Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет47/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Қабылбек  өзінің  ұстазының  қартайғанын  байқады.  Сақал-
шашы бақбақтың басындай үлпілдеп, бұрынғыдан бетер аппақ 
қудай болып кетіпті. Қабылбекті көргеннен сүріне-қабына қарсы 
жүріп, шәкіртін бауырына басып құшақтады да, оған әйнектің ар 
жағынан жасаураған көзін қадап:
– Сойқанның ішінде сен де болдың ба, Қабылбек? – деді.
– Жоқ, Иван Владимирович, көтеріліс басталардың алдында 
мені  пошта  бастық  Долгопятов  Пішпек  пен  Верныйға  жұмсап 
жіберген. Верныйдан қайтып Пішпекке келгенде, «жол қауіпті, 
бүлік  шығып  жатыр»,  –  деп  бізді  жүргізбей  қойды.  Содан  тек 
кеше ғана оралдым. Меркеге жақындағанда көрген сұмдығымды, 
Иван  Владимирович,  ауызбен  айтып  жеткізе  алмаймын.  Баған 
сайын  асылған  бас,  атылған  адам.  Жол  бойы  қан  сасиды. 
Түнімен шошып, ұйықтай алмай шықтым. Бұл не сұмдық Иван 
Владимирович?!
– Тарихта талай геноцид болған, бауырым. Бұл соның жаңа 
түрі. Жиырмасыншы ғасырда жетілген түрі. Бірақ адам қаны – 
су  емес.  Ол  тегін  кетпес.  Патшаның  тағы  сықырлай  бастады. 
Соғыстағы  жағдай  анау.  Миллиондаған  адам  қырылып  жатыр. 
Бір  жақсылықтың  толғағы  жеткен  сияқты.  Ал  мына  Меркедегі 
көтеріліс  сол  жақсылықты  жақындата  түседі.  Сен  көрген 
марқұмдар  сол  жақсылық  үшін  құрбан  болғандар.  Жасыма, 
бауырым.  Сәтін  берсе  –  төңкеріс  жақын.
–  Иван  Владимирович,  менің  сізге  асығып  келген  себебім 
басқа: жаңа мен конвоймен пристав кеңсесіне кіргізілген Тұрарды 
көрдім. Оны да жазалайтын қауіп бар. Сірә, сұраққа алып жатыр. 


Қалай  құтқарамыз?  Не  амал  бар,  ағатай?  Шынымен  айрылып 
қаламыз ба Тұрардан?!
Қабылбектің көзіне жас үйірілгенін көріп, ұстаз оны арқасынан 
қағып, жұбатқан болды.
– Келген бетте неге айтпайсың? Апырай, асығайық та! Егер 
бүгін  түнге  дейін  аман  болатын  болса,  сірә  құтқарудың  сәті 
түсер.  Түрме  қарауылдарының  ішінде  менің  таныстарым  бар. 
Рас, олар бүгін түнде қарауылда тұра ма, тұрмай ма, білмеймін. 
Үміт  етейік.  Ал  сен  тез  жігіттерді  жина.  Сезіктеніп  қалмасын, 
абайлаңдар.  Шоғырланбаңдар.  Тұрдалы  Тоқбаев,  Мақсұт 
Жылысбаев, Садуақас Жамансартов, Төребек Исабеков... Осылар 
сенімді.  Тез  хабарлас.  Питерден  маған  ештеңе  түскен  жоқ  па?
Ештеңе көре алмадым, Иван Владимирович.
– Иә, қазір поштаның кетуі де қиындады ғой. Жарайды, тез 
жөнел.  Мен  де  кетемін  қазір.
Қарт  ұстаз  Қабылбек  үйден  шығып  кеткенше,  терезе  жаққа 
барып,  көше  жақты  бақылап  тұрды.
«Бұл  да  қармаққа  ілініп  қалмағай!»  –  деп  тіледі  ішінен. 
