Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *


Меркенің  шығыс  жағынан  шыққан  қара  жол  түстікке  қарай 
ойыстап,  Пішпекке  бұралаңдап  жөнелді.  Осы  ұлы  қара  жол 
қалалар  мен  қалаларды,  ел  мен  елді  жалғастырып,  адамзат 
баласын  шашыратпай,  шашау  шығармай,  дәнекерлеп  тұрған 
қара белдік сияқты еді. Бірақ бұл қара жолдың бойымен кімдер 
өтпейді,  нелер  жетпейді?
Қазіргі мына қиқы-жиқы қам қыш үйлерден тұратын шағын 
ғана селеннің орнында баяғы заманда Мерке деген шаһар болған. 
Төрткүл  базарының  орны  сол  бір  кездегі  іріліктің  жұрнағы. 
Еуропадан,  Кіші  Азиядан,  Үндістаннан  Ресейден  Алтайға, 
Қытайға,  Моңғолстанға  қарай  сапар  шеккен  жиһанкездер, 
саудагерлер,  қолбасшылар,  оқымыстылар,  тіпті  дуаналар  да 
ертеде  осы  жолмен  өткен.  Ал  шығыстан  шыққан  жолаушылар 
осы  қара  сызық  арқылы  Меркеге  бір  дамылдап,  одан  Құлан, 
Талас,  Саудакент,  Құмкент,  Шымкент,  Түркістан  асып,  алыс 
елдерге  сапар  шеккен.
Патшаның  жазалаушы  отрядтары  да  осы  жолмен  Меркеге 
жетіп,  зеңбіректерінің  аузын  үңірейте  келді.
Соңғы  бір  он-он  бес  жылдың  көлемінде  қара  жол  бойына 
қарағай бағандары қадалып, қала мен қаланың арасын сым темір 
жалғастырып  болды.  Желді  күні  ботасы  өлген  інгендей  болар-
болмас боздап тұратын осы сым темірді жергілікті халық көпке 
дейін жатырқап жүрген. Тек өрістен қайтқан сиырлар жатсынбай, 
қарағай бағанға мойындарын қасып алады. Қыркүйек шағында 
қара қарғалар сол сым темірге тізіле қонып алып боздауық үннен 
бір сыр тыңдап, ұзақ сонар алдында түпсіз терең ойға кеткендей, 
қалшиып көп отырды.
Күннің батысынан шығысына созылған сол сым темірде бұл 
жолы балапан ұшырған қарлығаштар отырған. Оңтүстікке, жылы 
жаққа  шығатын  қатерлі  сапар  алдында  балапандарына  ертек 
айтып, алдандырып отырған тәрізді. «Сендер осы жерде өстіңдер, 
шық суларын іштіңдер. Енді ер жеттіңдер. Қанаттарың қатайды, 
енді  сол  қанат  талғанша  ұшатын  алыс  жол  бар  алдымызда. 
Көп кешікпей мұнда суық түседі. Біз өмірі қар жаумайтын, аяз 
болмайтын, жылы жаққа кетеміз. Ал келер көктемде осы Алатау 
бауырына  қайта  ораламыз.  Алатаудың  көктемі  тамаша.  Саз 


балшығынан ұя салсаң тастай қатып қалады. Келер жылы сендер 
де ұя салып, өз алдарыңа үй боласыңдар».
Ересек қарлығаштар өз балапандарына осылайша бейбіт әңгіме 
айтып отырғанда кенет қиқулаған атты адамдар келіп, бағандарға 
қыл арқан тастап, топ-тобымен жабылып қу қарағайларды құлата 
бастады.
Бұл  тосын  әрекеттен  үріккен  қарлығаштар  аспанға  дүр 
көтеріліп, әуеде қиқы-жиқы ұшып, адамдардың бұл ісіне биіктен 
көз салып, таңырқағандай, таңдайларын тақылдата шу-шу етеді.
Айқайлап,  атойлаған  аттылар  өлі  бағандармен  емес,  жанды 
жаумен айқасып жатқандай, осы бір іске құлшына кірісіп кетті де, 
бір-екі бағанды құлатып, сымды үзсе жеткілікті екені естерінен 
шығып  кеткендей,  қарағай  біткенді  жағалай  жыға  берді.  Топ-
топқа бөлінген сарбаздар үшін мұның өзі бір бәйге тіккен жарыс 
ойынындай  бәсекеге  айналып,  қай  топ  көп  жығар  екен  деген 
мақсат болып кетті.
Әсіресе жүзбасы Шәкі қатты елірді, жарықтық. Ер жетіп, енді 
«бір шүберек бас, ақ жаулық» алып берейін деп жүрген баласын 
болыс  тізімге  іліндірген  соң,  өзі  де,  баласы  Дүрмен  де  Ақкөз 
қолына қосылып, Ақкөздің жарлығымен Шәкі жүзбасы болған. 
Бұрын  біртоға,  тұйықтау  жүретін  осы  шағын  шаруа,  айқасқа 
алғаш кіріп, қанның исі мұрнына келгенде, ақ перісі қысқандай, 
қырғын  соғыста  дес  бермей,  есі  кете  шайқасты.  Енді  сол 
қарқыннан әлі қайтпағандай, шаршау, шалдығу дегенді білмей, 
ат үстінен әлі бір түскен жоқ.
Сөйтіп, 
айқай-сүреңмен 
жүргенде, 
Шәкінің 
аты 
шиыршықталып  жатқан  сымға  шырмалып,  сүрініп  кетті.  Шәкі 
әлдекімді  әкесінен  бір  боқтады  да,  ер  үстінен  еңкейіп,  үзілген 
сымның ұшын тауып алып, суы қатты темірді білегіне күштеп 
жатып  орап  алып,  жіңішке  сымды  көкпар  құсатып  тақымына 
басты  да:
– Осы бізге бәле тілеген байғыз сияқты боздауық сенсің ғой, 
ә? Әкеңнің... мен саған жазаңды берейін! – деп, атына қамшыны 
басып  кеп  қалды.  Жыланша  шиыршықталып  жатқан  сым,  ат 
ұзаған  сайын  сусылдап  созыла  берді  де,  бір  кезде  тырсылдап 
барып,  Шәкінің  білегінен  шығып-ақ  кеткені  ғой.


Шәкі  атының  тізгінін  тартып,  шегіншектеп  артына  қарап 
бұрыла  бергенде,  әуеде  суылдап  жарқ  ете  қалған  сымды  көзі 
шалып еді, лезде әлгі сымның өз мойнына оқ жыланша сарт етіп 
орала  кеткенін  сезді...
Сарт  еткен  дыбыстан  шошынған  ат  оқыс  қарғып  кеткенде 
үстіндегі  адам  жерге  ұшып  түсті.  Сарбаздар  шауып  келіп, 
жүзбасының тамағынан сым темірдің шырмауын босатып алған 
кезде,
Шәкінің мойны былқ-сылқ етіп қалған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет