Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет48/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, елге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
(Рысқұл әні)
«Оян, Тұрар!»
Менің аласапыран өмірімнің тұтқасы, мені адам етіп caқтап 
жүрген арманымның алыстағы шырағданы – ұлым Тұрар! Мен 
Алматы түрмесінің қақпасынан аттап, сенен айрылып қалғалы 
бері  он  жылдан  асып  барады  екен.  Осы  он  жылда  қанша  ай, 
қанша  күн,  қанша  сағат  бар  –  менің  өмірімнің  барлығы  сені 
ойлаумен, сені аңсаумен өтіп кетті. Жоқ, бауырым Тұрар! Бұл 
он  жыл  ғана  емес  шығар.  Күні  –  айға,  айы  –  жылға  бергісіз 
тұтac бір дәуір. Діндарлар күнде құдайға бес мезгіл құлшылық 
етіп, намаз оқиды. Ал менің тәңірім, табынатын, сыйынатын 
құдіретім – сен болды
ң.
Он жыл бойы мені жегідей жеп, күндіз-түні мазалаған бір 
уайым - сені бір көру еді. Сол мақсатпен талай рет каторгадан 
қашуға  әрекет  жасадым.  Жандарм  мені  ұстап  алған  сайын 
өлімші етіп ұрып-соғып, талай рет зынданға тастады. Бірақ 
итжанды  екенмін,  атасына  нәлет!  Талайлар  мұндай  тозақы 
азапқа  шыдай  алмай  жантәсілім  етті.  Менің  жанымның 
сірілігі  –  сенің  құдіретің  шығар,  Тұрар.  Егер  сендей  ұлым 
болмаса, ол жер басып тipi жүрмесе, мен, сірә, мұнша соққыға 
шыдай  алмай  сүйегім  Тайганың  суық,  топырағын  тыңайтып, 
бір  қарағайдың  түбінде  әлдеқашан  жатар  едім.  Бетпақтың 
даласында  ай  қараңғыда  адасқан  адамның  алыстан  жылт 
еткен  отқа  қарай  ұмтылғаны  сияқты,  менің  жаным  ылғи  да 
саған қарай талпынумен талай жыл артта қалды. Сені маған 
берген  тағдырға  мың  да  бір  рақмет!  Тағдыр  деген  төбеттің 
маған көрсетпегені жоқ. Бірақ сені менің ұлым етіп жаратқаны 
үшін  сол  төбетке  бәрін  кештім,  атасына  нәлет!


Он  жыл  бойғы  арман  мен  тілектен  адамға  Алла  тағала 
қанат бітірер еді. Маған да сол қанат біткен-ақ шығар. Талай 
рет  ұшуға  талпындым,  бірақ  жерден  көтеріле  алмадым. 
Шымшықтың өз қанаты өз салмағын ғана көтеруге әлі жетеді. 
Егерде сол шымшықтың аяғына тас байлап қойсаң, ұша алмас 
еді. Менің салмағымды ауырлатып жіберген баяғы қу кісен ғой. 
Әйтпесе...  ұшар  едім-ау,  Тұрар  бауырым!
Ақырымен  кісенді  болат  егеумен  қырқып,  бесінші  рет 
каторгадан  қаштым.  Біз  үшеу  едік.  Бір-біріміздің  кісенімізді 
егеп,  сындырып,  қарғыс  таңбасы  алтынымен  апталған,  асты 
алтын,  үсті  үскірік  Бодойбодан  қашып  шықтық.  Қайран 
Бодойбо... Мен сансыз азап пен арманға бөккен тозақ мекенім. 
Қанша қаһар соққан қатыбас болсаң да мен саған риза. Алтын 
аралас топырағың мені тартып кетпегеніне ризамын. Он жыл 
бойы  сенің  құрсағыңнан  мен  қазып  шығарған  алтыннан  сарай 
соқса  да  болар  еді.  Бірақ  қазір  қалтамда  бір  түйір  де  алтын 
жоқ. Сенің алтыныңа бола төгілген қанның бәрін жинаса теңіз 
болар  еді.  Бірақ  мен  ойлаймын,  адам  қаны  жерге  тектен-тек 
сіңіп кете бермес. Адам қаны екені рас болса, топырақтан тулап 
көтерілер  де,  қызыл  жалау  болып  алаулап  кетер.
«Во глубине сибирских руд
Храните гордое терпенье», –
деп  пайғамбар  Пушкин  текке  айтпаған  шығар.  Сол  ұзақ 
сабырдың шегі жақындаған шығар. Менің кісенімді сындырған 
орыс  Александр  соны  айтады.  Ол  да  Алматы  түрмесіндегі 
Александр  сияқты  Лениннің  үмбеті.  Есіңде  ме,  Тұрар,  мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет