Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз «Алаш идеясы»–қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екендігін білеміз. Өйткені Алаш-халқымызды бесігінде тербетіп, есейтіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш ардақтылары қазақ халқына қалай әсер етті? Олар өз шығармаларында қандай мәселелерді көтерді? Бір қарағанда бұл қарапайым сұрақтар сияқты, ал кейбіреулер үшін ойлануға да тұрмайтын сұрақтар болуы мүмкін. Кейбіреулер Алаш зиялылары қазақ халқына қалай әсер етті деп ойлайды, ал тағы біреулері сол кезде көп қиындықты көрген Алаш ардақтыларының қолынан осындай күрделі мәселені шешу келген бе деп есептейді. Бірақ бұл мәселенің мәні тереңде жатқан сияқты. Біз көтеріп отырған мәселе барлық замандарда өзекті болып келеді және ол біздің әрқайсымызға да қатысты болуы мүмкін. Неге? Менің ойымша, біз бұл сұрақтың жауабын XX ғасырдың көрнекті ақындарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан таба алғандаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тақырыптарының көбі халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер етіп, дін, тіл, жер мәселесіне арналған.
Жоғарыда айтып кеткендей, автор өз шығармаларында көтеріп отырған бұл мәселелер біздің заманымыз үшін де өте маңызды мәселе болып отыр. Мысалы, «Қырық мысал», «Маса» еңбектерінің негізгі идеялық қазығы –жұртшылықты оқуға, өнерге-білімге, рухани көтерілуге шақыру болса, ол бүгінгі күні де ең өзекті мәселе болып табылады.Ақынның көзқарасы шығармаларында ашық көрсетілмегенімен, шығарма логикасынан ақынның санасы оянбаған
халықты жарқын болашаққа жетелеген деген ойға алып келеді. Осы мәселеге қатысты автордың көзқарасын жақтаймын. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы өз шығармаларында XX ғасырдың басты мәселелерін қозғаған.
Арада қанша уақыт өтсе де, бұл мәселе ғаламторда, газет-журнал беттерінде әлі де айтылып жүр. Мысалы, Қайрат Сақтың қазақтың жер мәселесі туралы жазылған»Алаш мұрасы» атты кітабы бұған дәлел.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқып шыққанда, оның шын ұлт жанашыры екенін түсіндім. Сондай-ақ, бұл бүгінгі күні аса маңызды мәселе екеніне көз жеткіздім. Яғни, біз осы ақындарымыздың арқасында көптеген жетістіктерге жеттік.