Шекаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум мен «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық жобасы аясында,қаланың қонақтары мен тұрғындары қатысқан,жастар делегациясы үшін танысу кеші ұйымдастырылды.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ директоры К.Н.Буднецкий және Алтай өлкесі делегациясының экспедиция басқарушысы С.И. Малыхин кездесуге жиналғандар алдында сәлемдесу сөздерін сөйледі.
Аудандық Мәдениет үйінің әртістері және Ресей делегациясының өкілі Майзенгельтор Виктор қонақтар алдында музыкалдық сәлемдесумен шықты.Танысу кешін жастар дискотекасы жалғастырды.