Қабылбек  те  Тұрар  сияқты  мұның  қолында  оқып  жүріп-ақ 
кеңceгe орналасқан. Мерке пошта бастығының көмекшісі. Талай 
жылдан  бері  Иван  Владимирович  «Коваль»  деген  фамилиямен 
Петербургтен жасырын кітаптар алады. Егер поштада Қабылбек 
Сармолдаев  істемесе,  орталықпен  байланысу  мүмкін  емес  еді. 
Меркедегі  социал-демократтардың  шағын  үйірмесінде  осы 
Қабылбек те бар. Өзге шәкірттерден Тұрдалы, Мақсұт, Садуақас... 
Төребек.  Бұлардың  ішінде  Тұрдалы  мен  Төребек  қырғыз 
балалары,  Мақсұт  пен  Садуақас  осы  меркеліктер.  Төребекті 
алдыңғы  күні  көрген.  Оның  айтуынша,  көтеріліске  Тұрардың 
әкесі Рысқұл да қатысқан дейді. Көтерілісшілердің ішінде оны 
көргендер  бар  дейді.
Иван Владимирович мұнтаздай киініп, қолына таяғын ұстап, 
Меркенің  орталығына  қарай  аяңдады.  Селоның  адамдары 
үйлерінен  шықпай,  бұғып  отырған  сияқты.  Жым-жырт.  Тек 
орталыққа  жақындағанда  қалың  топ  көрінді.
– Тараңдар! Тараңдар! – деп айқайлаған дауысты естіп, қарт 
мұғалім асыға түсті. Жұртты кимелеп, әрең дегенде алға ұмтыла 


бергенде,  пристав  кеңсесінен  шығып  келе  жатқан  тұтқынды 
көрді. Сол екенін білсе де, танымай қалды. Тұтқынның бет-аузын 
қан жауып кетіпті. Жан-жағы қаптаған мылтықты айдауыл болса 
да, тұтқынның аяқ-қолына кісен салыныпты.
– «Иә, – деді қарт ұстаз ішінен. – Герцен айтқан герой осы. 
«Аяқ-қолы  кісендеулі  болса  да,  басын  биік  көтеріп  жүру  үшін 
адамда асқан тәкаппар сезім болса керек. Мынаны әбден қинаған 
ғой. Қанша қалжыраса да, аяғын нық басуға тырысады. Басын 
жоғары ұстауын қарашы! Менің шәкіртім, бауырым  - Тұрар!».
Кісеннің  үні  қаттырақ  шығып,  қанға  бөккен  халықтың 
құлағына жетсін дегендей аяғын жерге нық-нық шекіп басады. 
Әлгінде сұрақ үстінде оған ротмистр айтты: – «Каторжник әкең 
қашып кетіпті. Жандармерия бүкіл ресейлік розыск жариялады. 
Әкең  сындырған  кісенді  енді  сен  татасың!»  –  деді.  Қуанғанын 
білдірместен  сонда  Тұрар  қолындағы  кісенді  сүйді.  Ол  әкесін 
сүйгені еді. Өйткені он жыл бойы әкесін бұғаулаған кісен қанша 
суық болса да, оның он екі мүшесінің бір бөлігіндей болып кетті 
той.  Оны  ротмистр  түсінбестен:
– Ә, бәлем, көптен сағынған досыңды сүйіп тұрсың ба? – деді.
–  Дұрыс  айтасың,  Аркаша,  –  деді  Тұрар  тілі  сөйлеуге  әрең 
келіп,  күрмеліп.
Ол қаптаған топты қақ жарып келе жатып, қалт тоқтай жаздап, 
қайтадан жүріп кетті. Қарт ұстазын көріп қалып еді, бірақ оған 
айдауылдардың  назарын  аударғысы  келмеді.  Ұстазы  болар-
болмас бас игенін байқады.
Иван  Владимирович  айдауылдардың  ішінен  үйірме  мүшесі 
чех  Иржи  Волчекті  көріп  қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет