Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет40/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Шәкінің  ебедейсіз  өлімі  шабуылшылардың  асқынған 
масаңдығын  лезде  пәс  қылғандай  болды.  Жарқырап  жанған 
шырағданның білтесін біреу баса қойғандай, көтеріңкі көңілдер 
қоңырайып, ажал иісі тағы да бір бұрқ етіп, әркім өз жазмышын 
оқи  алмай,  ойға  шомды.  Кейбіреулер:
«Ой, бауырымдап» азандата бастап еді, Шәкінің түкіс баласы 
Дүрмен:
–  Жә,  болды!  Өшір  үніңді,  жаугершілік  кезінде  кісі  өліміне 
өтірік  жылап,  түкірікпен  көз  шылап  не  керек!  Соғыста  біреу 
құласа,  оның  қасына  опыр-топыр  жиналмаңдар  деп  ескерткен 
жоқ па Тұрар сендерге! – деп елді жасқап тастады. Мұндай дәндігі 
үшін  Дүрменді  мынандай  қаза  үстінде  айыптауға  ешкімнің 
батылы  бармады  да,  күңкіл-күбірге  көшті.
– Осы сым темірге тиіспей-ақ қою керек еді.
– Тілсіз сым сөйлегені тегін дейсің бе? Мұның киесі бар. Бекер 
ұрындық. Әттесі-ай!
– Мұны құлатпай-ақ өртеу керек еді.
–  Болары  –  болды.  Бояуы  –  сіңді.  Ажал  сені  мен  маған 
ақылдасып келмейді. Кәне, марқұмның иманын салауат қылып, 
жүзін  жасыралық.
Дүрмен бұл әңгімеге араласпай, әкесінің атының тізгінін ердің 
қасына  кегжите  байлады.  Көп  болып,  жабылып,  Шәкіні  найза 
керегеге  ұзынынан  салып,  Мерке  түбінде  тұрған  негізгі  қолға 
қарай қаралы топ қозғала берді. Тер сасыған аттар аяң жүріске 
түскен  соң,  ашығып,  шөл  қысқаны  естеріне  түскендей,  қайта-


қайта  пысқырынып,  мойындары  салбырап,  жылқы  баласының 
өзінше бір терең ойына шомғандай, ілбіп бара жатты.
Аспараның  Алатауы  күрсініп  салғандай,  аңғардан  аңқылдап 
жел  соқты.  Жол  жағасында  гүлі  түсіп  қурай  бастаған  атқұлақ 
пен  сиырқұйрық,  шоңайна,  шырыш  сол  желмен  ырғатылып, 
ызыңдап жоқтау айтып тұрған сияқты. Жылға бойындағы биік 
қамыстың бопақ үкілі бастары иіліп, қияқтарынан сыбызғы үні 
естілгендей  болады.  Батпақты  көлшіктің  жағасынан  бақалар 
шуылдап,  жабайы  қарала  қаз  қаңқылдайды.
Терістіктегі ылди жазықтың үсті шаңытып даладан көтерілген 
тозаңды батар күннің сәулесі шалып, Мерке атырабын қызғылтым 
шымылдық тұтып алғандай болды.
Қабақтары қарс жабылып, қастарының ортасынан тіке сызық 
түскен  жауынгерлер  біреуі  ақ  қалпағын,  біреуі  жарғақ  бөркін 
маңдайларына  түсіре  киіп  түнеріп  алған.
Жайраған  жаудай  жапырылып  жатқан  қарағай  бағандар  әлі 
өлмегендей  сымдары  гуілдейді.  Мына  сарбаздар  баған  қирату 
ісіне кешігіп кіріскенін қазір сезбей келеді. Жазалаушы отрядтың 
командирі  Аркадий  Приходько  әу  баста-ақ  Әулие-Ата  уезінің 
бастығы  Кастальский  мырзамен  сөйлесіп  үлгірген.  Телеграф 
сымдары  сол  сөйлесуден  кейін  барып  үзілген.
Көп кешікпей топалаң қырғын боларын жүз басысыз қалған 
жігіттер дәл осы шақ ойламап еді.
* * *


Тамыздың  түнгі  аспаны  –  түндігі  шұрқ  тесік  киіз  үйдің 
шаңырағындай екен. Тұрар көпке дейін көз іле алмай, аспандағы 
жыбырлаған  жұлдыздарға  қарап  жатты.  Оң  жақ  қанаттан 
үрпиісіп  Үркер  дірілдейді.  Бір  орыннан  қозғалмай  Темірқазық 
қалтырайды.  Темірқазықтан  алыстай  алмай,  айналшықтап 
Жетіқарақшы  жылжып  бара  жатқан  сияқты.  Аспандағы  тілсіз 
тілеулестер.  Тоқым  төсеніп,  ер  жастанып,  бел  шешпей  жатқан 
жауынгерлерге  жұлдыздардың  жаны  ашитын  тәрізді-ау,  бірақ 
тым  алыста  болған  соң  жәрдемі  жоқ.
– Неге ұйықтамай жатырсың, Тұрар? – деді Ақкөз шалқасынан 
жатқан  қалпы  қозғалмай.  –  Төсек  жайсыз  ба?  Әлде  жыланнан 
қорқасың  ба?  Аттың  тері  шыққан  жерге  жылан  жоламайды, 
қорықпай  ұйықтай  бер.
– Қорқып жатқан жоқпын, Ақа. Диірменде туған тышқанның 
баласы дүрсіліңнен қорқушы ма еді. Баяғыда түрмеде көкеммен 
бірге  тас  еденге  де  жатып  едім  ғой.  Қандаласы  көп  болушы 
еді.  Оны  қойшы,  атжалманын  айтсаңшы...  Жыланнан  Ахат 
атам  жаман  қорқушы  еді.  Біз  жыланды  тірідей  ұстап  алып 
атамды қорқытатынбыз. Жарықтық. «Жәкетайлап» жалынатын. 
Қарттығына  қарамай,  балаша  қарғып  қашатын.  Біз  сонысын 
қызық  көретінбіз.
–  Иә,  Тұрар,  ұйықта,  балам.  Көз  шырымын  ал.  Алда  бізді 
не  күтіп  тұр,  бір  Аллаға  аян.  Әлденіп  алғанымыз  дұрыс-дүр. 
Иә, құдай қуат бер, біз сияқты бейбаққа... – Қарт қор ете түсіп, 
ұйықтап  кетті.  Тұрар  ояу.  Түнгі  аспанда  –  ертедегі  адамдар 
ертедегі  әріппен  жазып  кеткен  кітап  сияқты.  Оны  оқу  қиын. 
Оқыған  адам  –  Тәңірінің  өзімен  бетпе-бет  сөйлесе  алар  еді. 
Жәудіреген сансыз жұлдыз. Тұрар оның ішінде Жетіқарақшыны, 
Құс  жолын,  Үркерді,  Темірқазықты,  Ақбозатты  таныды.  Әр 
адамның  жұлдызы  болады  дейді.  Өз  жұлдызы  қайсысы  екенін 
Тұрар  біле  алмады.  Ол  қашан  ағып  түседі.  Кейде  жұлдыздар 
әлемді  жарқырату  үшін,  қараңғылықты  ысырып  өзін-өзі  өртеп 
жіберетін көрінеді. Мына жатқан Ақкөз, мына Тұрардың өзі де 
сол жұлдыздармен тағдырлас тәрізді. Жақсылық үшін жалаңаш 
барып жауға тиіп, өздерін осы таңда оққа байламақшы... Қилы-
қилы ойлармен Тұрардың кірпіктері айқаса бастап еді... Өң мен 


түстің арасында Тұрар аулақтағы Мықан бойының иірім тұсынан 
көлбақаның үрейлі үнін, мәжнүн талға ұя салған зорғалдақтың 
жылауық  нәзік  дауысын  естіп  жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет