Жұбан Молдағалиевтің "Мен - қазақпын" поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - "Мен - Қазақпын" поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы жырлайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Ал осы қазақ халқының өткен өмірі мен тағдырын ақын қалай көрсете алды?
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген - деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы - оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерін суреттейді. Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық құндылығын сақтап қалғаның мақтана асқақтата жырына қосады.
Жұбан о замандағы қазақ халқының батырлығы мен қайсарлығын жырласа, бұ замандағы қазақ халқының біріншіден имансыз болып бара жатқандығын, екіншіден өз ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сыйламайтындығын, "ескінің көзі" деп қарайтындығы туралы және қазіргі таңдағы маңызды мәселелермен қоғамдағы келеңсіз жайттар туралы ой толғар еді.
Жұбан Молдағалиев өмір шыңдығынын әр саласына терең үңіле отырып, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттеп қана қоймай, халықтың өмірдегі тыныс - тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетті. "Мен - Қазақпын" поэмасы оқырмандарды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш-қуатты жырға қосып, құласа да қайта тұрып, өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан дауысымен қуана, шаттана жеткізді. Жұбан Молдағалиев біздің барша оқырмандарымыздың жадында,зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат. Қазақта ақын көп, бірақ Жұбан жалғыз.! (284)