасы -8°Стан төмен болып, пергамент, пергамин, целлофан немесе басқа да жұмсақ пленкалармен оралып, картон контейнерге немесе картон қорапқа салынуы керек. Экспортқа тиелген еттер шекаралық-стансада қайта тиелген болса, қатырылған ет және оның бөлiктерiн жүк жiберушi мiндеттi түрде орамада еттiң температурасы 10°С-тан аспайтын болып, тасымалдауға әкелiнедi.
Мұздатылған ет кесектері. Температурасы -80С жоғары болмауы керек, пергаментке оралған және изотермиялы картон қораптарына салынған болуы керек. Көбінесе ет кесектерін экспортқа шығарады.
Суытылған ет. Бұлшық ет пен сұйек қабатында арту кезеңіндегі температурасы 0-ден 40С дейін, беткейі құрғақ, кепкен қабыршақты, зеңгі іздерінсіз, кілегейсіз болуы керек, бөлінуі мұздатылғандікіндей.
Шошқа етін кесектеп суытылған күйінде тасымалдауға болмайды. Суыған күйінде тек сиыр, қой, жылқы етін союдан кейінгі сақтау мерзімі 2 тәуліктен аспайтындай талаппен ғана тасымалдайды, бұл жайлы сертификат көрсетіледі.
Салқындатылған ет. Салқындатылған етті тиеу алдында еттiң iшкi қабатының температурасы 0°С - 4°С-тан аспай, еттiң үстi құрғақ және кепкен қатпары болып, көгермеген, жiбiмеген, кілегейсіз және қатқан болуы керек. Салқындатылған түрiнде шошқаның кесiлiмдерi тасымалдауға жiберiлмейдi. Салқындатылған түрде мұздатқышы жоқ, сойылғаннан соң сақталуы екi күннен аспаса, тек қана мал, қой, жылқы етiн ғана тасымалдауға болады. Салқындатылған ет тасымалдауға еттiң үстi кепкен қатпары болып, еттiң iшкi қабатында температура минус 4°С-тан 12°С-қа дейiн болуы керек.
Құс еті. Сойылған құстар тасымалдауға қораппен жiберiлуi керек: қатырылған түрiнде – тазаланған және жартылай тазаланған, ет қабатында температурасы -18°С-тан жоғары болмау керек; мұздатылған түрiнде – тазаланған еттiң iшкi қабатындағы температура минус 0°Стан 4°С-қа дейiн. Бүкiл жабайы құстар тазаланбай қатырылған түрде, орамда тасымалданады. Сойылған құстарда көгерген, сiлекей, ашыған иiс және еттiң бетi жiбiген болса, тасымалдауға жiберiлмейдi.
Ет қақтандылары. Температурасы 40С-қа жоғары емес күйінде, тесікті жәшіктерде және тағамдық қорытылған май құйылған бөшкелерде тасымалданады. Ысталған еттердiң температурасы -4°Стан жоғары, жақсы иiстi, құрғақ, таза, жалбыраған шашсыз, көгермеген түрінде тасымалданады. Ысталған еттер тесiктерi бар жәшiктерде, немесе бөшкеде үстiне тағамдық қорытылған май құйып тасымалдайды.
Шұжықтар. Шикi ысталған және жартылай ысталғанның шұжықтың сырты таза, сыртқы қабығы бұзылмаған болуы керек. Шикi ысталған шұжықтың тығыздығы қатты, жартылай ысталған шұжықтар – жұмсақ, толық болуы керек. Шұжықтың дымқылдылығы сапа куәлiгiнде немесе сертификатта көрсетiледi, оның дымқылдылығы белгiленген стандарттан жоғары болмауы керек. Жартылай ысталған шұжықтардың арту кезiндегi температурасы 4°С-тан жоғары болмауы керек.
Майлар. Тасымалдауға жататын шошқа майының түсi –
сарғаймаған, қараймаған және бөтен иiсi мен дәмi жоқ, түсі ақшыл қызғылт; тығыздығы – толық, жабысқақ емес; иiсi және дәмi – тұздалған немесе тұзды ысталған, басқа нәрселердiң иiсi және дәмi болмауы керек. Шошқа майы, беконы, шұжықтары орамда тасымалданады. Жануарлардан өндiрiлген қорытылған май (ірі қараның, қойдың, шошқаның, сүйектiң) ағаш бөшкелерде, қаңылтыр және шыны ыдыстарда, май шығармайтын қағазға оралып және жәшiкке салынып тасымалданады. Жануарлардан өндiрiлген тамақтық ерiтiлген май, тиеу кезiнде температурасы 4°С-тан жоғары болмауы керек.
Тұздақтар. Сиыр, қой тұздақтары және тұздалған тілдерді тасымалдау үшін тұздықтар құйылған бөшкелер қолданылады. Тұздау мерзімі 10 тәулікке толмаған тұздақтар тасымалдауға жіберілмейді. Тұздау мерзімі сапа туралы куәлікте көрсетілуі керек.
Кәсіптік өңдеуге жіберілген ет. Ет және ет өнімдерінің тасымалдау мерзімінің тағайындалғаны жайлы станса бастығы көліктегі мемветбақылау орындарын вагондарды тасымалдауға тартардың 1 тәулік бұрын хабардар етуі керек. Ет және ет өнімдерін ветеринарлық сертификатта меңзелген тасымалдауға және мекен жайындағы жүк қабылдаушы стансаларына жеткізілуі тиіс.
Жеткізілу стансасының және жүк қабылдаушы өзгеруі тек көліктегі мемветқадағалау келісімімен және егер жол жүру барысында, мекенжай өзгеруі орын алса көлік мемветқадағалау орындарына хабар етілуі керек. Ет пен ет өнімдерінің сапалығы туралы көзқарастар сәйкеспеуі және тасымалдауға тыйым салу туралы туындалатын барлық жағдайда, ветеринарлық инспектор тиісті түрде акт ресімдеу керек.
Жол жүру барысында ет пен ет өнімдері сапасын сақтау үшін оларды дұрыс артудың үлкен мәні бар, оны көліктегі мемветқадағалау мамандары қатаң бақылаулары керек.
Тыс-қорапсыз тасымалданатын, мұздатылған етті тығыз қабаттап алдын ала едендегі торлы төсенімдер салып, іргеге картондар салып артады, суық ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін торлар мен ірге арасында саңылаулар қалдырылады. Мұздатылған етті, субөнімдерімен қоса тасымалдау кезінде мұзға арналған үңгілі қабырғалары бар мұздақ вагондарда оларды оған жақын орналастырады. Суытылған және суыған етті вагондарға ілмектерге бір-біріне жанаспайтындай етіп іледі.
Сиыр жартыұшаларын оң бөліктері вагон есігінен бір жаққа, сол бөліктері бір жаққа қарайтындай етіп іледі, ал ішкі жақтары вагонның ені бойына қарайтындай болуы керек, сиыр еті төрттіктері мен қой ұшаларын 2 қабаттап іледі, екіншісін біріншісіне жіппен іледі. Жарты ұша мен көлемді төрттіктерді шахмат тәртібінде іледі.
Суыған етті жазды күндері жеке нұсқамалар бойынша, қысты күндері сыртқы температурасы 00С төмен жағдайда тасымалдайды. Қазіргі уақытта суытылған етті тасымалдау тәжірибесі қалыптасқан ол үшін рефрижератор вагондарды ұша мен жартыұша араларына ағаш жұқатақтайлары мен арнайы қатпар қабаты салынады, осы кезде келесі талаптар ұстануы тиіс: суытылған бұлшық ет қабаттарындағы температура 00С жоғары және -20С төмен болмауы керек. Рефрижератор іші температурасы -2-30С, осы әдіспен 9-10 тонна суытылған ет тасымалдау мүмкін (ал ілмектерге ілгенде әрі кеткенде 6-
7 тонна). Бір вагонда мұздатылған және суытылған ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады.
Пайымдай келгенде, ет пен ет өнімдерін темір жол арқылы тасымалдаған кездегі негізгі мақсат арту кезіндегі температурасы, түсіру кезіндегідей болуы керек. Жету орнына келген соң вагондар жылдамырақ босатылуы тиіс. Мемветқадағалау вагондар келерден 1 тәулік бұрын хабар алуы керек. Түсіру кезінде ветмамандары жүк жағдайының, ветсертификаттағы деректерге сәйкестігін анықтайды. Егер жүктер бүліну белгілерімен немесе сапасы төмендеп жетсе, темір жол коммерциялық акт толтырады да, темір жол немесе жүк жөнелтуші күшімен сараптау жасайды. Бұл үшін тауарлы сараптамашылар, ветеринарлық-санитарлық қадағалау сарапшылары және қызығушылық тудырмайтын бөгде ұйым өкілдері шақырылады.
Сараптау 24 сағат ішінде өткізіледі, коммерциялық акт негізінде толтырылған сараптама актіне мұздақ вагонда өнімдерді тасымалдау туралы деректер, ал рефрижераторлы вагондарда тасымалданғанда, температура журналы көшірмесі тіркеледі. Сараптау коммисиясы актіде бүлінудің нақты себебі мен дәрежесін, бұзылған жүк салмағын, шығын көлемін көрсетуі керек. Егер бүліну жүк жөнелту стансасындағы ветсан ережелер бұзылуына орай туындалса, вет дәрігері ветсан ереже бұзылғаны туралы акт толтырады да, көліктегі вет қызмет бастығына тапсырады.
Тауарлы балық пен балық өнімдерін тасымалдау. Тауарлы балық пен балық өнімдеріне ветеринарлық куәлік жазылмайды, ал сапа туралы куәлік толтырылады, онда стандарттық талаптарға сәйкестігі, қораптау, тыстау мерзімі көрсетіледі.
Темір жол арқылы балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, суық түрде қақталған, кептірілген, салқындатылған және тірі тауарлы түрінде тасымалданады.
Мұздатылған балықты -60С -80С тасымалдайды. Мұздатылған балықты тек қораптарда тасымалдайды, ал ыстық ысталған балықты тасымалдауға болмайды.
Сурет-18. Мұздатылған балықты тасымалдау
Суытылған балықты ағаш жәшіктерінде немесе құрғақ бөшкелерде тасымалдайды, олардың түбіне таза ұсақ етіп үгітілген мұз төселінеді. Жәшік пен бөшке түбіне еріген мұз ағуы үшін тесіктер жасалады. Суытылған балықтың омыртқа тұсына дейінгі бұлшық ет қатпаршығы,температурасы -1 ден 50С дейінгі шамада болуы керек, сапа туралы куәлікте белгілер қойылады.
Балықтардың трихонидиаз, хилоденеллез, дактилогироз А,Б және гидродактилозбен зақымдалғаны анықталса, балықтарды вагонға артар алдында паразиттерге қарсы өндеуден, тұздаудан, аммиакпен өндеу өткізіледі. Егер өндеуден соң балықтар артылмаса, тасымалдауға тыйым салынады.