Қасым Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз"поэмасын талдыңыз.
Қасым шығармашылығы қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шяққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастырып өз өлеңдерінде халық жанына тəн ерлік,батырлық,жомарттылық сезімді терең көорсетті.Оның батыл ойлы,сыршыл поэзиясының бұрынғысынша əсерлі бе тартымды болып келе жатқаны да сондықтан."Ақын өлімі туралы аныз"поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес,бүкіл қазақ поэзиясының үздік жетістігі болып табылады бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтың майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарынды үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой,отаншыл,қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп,оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырын паналап ұрыс жүргізеді. Жау:"Беріл!Кінəнді кешіреміз" деп хабарлайды,бірақ Абдолла берілмей,соғыса береді,ақыры немістер үйді өрттейді. Əдетте,отқа адам шыдамай қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай үймен бірге өрттеніп кеткенінше қарсылық көрсетумен болады . Поэма Абдолла өмірінің соңғы кезеңін суреттеумен болады. Ақын образдары жау қоршауында,от ортасында қалған батырдың бір сəттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған толғаныс арқылы да толыға түседі.
Бұл екінің бірі айта алмайтын жер,екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп жалынға Абдолла бейнесінен шилікпейтін қайсар мінез танылады. Ол əсер жауын мазақтсп,өлім қойнына өлеңдете кірді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып,оның өлімін романтикалық анызға айналдырады. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды.Бұл трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ жұрт назарын назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғаш пікір айтқан біздің жерлесіміз Ғабит Мүсірепов "Қасым ақын,жанының бар толғауын,кек күшін,сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар жан сезіммен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін , жүрегін тербей шыққан.Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты"-деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |